
10.8. Қаржы коэффициенттері
Қаржы коэффиценттері - кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен қаржы жағдайын, сондай-ақ оның активтерді басқару әдістерін жақсырақ түсінуге көмектеcетін талдау аспаптары.
Ең маңызды қаржы коэффициенттері - өтімділік (өтемпаздық), төлем қабілеттілігі, пайдалылық және активтерді басқару тиімділігі. Өтімділік - кәсіпорынның аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы, оның қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі жайында осы көрсеткіш бойынша пайымдайды. Осы көрсеткіш, кәсіпорынның міндеттемелерін, берешегін, пассивтерін мезгілінде өтеу үшін активтерінің ақшалай қаражатқа тез айналу мүмкіндігін көрсетеді.
Жалпы өтімділік коэффициенті мына қатынаспен анықталады:
Ақшалай айналым қаражаты
Кжө
=
(10.4)
Қысқа мерзімді міндеттемелері
Өтімділік коэффициент – өтімділігі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы арасалмақты көрсетеді. Өтеу коэффициенті - айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасына қатынас:
Барлық айналым қаражаты
Кө
= (10.5)
Қысқа мерзімді міндеттемелері
Неғұрлым өтімділік коэффициенті жоғары болса, солғұрлым кәсіпорынның төлем қабілеттілігі де жоғары болады. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның алдағы төлемдерді уақтылы толық төлеуіне, олардың түсуіне қарай өзінің міндеттемелерін орындауына мүмкіндік беретін қаржы жағдайы. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті мына формуламен анықталады:
Меншік капиталы
Кт
= * 100, %.
(10.6)
Жалпы міндеттемелері
Негізгі капитал мен меншікті капиталдың пайдалылығы пайда мен сәйкес капитал мөлшерінің қатынасымен анықталады.
Кәсіпорынның активі - негізгі құралдар мен бейматериалдық активтер, материалдық өндірістік қосалқы қорлар, ақшалай қаражат, қаржы жұмсалымдарын, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға қойылатын ақшалай талаптар түрінде мүліктік құқықтарының жиынтығы.
Активтерді пайдалану тиімділігін мына көрсеткіштер айқындайды:
а) жұмыс капиталының пайдалылығы (табыстылығы):
Пайда
Т
= * 100, %. (10.7)
Жұмыс капиталы
Егер жұмыс капиталының табыстылығы 78 %-ға тең болса, онда жұмыс капиталының әр 100 теңгенің 22 теңгесін пайдаланбайды дегеніміз. Сонымен, кәсіпорын өзінің коммерциялық қызметін күшейту керек;
ә) дайын өнім айналымының коэффициенті:
Өткізілген өнім өндіруге
жұмсалған тікелей шығындар
Ка
= , (10.8) Дайын өнім
б) дайын өнімнің айналым кезеңі:
n а =360 /Ка. (10.9)
Егер n а = 100 күнге тең болса, онда дайын өнімнің шартты бірлігі, жыл аяғындағы қоймадағы қорларына тең, 100 күн бойы сатылды.