Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау

Ішкі немесе жанама салықтар - ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке са-лынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет алупіылар табылады, себебі сондай тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы (ҚҚС) мен акциздер жатады.

ҚҚС түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі енімнің (ЖІӨ) болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Есеп ке-лесі формула арқылы жасалады:

ҚҚСж = ЖІӨж * Со /100%, мұнда ҚҚСж - ҚҚС болжамдық сомасы; ЖІӨж - ЖЮ болжамдық көлемі және

Со = ҚҚСе / ЖІӨе * 100%, мұнда

Со — алымның орташа пайызы;

ҚҚСе - есепті жылғы ҚҚС сомасы;

ЖІӨе - есепті жылғы ЖІӨ көлемі.

Екінші варианттың есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС со-малары жөніндегі мәліметтер пайдаланады. Болжамдап отырған ҚҚС түсімдерінің сомасы әрбір ірі салық төлеушілер бойынша ке-лесі формула арқылы есептеледі:

ҚҚСж = ҚҚСе * 16 /100% * Іө /100%, мұнда

ҚҚСж - ҚҚС болжамдық сомасы;

ҚҚСе - есепті жылғы ҚҚС күтілетін сомасы;

16 - жоспарлы жылдағы түлынушылық бағалардың өсуі;

Іө - жоспарлы жылдағы өндірістің өсуі.

Республика аумағында импортталған тауарлар бойынша ҚҚС болжамы келесі жылға жобалап отырған импорт көлемінің негізін-де жасалады және келесі формула арқылы есептеледі: ҚҚСи = Иж * Со /100%, мұнда

ҚҚСи - импортталған тауарлар бойынша ҚҚС болжамдық со-масы;

Иж - жоспарлап отырған жылдағы импорт көлемі;

Со - есепті жыл бойы импортталған тауарларға ҚҚС орташа мөлшерлемесі, ал ол мынадай формуламен есептеледі: Со = ҚҚСе / Ие * 100%, мұнда

ҚҚСе - есепті жылғы импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомасы;

Ие - есепті жылғы импорт көлемі.

Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойын-ша акциздерді болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндіріс көлемі жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Аж = Өк * Са, мұнда

Аж — жоспарлап отырған жылға акциз сомасы; Өк — акцизделетін өнімнің өндіріс немесе өткізу келемі; Са - акциз мөлшерлемесі.

Ал импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциз түсімдерінің болжамы былай есептеледі:

Аи = Иж * К, мұнда Аи - болжамдық акциз сомасы; Иж — импорттың болжамдық көлемі; К - акциз алу коэффициенті: К = Ае / Ие, мұнда Ае — есепті жылғы акциз сомасы; Ие — есепті жылғы импорт көлемі.

Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау

Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика аумағында ағымдағы мерзімде сыртқы сауда айналысының атқарылуы, өнімдердің экспорты мен им-портталынған тауарлардың салық салынатын кедендік құны жөніндегі кеден оргавдарының мәлімеітері және әрекеттегі ке-дендік баждар қолданады. Сонымен қоса, салық және кеден заңнамаларындағы езгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.

Шеттен әкелетін тауарлар бойынша кеден баждарының бол-жамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Кб = К * Ик, мұнда

Кб — кеден баждарының болжамдық сомасы; К - алу коэффициенті (өткен мерзім бойынша есептелген ке-дендік төлемнің импорт көлеміне қатынасы); Ик — болжамдық импорт келемі.

Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының тү-сімдерін болжамдау маңында салық салынатын база ретінде респуб-лика немесе аймақтың орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарында қарастырыпған экспорт көлемі алынады. Сонда осыңдай болжамдық түсімдер сомасы келесідей анықталады:

Кб = К * Эк, мұнда

Кб - кеден баждарының болжамдық сомасы;

К - алу коэффициенті (өткен мерзім бойынша есептелген ке-дендік телемнің экспорт көлеміне қатынасы);

Эк - болжамдық экспорт көлемі.

Кедендік бақылау мен кедендік процедураларды іске асы-ру бойынша түсімдерді болжау салық салынатын база ретін-де республиканың орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының мәліметтері арқылы есептелген сыртқы сауда айналысының көлемі алынып, келесі формуламен болжамдық мөлшері анықталады:

Кбп = К * Ск, мұнда

Кбп — кедендік бақылау мен кедендік процедураларды іске асыру бойынша болжамдық түсімдер сомасы;

К - алу коэффициенті (өткен жыл мәліметтері арқылы есеп-телген осы түсімдер мөлшерінің сыртқы сауда айналысының келеміне қатынасы);

Ск - сыртқы сауда айналысының көлемі.

Роялти бойынша болжамдық түсімдерді есептеу үшін келесі мәліметтер қажет:

• тиісті уәкілетті органдар үсынатын пайдалы қазбалардың өндіріп алынатын болжамдык көлемі;

• пайдалы қазбалардың орташа сату бағасы;

• жер қойнауын пайдалану жөніндегі өзара шарттарда анықталған роялти мөлшерлемелері.

Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара шарттар не-гізінде іске асырылады. Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі езара шарттар негізінде жасалады.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі орны-на өзара шартта тағайындалған өнімдер бөлу бойынша ҚР үлес мелшерлемесі пайдаланады. Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау есепті жында әрбір өзара шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған таза табыс сомасына байланысты.

I 11 ьК Салық емес түсімдерді болжау

Бюджет кірістері салық түсімдерімен қатар салық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Олардың көбі қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы есептелмейді және тұрақты фискалды си-патта емес. Сондықтан, басқа түсімдерге қарағанда, салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы деңгейде болжамдалады. Сондай болжамдау не-гізі болып салық емес түсімдердің төлеуін реттейтін норматив-ті-құқықты актілер табылады. Салық емес түсімдерді болжамдау маңында олардың бірнеше жыл бойы динамика мәліметтері және болжамды жылға есептелген тұтынушылық бағалардың индексі мен теңге курсының өзгерісі пайдаланады.

Мысалы, бюджетке мемлекеттік баж түсімдерінің сомасын болжамдауы олардың өткен жылдардағы түсімдер динамикасы анықталып, ағымдағы жылғы түсімдері бағаланып, келесі жылдағы шамаланған өзгерістерге коррекциялану арқылы жүргізіледі.

Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтер атқару үшін түсетін кірістердің болжамдық сомалары да олардың динамикасын тал-дау мен келесі жылдағы салық салынатын базаның шамаланған өзгерістеріне түзетілгея ағымдағы жылғы түсімдер көлемінің негізінде есептеледі. Мұндай кірістерге мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы, төлем көзінен салық салынбайтын басқа табыстар жатады. Мүліктік табыс жылжымайтын мүлікті, құнды қағаздарды, қымбат бағалы тастар, металлдар мен олард ан жасалған бұйымдарды, өнер туындылары мен антиквариаттарды сату құны мен оларды сатып алу құндарының арасындағы оң айырма арқылы қалыптасады. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы Салық кодексі ережелеріне сәйкес жалпы жылдық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады. Жеке нотариустар мен адвокаттардың табысы нотариаттық және адвокаттық қызметтерді атқарудан алынған табыстардың барлық түрлерін қосу арқылы қалыптасады және сол алынған табыс сомасының айсайынғы 10 пайызы жеке табыс салығы ретінде анықталады.