
- •Пән: Экономикалық теория негіздері
- •Оқу процесін ұйымдастыру
- •Оқу процесін ақпараттық қамсыздандыру
- •Аудиториялық және сөж сабақтарын өткіузге талаптар
- •Студенттерге қойылатын талаптар
- •7. Сабақтардың тақырыптық жоспарлары: Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинарлы сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өздік жұмысын ( сөж) ұйымдастырудың жоспары
- •9. Негізгі және қосымша әдебиет
- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша студенттердің білім деңгейлерін бағалаудың рейтингілік, көп балдық әріптік
РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ университетІ»
қоғамдық-ізгілендіру пәндері,
психология мен педагогика кафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Пән: Экономикалық теория негіздері
Пәннің коды: ЕТN 1110
Мамандығы: (5В130200) «Стоматология
Оқу сағатының/кредиттің*көлемі 90 сағат
Курсы және оқу семестрі 1 курс; 1 семестр
Ақтөбе 20___
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қоғамдық-ізгілендіру пәндері, психология мен педагогика кафедрасында құрастырды. Экономикалық теория негіздері пәні бойынша БжҒМ 2005 ж. 30.03. № 200 бұйрығымен әл-Фараби атындағы ҚҰУ жалпы білім беру пәндері бойынша әзірлеп, ұсынған 2005ж. типтік оқу бағдарлмалары негізінде білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес № 6 ИХ бойынша жасақталды.
(Автор(лар): аға оқытушы Г.К. Алпамысова
_______ _______________20___ж. кафедра отырысында талқыланды
№____Хаттама
Кафедра жетекшісі _____________________ т.ғ.к., доцент Сүлейменов Б.С.
Оқытушылар туралы мәліметтер:
1. Алпамысова Гульмира Қазисқызы – аға оқытушы.
Ғылыми жұмыспен айналысады. Бекітілген диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Ұлттық экономиканы модернизациялау жағдайында денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін жетілдіру».
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс, кураторлық жұмыс атқарады.
Байланыс телефондары: 56-80-62; 57-14-07; 8-702-100-72-05
2.Мусашева Д.Қ. – оқытушы, қоғамдық кураторлық жұмыс атқарады.
Байланыс телефондары: 56-80-62; 50-22-90; 8 – 701-790-06-09
Байланыс мәліметтері: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі,68, бас ғимарат, 6 қабат,
тел: 56-80-62.
Пәннің саясаты - пәнді оқу процесінде студенттерге қойылатын талаптар. Төмендегі бөлімдерді қамтитын пәннің саясаты силлабуста көрсетіледі:
Оқу процесін ұйымдастыру
Оқу процесін ақпараттық қамтамасыздандыру
Аудиториялық және СӨЖ сабақтарын өткізуге талаптар
Студенттерге қойылатын талаптар
Оқу процесін ұйымдастыру
кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
оқу процесін өткізу формасын жетілдіреді;
Оқу бөлімі мен офис тіркеушісімен бірге оқу кестесін бейімдейді ;
Студенттерді барлық оқу-әдістемелік құжаттардың формаларымен қамтамасыздандыру;
Қызметкерлер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;
Қосымша білім алуға мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.
Оқу процесін ақпараттық қамсыздандыру
- силлабустар, жолсерік- анықтамалар, семинар , СӨЖ, ОСЖ сабақтарына
арналған әдістемелік нұсқаулар кафедрада және кітапханаларда электронды
тасымалдаушы құралына студенттер беріледі;
- сабақтардың кестесі, кеңестер беру және кафедраның қарауы бойынша
басқа да ақпараттар кафедраның ақпараттық көрінеді;
- студенттерді рейтингтік бағалары жөнінде уақытылы хабарлау.
Аудиториялық және сөж сабақтарын өткіузге талаптар
барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар методикалық нұсқаулықтармен қамсыздандырылуы қажет;
Студенттерге қойылатын талаптар
- семинар және дәріс сабақатарына қатысуға міндетті;
- киім үлгісі;
- еңбек тәртібін сақтау;
- оқу процесін ұйымдастыру туралы нұсқауға сәйкес айыптық санкциялар
- студенттердің ғылыми жұмыстарға, студенттік конференцияларына қатысқаны үшін кафедраның қарауына қарай қосымша бонустар
1. Кіріспе. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Білім беру деңгейін арттыру мен тәуелсіз Қазақстанның жаңа қатарының дүние танымдарын қалыптастыруда экономикалық теорияның орны ерекше. Экономикалық теорияны оқу табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы адамның орны мен ролін объективті және сауатты анықтауға, экономикалық процестер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік береді. Ол экономикалық процестердің ғылыми-техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлем мәдениетімен өзара байланысты зерттейді.
«Экономикалық теория негіздері» курсының типтік бағдарламасында оқытылуы міндетті тиіс экономикалық категориялар мен экономикалық заңдардың талаптары нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу құралдары, экономиканы мемлекеттік реттеудің рөлі мен орны, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қарқынды дамып жатқан әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика үлгісінің ерекшеліктері мен болашағы анықталған.
Пәннің зерттеу объектісі микро-, макро-, мегадеңгейлердегі нарық субъектілері арасындағы, мемлекет пен нарық субъектілері, мемлекет пен қоғам арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму заңдылықтары, Қазақстандағы әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика үлгісінің ерекшеліктері мен болашағы болып табылады.
Экономикалық теория негіздерін оқыту әдістеріне тарих пен логиканың біртұтастығы, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, ғылыми абстракция, математикалық моделдеу, экономикалық тәжірибе мен болжау жатады.
Экономикалық теория салалық, функционалдық және салааралық экономикалық ғылымдардың әдістемелік негізі болып табылады.
Берілген типтік бағдарлама «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша арнайы курстар (арнайы семинарлар) жасауда Жалпы теориялық және әдістемелік негіз болып табылады.
2. Пәннің мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттері студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтері туралы теориялық білім беру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда экономикалық дүние таным мен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық теория пәні жоғарғы оқу орындарының студенттерінің экономикалық біліктілігін арттырып, аралас нарықтық экономиканы жақсы оқып-түсінген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін мамандар дайындауға көмек береді.
3. Оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, «Экономикалық теория негіздері» курсының бағдарламасы алдымен қазіргі замаңғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларын қарастырған.
Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттер алатын білім, білік пен дағдының ең төмендегі деңгейі келесілерді қамтиды:
экономикалық мәселелер бойынша ғылыми мұрада жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу;
әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелей алу;
шектеулі ресурстар жағдайындағы нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдреін білу;
экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидаларын білу.
Пәнді оқыту барысында «Қазақстан -2030» стратегиясына қатысты мәселелер және экономикалық білімнің әлеуметттік-гуманитарлық астары да кеңінен қарастырылған.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері: Болашақ дәрігер экономикалық терминдерді түсініп, экономикалық ілімнің пайда болуын, даму тарихын біліп, макроэкономикалық теорияларды түсініп, кәсіпкерлік қызметтің мәнін, өндірісті басқару және менеджмент негіздерін түсініп-білу керек. Нарықтық экономиканың заңдарын, принциптерін түсініп, оларды күнделікті өмірде қолданып білу қажет. Мемлекеттің экономикалық саясатын, әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктерін түсіну керек.
5. Реквизитке дейінгі: «Экономикалық теория негіздерін» оқып білу келесі оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйенуі қажет: Философия, Әлеуметтану және Саясаттану, Құқық негіздері, Тарих және Мәдениеттану, География, Математика және т.б.
Реквизиттен кейінгі: «Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу барысында алған білім-дағдылар келесі пәндерді меңгеруге көмектеседі – Тарих, Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негіздері, Мәдениеттану, География, Экология, Психология және т.б.
6. Пәннің қысқаша мазмұны: Жалпы экономикалық теория осы ғылымның қалыптасу тарихына жасалатын шолумен тығыз байланыста қарастырылады. Экономикалық теорияның өткендегі және бүгінгі негіздерімен, сондай-ақ оның аса маңызды баптарымен де тікелей байланысты. Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелер сипатталады. Макроэкономикалық теориялар және экономикалық дамудың заңдылықтары қарастырылған. Кәсіпорынның сипаттамасы, өнідірісті басқару, шаруашылық субъектісінің нарықтық қызметі көрсетіледі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі нарық қатынастарының қалыптасуы, экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік нышандары баяндалады. Экономиканың халықаралық астары мен әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктері көрсетіледі.