Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау

Республикалық бюджет кірістерінің көлемінде үкіметтік займ-дардан, ерте берілген несиелерді өтеуден және республикалық меншіктегі қаржы активтерді сатудан түскен түсімдер есептеледі.

Осындай түсімдер, бірақ тиісті коммуналдық меншіктегі активтер және жергілікті бюджеттерден берілген несиелер, жергілікті бюд-жеттерде де есептеледі.

Бюджеттен берілген «несиелер өтеу» категориясы маңында бюджеттік несиелер бойынша мемлекеттік шаруашылық субъек-тілерінен түсетін ақшалай құралдар жиынтығы есептеледі. Бюд-жеттік несиелер республикалық және облыс бюджеттерінен тө-менгі бюджеттерге бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мен қаржы жылы бойы кассалық алшақтықты өтеу үшін берілуі мүмкін.

Ерте берілген несиелерді өтеу бюджет түсімдері көздерінің бірі ретінде саналады. Бұл арада етеу дегеніміз ерте берілген не-сиелер бойынша негізгі борыш сомасын немесе үкіметтік және жергілікті атқарушы органдардың борыштар сомаларын қайтару. Осы сомалар несиелер берілген бюджеттердің кірістер көлемінде есептеледі. Негізгі борышты қайтару тәртібі несиелік келісімшарт ережелеріне сәйкес іске асырылады.

Займдар бойынша мемлекеттік кепіл бюджеті атқару жө-ніндегі орталық уәкілеггі орган мен займ беруші арасында келісімшарт формада немесе кепілдік міндеттеме формада бекітілген келісімді хаттау мен тіркегеннен кейін беріледі. Бұл құжатта республикалық бюджеттен бағытталған және мемле-кеттік кепіл женіндегі Үкіметтің міндеттерін атқаруға қажетті құралдарды қайтару жөніндегі міндеттемелерді атқаруды қам-тамасыз етуді растайтын мәліметтер көрсетіледі. Мемлекеттік кепіл займ берушінің талабы бойынша өтеу мерзімі күнінен кейін тиісті қаржы жылына республикалық бюджет жөніндегі Заңда қарастырылған құралдар көлемінде атқарылады, егерде мемле-кет кепіліндегі займды займалушы өтемесе. Мемлекеттік кепіл жөніндегі міндеттемелерді атқаруға республикалық бюджеттен бөлінген құралдарды қайтару келісімде тағайындалған мерзім-де және Бюджет кодексінде белгіленген сыйақы мөлшерлеме бойынша іске асырылады.

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

13-тақырып Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі

1. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері

2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау

3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары

Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен бай-ланысты. Шығыстар нақты піығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекет-тік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып та-былады. Шығыстар жүйесін құру-құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жүмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құрадцардың қайтып оралмас принципі негізівде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, овда нәтижелік инвести-циялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджепік құралдарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принци-пі - ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.

Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше фактор-лармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекет-тік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында түрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет ко-дексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюд-жетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты ке-лесі екі топқа бөлуге болады:

• өндірістік қорларды үлғайту мен өндірістің үздіксіз про-цесін қамтамасыз ету үшін;

• қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мүқтаждықта-рын қанағаттандыру үшін.

Бірінші топқа - мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржы-ландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа — әлеу-метті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағыттал-ған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің түтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғүрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-экономикалық ахуалына байланысты.

Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерек-шеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалынтастырғанда келесі не-гізгі факторларды есептеу қажет: ♦

• басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;

• мекемелердің бағынушылығы;

• мекемелердің іс-әрекет шекарасы;

• шығыстарды тиісті бюджетке апару.

Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойын-ша қаржыландыру үшін қалыптасады:

• жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

• қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

• құқықтық, соттық, құкық қоғау қызметтері;

• білім беру;

• денсаулық сақтау;

• әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

• мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;

• тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

• ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ор-таны корғау және жер қатынастары;

• өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;

• көлік және коммуникация;

• басқа да бағыттар.

Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойын-ша да қалаптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалып-тастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жер-гілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті түрғындардың әлеуметті-экономикалық мұқтаждықтарын қам-тамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база бо-лып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары түрған бюджет-терден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.

Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті ау-мақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекеттін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.