Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Әдебиеттер:

1. ҚР Бюджет кодексі

2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы.

3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.

4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

9-тақырып Бюджетке түсетін кіріс түсімдерін жоспарлау негіздері

10 –тақырып Салықтық түсімдерді болжау

  1. Салық түсімдерін болжау. Салықтүсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы

2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау

3. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау

Корпорациялық табыс салығының болжауы бірнеше есеп-теу нүсқаларымен анықталады. Бірінші нүсқа бойынша есеп-тік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен бол-жамдау мерзіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шегерімдер көлемінің езгерістері де есептеледі, яғни есепті мерзім бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіңе коррекцияланады. Сондай-ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.

Бірінші вариант бойынша корпорациялық табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Тб = Де * Іа/100% * 16/100% * Сор., мұнда

Тб — корпорациялық табыс салығының болжамы;

Де - есепті жылғы салық салынған табыс көлемі;

Іа - ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;

16 - жоспарлаушы жылға түтынушылық бағалар индексі;

Сор. - есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.

9-3/70А

Екінші вариант бойынша әрбір ай^іақгағы ірі салық тө-леушілер бойы корпорациялық табыс салығының есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жыл-дық артық-ауыс нәтижесі және алым-салық қалдықтары сома-лар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеу-де күтілетін түсімдерден тұрақты сипатта емес және өндірістік іс-әрекетпен байланысы жоқ біржолғы төлемдер алынады да салықтың күтілетін сомасы жоспарлап отырған тұтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы анықталады:

Тб = Со * 16/100% * Ік/100% * Сор, мұнда Тб - корпорациялық табыс салығының болжамдық сомасы; Со — ағымдағы жылғы салықтың күтілетін сомасы; 16 - жоспарлап отырған түтынушылық бағалар индексі; Ік - жоспарлап отырған өндіріс келемінің индексі. Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарынан түсетін салықтарды болжамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл бойы түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзім-дегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады.

Шикізат секторы ұйымдары бойы заңды тұлғалардан түсетін корпорациялық табыс салығының болжамы сол ұйымдар тізіміне кірітін әрбір салық төлеушілер бойынша бөлек есептеу арқылы анықталады. Олардың есептеу формулалары келесілер:

1. Тө = (Оіө * Біө) + (Оэ * Бэ) + (Отмд * Бтмд) * Кт, мұнда Тө - өнім сатудан табыс, мың теңге; Оіө — ішкі нарықтағы өнім көлемі, мың тонна; Оэ — экспортқа сататын өнім көлемі, мың тонна; Отмд - ТМД елдеріне сататын өнім көлемі, мың тонна; Біө - ішкі нарықтағы енімнің сату бағасы, долл. 1 тонна; Бэ - экспортқа сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна; Бтмд -ТМД елдеріне сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна;

Кт - АҚШ долларына қатынасты теңгенің курсы.

2. Ст = (Тнс + Тбс) - Ш, мұнда Ст - салық салынатын табыс;

Тнс - негізгі сатудан түскен табыс; Тбс - басқа да сатудан түскен табыс; Ш — шегерімдер.

3. КТС = Ст * 30%/100%, мұнда КТС - корпорациялық табыс салығы; Ст - салық салынатын табыс;

30% - корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі.

Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарына тапсырылатын салық декл арацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салы-натын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пай-далана отырып, аймақтар бойынша еткен жыл мен есепті жылда қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:

Оа = Сж / То * 100%, мұнда

Оа - салық алудың орташа пайызы;

Сж — есепті жылдағы төлем көзінен салынатын жеке табыс со-масы;

То - есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген сомасы.

Содан кейін, осы пайыз бен табыс сомасының негізінде ағымдағы жылдағы түсетін салықтардың сомасы анықталады. Де-мек, төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Сж = Тк * I /100% * Оа /100%, мұнда

Сж - төлем көзінен салынатын табыс салығының болжамы;

Тк — ағымдағы жылда салық салынатын табыстың күтілетін сомасы;

I - жоспарлап отырған жылдағы түтынушылық бағалардың индексі;

Оа — салық алудың орташа пайызы.

Осы әдіспен есептеуде күтіліп отырған түсімдер сомасынан тұрақты сипатта емес біржолғы төлемдерді алып тастау қажет.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс со-масы мен салықтық шегерімдер сомасына азайтылған төлем ; көзінен салық салынбайтын табыс сомасына орташа мөлшерлемші қолданылады. Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы анықталады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығы сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Сжт = Тк * I /100% * Ос /100%, мұнда

Сжт — төлем көзінен салынбайтын жеке тыбыс салығының болжамдық сомасы;

Тк - ағымдағы жылда күтілетін салық салынатын табыс со-масы;

I - жоспарлап отырған жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі;

Ос — салықтың орташа мөлшерлемесі.

Біржолғы талон бойынша қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығын болжамдау үшін аймақ аумағында осындай тәртіппен іс-әрекет атқаратын жеке тұлғалардың саны жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері мен жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген біржолғы талондардың құны пайдаланады.

Занды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке түл-ғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құннан салық салынбайтын объектілер күны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен ма-териалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салынатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, Салық кодексінде бекітілген салық мөлшерлемесі негізінде келесі формуламен есептеледі:

См = (Қнқ * К /100%) * Сс / 100%, мұнда

АХ жз\?*)ХЛ.іул* лл\щл\.ьи.і /пллліар.иау л\щ?ги* иил/лаіҮідау ▼ х_>_>

См - мүлік салығының болжамдық сомасы;

Қнқ - салық салынатын негізгі құралдар мен материалды емес активтердің орташажылдық құны;

К - болашақ қайта бағалау коэффициенті;

Сс - салық мөлшерлемесі.

Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында және кәсіпкерлік іс-әрекетте пайдаланбай-тын мүлігінің күны жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады. Уәкілеггі орган салық салынатын мүлік құнын анықтау үшін түрғын үй-жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффициенттері мен бекітілген мелшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекеттегі заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктер де есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады:

См = Қнқ * Сс /100%, мұнда

См - мүлік салығының болжамдық сомасы;

Қнқ - әрбір жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша уәкілетті орган тағайындайтын салық салынатын мүлік құны;

Сс - салық мөлшерлемесі.

Көлік құралдары салығының болжамы көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк кетергіштігі мен отыратын орындарына байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есеп-теледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың келік құралдары саны алынады. Автокөлік құралдарының әрбір түрі мен тобы бойынша салық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Ск = Кс * АЕК * Сс * К /100%, мұнда

Ск - көлік күралдары салығының болжамдық сомасы; АЕК - жоспарлап отырған жылға айлық есептік көрсеткіш; Сс - салық мөлшерлемесі; К - пайдалану мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.

Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жыл-дың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың есептелген сомасы негізінде аймақ бойынша осы салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:

Со = Ән / Тн * 100%, мұнда

Со — салықтың орташа мөлшерлемесі;

Ән - әлеуметтік салықтың есепті жылда түскен нақты сома-сы;

Тн - есепті жылдағы салық салынатын табыс көлемі.

Осыңан кейін, салың төлеушілердің салық салынатын табыстарының өсуі мен орташа мөлшерлеме мөлшерін пайда-ланып, ағымдағы жылда түсетін әлеуметтік салықтың көлемі анықталады. Содан кейін, осы мәліметтер негізінде әлеуметтік салықтың болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі: Әж = Та * 16 /100% * Со /100%, мұнда

Әж - әлеуметтік салықтың болжамдық сомасы; Та - ағымдағы жыл бойынша салық салынатын табыстың со-масы;

16 - жоспарлы жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі;

Со — әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі.

Жер салығын болжамдау үшін келесі ақпарат қолданылады:

• уәкілетті органдардың категориялар бойынша жер колемі жөніндегі мәліметтері;

• бонитет балдары арқылы сапа мен түрлерге дифференция-ланған топырақ бойынша базалық салық мөлшерлемелері;

• салық органдары ұсынған декларациялар мәліметтері. Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей оты-

рын, жер салығының болжамдық сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Жж = Аж * Со * К, мұнда

Жж — жер салығының болжамдық сомасы; Аж - жер учаскесінің алқабы;

Со - әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшер-леме;

К - заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.

Жер салығын жоспарлау келесі категориялар бойынша іске асырылады - а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.

Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мә-ліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемеяі пайдалану арқылы есеп-теледі.

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы болжамдық сомасы уәкілетті органдардың орман шаруашынығы бойынша дайындаған мәліметтері негізінде келесі формула арқылы есептеледі:

Та = Ок * Со, мұнда

Та - орман пайдаланғаны үшін болжамдық төлемақы сомасы;

Ок - ағаш дайындау мен басқа да орман пайдалану түрлерінің көлемі;

Со — бекітілген орташа мөлшерлеме.

Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкіметтағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:

Тс=Сп*С, мұнда

Тс - су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының бол-жамдық сомасы;

Сп - алынған, пайдаланған су көлемі;

С - төлемақы мөлшерлемесі.

Салық түсімдері контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:

• бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағым-дағы салық түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қор-тындап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға үсынады;

• бюджеттік жоспарлау жөніндегі ррталық уәкілетті ор-ган елдің орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізін-де салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап, олар-ды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға жеткізеді;

• бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару женіндегі жер-гілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.

Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесін-де әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюд-жет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген респуб-ликалық бюджет жөніндегі Заңның баптарына сәйкес болуы тиіс.