Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

12-тақырып Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді болжау

  1. Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау

2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді бол-жамдау осы төлемдерді төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтер-ді және жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді болжам-дау үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланады.

Мүлік сатудан түсетін түсімдерді болжамдау олардың бір-неше жылғы түсімдері келесі жылғы түтынушылық бағалардың индексіне түзетілген көлемінің негізінде іске асырылады. Бұл болжамдаудың ерекшелігі - ол мемлекеттік мекемелер бойы бе-кітілген негізгі капиталды қаржыландыру көздеріне байланыс-ты бөлу. Мысалы, республикалық бюджетке осы бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің мемлекеттік мүлігін сатудан түсетін түсімдер сомасы болжамдалады, ал облыс бюджетіне — об-лыс бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің мүлігін са-тудан түсетін түсімдер. Республикалық маңызьі бар қала, астана, аудан және облыстың маңызы бар қалалар бюджеттеріне негізгі

капитал сатудан түсетін түсімдер болжамщ тиісті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерінің мемлекеттік мүлігі мен жер учаскелерін сатудан алынатын ақшадан есептеледі.

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжам-даумен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің кірістерінде ресми трансферттердің болжамдық сомалары көрсетіледі. Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет пен облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі әрбір жылға белінген үшжылдық мерзімге абсолюттік сомамен республикалық бюджет жөніндегі Заңмен, ал облыс пен аудан араларындағы ресми трансферттер көлемі облыс маслихаттары шешімдерімен тағайындалады.

Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерінің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге бюд-жеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюд-жеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша беледі.

Аудан бюджеттерінің түсімдер көлемінде облыс бюджетінен бөлінген ресми трансферттер есептеледі, ал облыс бюджетіне рес-ми трансферттер төмен түрған бюджеттерден де, республикалық бюджеттен де түседі. Республикалық бюджет түсімдерінің көле-мінде төменгі бюджеттер мен ¥лттық қордан түсетін ресми транс-ферттер есептеледі.