
- •«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
- •3. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні
- •3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау қуралы ретіндегі ролі мен мэні
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экоиомикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының қурылымы
- •2. Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығындар құрылымының ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы және аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі
- •Әдебиеттер:
- •Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және қурамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Бюджетаралық қатынастарды реттеуді мемлекеттік басқару түсінігі және құрылымы
- •2. Бюджетаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттік басқару органдарының сипаттамасы
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет түсімдері және олардың көздері
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мэні
- •3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •Әдебиеттер:
- •Салық түсімдерін болжау. Салықтүсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •3. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау
- •2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау
- •Әдебиеттер:
- •Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •2. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •2. Бюджет шығыстарыныц лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар экімшіліктерінің бюджеттік отініш қңзуы және оларды қарау
- •3. Бюджет шығыстарын қайта қурылымындаудың негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Заңнама органдар мен қаржылық және фискалдық қызметті устауға байланысты бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •2. Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
- •3. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жәие оларды пайдалауын бақылау
- •Әдебиеттер:
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •3. Мемлекеттік сот жүйесін реформалау және әскери реформанын негізгі бағыттары
- •Әдебиеттер:
- •2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
- •3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
- •4. Мемлекет қызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жүмыскерлершіц еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы толеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және қаржыландыру
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •2. Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жэрдем көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жумыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •Көмекке арналған бюджет шығыстары
- •2. Қазақстан Республикасының азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
- •3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
- •4. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
- •Әдебиеттер:
- •1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •2. Тұрғын үй құрылысы және оның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •1. Ақпарат кеңістігі, спорт, туризм, мәдениет салаларындағы шаралар қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •2. Осы аумақтағы мекемелер іс-эрекетін ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •1. Өнеркәсіп, қурылыс және жер қойнауын пайдалануға арналғаи шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •2 Аумақтағы инвестициялық жобалар мен оларды бюджет арқылы қаржыландыру механизмдері
- •Әдебиеттер:
- •1. Көлік және коммуникацияның дамуын қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •Әдебиеттер:
- •1. Ауыл шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру және осы аймақты қаржыландырудағы бюджеттің рөлі
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстарды қалыптастыру
- •Әдебиеттер:
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •2. Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары
- •Әдебиеттер:
- •1. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері. Бюджеттің профициті және оны пайдалану бағыттары
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •2. Қарыз алу саясаты мен механизмі. Үкіметтің борышы мен жергілікті атқарушы органдардың борыштарына сипаттама және оларды өтеуге арналған шығыстар
- •3. Мемлекеттік борышты басқару және мемлекеттің қунды қағаздар нарығындағы саясаты
- •Әдебиеттер:
- •1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы
1-тақырып Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
1. Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше арналымы.
2. Бюджеттің сипаттама белгілері. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары
3. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
4. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
Кіріспе
"Мемлекеттік бюджет" курсы мемлекеттік бюджетті экономикалық категория ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет колданылатын және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады.
Мемлекеттегі каржылық-экономикалық реттеу әдістері мен нысандарының өзгеруі мемлекеттік жоне аумақтық қаржылар мәселесін егжей-тегжейлі және жан-жақты зсрттеуді қажет етеді.
Бұл курста әрі қарай ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады.
1. Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі үғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюд-жет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікгі бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині — мемлекет құрастыратын және басқаратын орталыктандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
2. Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен үлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. ¥лттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезенде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анық-талады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылык бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін керсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде керсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.