Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау

Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган-дармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері, бюд-жет құралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар көрсет-кіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген көрсеткіштер және республика мен ай-мақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған көрсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітіл-геннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыс-тарының лимитін есептеіенде келесілер қолдалынылады:

• ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығьюдар-дың жалпы сомасы (бюджеттік субвенциялар мен алымдар-ды қоса);

• бекітілген натуралды нормалар;

• тиісті қаржы жылдағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар көлемі;

• орташа мерзімді фискалды саясатта анықталған бюджет шығыстарының өсуі немесе төмендеуі:

• ағымдағы қаржы жылда аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламалар (оларды алып тастау).

Даму бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиті бағ-дарламалар әкімшіліктері арасында бөлігібей анықталады және оның көлемі бюджеттің барлық шығыстарының жалпы болжамдық көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойы анықталған бюджет шығыстар лимитінің жалпы көлемі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.

Үкімет тағайындаған мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкім-шіліктері бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджет-тік өтініш (заявка) ұсынады. Бюджеттік өтініш - ол бюджеттік бағдарламаларды дәлелдеу мен оларды қаржыландыру сомасын анықтау үшін қажетті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі жыл сайын жасап ұсынатын құжаттар жиынтығы. Бюджеттік өтініштерді құрудың негізгі мақсаты - ол бағдарламаны орындау нәтижесі мен қажетті ресурстар жөніндегі сандық және қаржылық ақпарат базасы арқылы болжамдық мезімге бюджеттік бағдарламалар тавдау және олардың нәтижелігі мен тиімділігін бағалау.

Бюджеттік өтініш аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуы-ның орташа мерзімді жоспары, тиісті мерзімдегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде құрылады. Оның мәліметтері бағдарлама жөнінде нақты және толық ақпараттарды көрсетуі тиіс. Бұл өтінішті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін бекітіл-ген шығыстар лимиті мөлшері мен тиісті бюджеттік комиссия анықтаған тиісті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізімі мен көлемі негіздерінде құрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі тек қана бір бюджеттік өтініш құрады.

Бюджеттік өтініш келесі бөлімдерден түрады:

• бюджеттік бағдарламалар тізімі және шығындар сомасы;

• әрбір бюджеттік бағдарламаға түсіндірме хат;

• бюджеттік өтінішке кірген әрбір бюджеттік бағдарламаның паспортының жобасы.

Бюджеттік өтініш бағдарламаларды қаржыландыру жоспары мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру үшін негіз бо-лып табылады.