
- •IX тарау кӘсіпорындарға салық салу
- •9.1. Жалпы ережелер, салық жүйесі мен түрлері
- •Салық жүйесі мен қызметі
- •9.2. Корпорациялық және жеке табыс салығы, жанама салықтар
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Жеке табыс салығы
- •Қосылған құн салығы
- •Акциздер
- •9.3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Бонустар
- •Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі мынадай
- •Экспортталатын шикі мұнайға салатын рента салығы
- •Үстеме пайда салығы
- •Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі
- •9.4. Басқа салық түрлері Әлеуметтік салық
- •Жер салығы
- •Көлік құралдары салығы
- •Мүлік салығы
К
әсіпорын
экономикасы
IX тарау кӘсіпорындарға салық салу
9.1. Жалпы ережелер, салық жүйесі мен түрлері
Салық жеке адамдар мен заңды ұйымдардың заң жолымен белгіленген салық мөлшерлемесіне (ставкасына) сәйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне төлейтін тіркелген аударым жарналары. Ол мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көздерін құрайды.
Салықтардың теориялық негізін оның элементтері құрастырады, олардың бастылары мыналар:
салық төлеуші – салық төлеуге тапсырған міндеттемелерді орындайтын жеке және заңды тұлғалар;
салық салу объектісі – белгілі бір салық өндіріп алынатын мүлік, мәміле немесе мүліктік құқық;
салық салу өлшемі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшемі. Мысалы, алаң жер салығының ауқымы болып табылады;
салықтың мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді, пайыз немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салықтың мөлшерлемелерінің түрлері мынадай:
тұрақты - салық салатын бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленеді (мысалы, бензинге акциздік мөлшерлемесі 500 теңге/т);
пропорционалды – салық салу объектісі біркелкі пайыздық қатынаспен әрекет жасайды (мысалы, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы);
прогрессивтік – табыс өскен сайын, мөлшерлеме шамасы артуды болжайды (мысалы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы).
Салықтар былай топтастырылады:
салық төлеу нысанына қарай:
а) жеке тұлғалардың төлейтін салықтары;
ә) заңды тұлғалардың төлейтін салықтары;
салық салу нысанына қарай:
а) мүлік салығы;
ә) жер салығы;
в) капиталға салынатын салық;
тұрпатына қарай:
а) тікелей – табыс пен мүлікке тікелей белгіленеді;
ә) жанама – тауар бағасын көбейтетін және тұтынушылар төлейтін акциздер, қосылған құн салығы.
Салық жүйесі мен қызметі
Салық қызметі – салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды қамтитын жүйе, сонымен қатар салықтар мен баж салықтары түрінде бюджетке түсетін міндетті төлемдердің, сондай-ақ, олардың құрылымы, нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: бүкіл территорияға бірыңғай мөлшерлеме бойынша алынатын жалпы мемлекеттік салықтар (қосылған құн салығы, корпорациялық табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифі және баж салығы, жеке табыс салығы, т.б.); жиыны тиісті жергілікті бюджеттерге аударылатын жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар.
Мемлекеттік салық салу мөлшерлемелері бір жағынан өндірісті дамытуға бөгет жасамау, екінші жағынан - мемлекеттік бюджетке қаражаттардың барынша көп түсуін қамтамасыз етуге мүдделі.
Салық салу қызметі:
қазыналық - бұл қызмет негізгі және барлық мемлекеттерге тән, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыруға байланысты;
экономикалық - табыстарды қалыптастыруда салықтар өндірісті барынша жоғары ынталандыруға, салық салу базасын дамыту мен салық төлеушілер санын көбейтуге бағытталған;
әлеуметтік - табысты қалыптастырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы керек.
Салықтардың түрлері:
Салық және басқа да міндетті төлемдердің сомалары "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Қазақстан Республикасында:
корпорациялық табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
әлеуметтік салық;
жер салығы;
көлік құралдары салығы;
мүлік салығы.
Алымдардың 13, төлемақылардың 9, мемлекеттік баж және кеден төлемдердің 4 түрін ажыратады.
Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындап, салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар – бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.