Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9- тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

Тіркелген активтердің құны ­ амортизаторлық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерімдерге жатқызылады. Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу, амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге жер, өнім беретін мал, мұражай құндылықтары, сәулет және өнер ескерткіштері, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер, аяқталмаған күрделі құрылыс, фильм қорына жататын нысандар, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар жатады.

Әрбір топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған нақты шығыстар сомасы, топтың салық кезеңінiң соңындағы құн балансының 15 – 25% шегінде шегеріледі.

Салық салынатын табысты түзету

Салық төлеушінің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың 2 % шегінде мынадай шығыстарды алып тастауға тиіс:

  1. әлеуметтік сала нысандарын ұстауға, салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары;

  2. коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік;

  3. жеке тұлғаларға берілген атаулы әлеуметтік көмек.

Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер, салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге шығарылған шығыс сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасынан 50 % мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.

Салық төлеушілер, салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейіннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.

Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдар – кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін, үш жылға дейінгі мерзімге, үшінші жылы қоса есептеліп, ауыстырылады.

Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге, жетінші жылы қоса есептеліп, ауыстырылады.

Корпорациялық табыс салығын төлеушінің жүргізілген түзетулері ескерілген, шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 %-дық ставка бойынша салық салуға жатады.

Жеке табыс салығы

2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке табыс салығын төлеушінің жыл ішіндегі салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуы тиіс:

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін;

Салық салынатын табыс сомасынан 5 %;

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін;

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 %;

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін;

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін;

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 %;

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 %;

600 еселенген және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан алынатын сомадан 20 %.

Дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 %-дық ставка бойынша салық салынады.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы 10 %.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]