Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_Ist_shpor_1sem.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
239.1 Кб
Скачать

49. Қ/да 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс.

Патшалық Ресейдің ХХ-ғасырдың басында Орта Азияның Шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілгі. Тек 1907-1912ж. империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2млн 400мың Адам келіп қоныстанды. әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін қорын жасап, 1916ж дейін олардың 45млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. 1914ж патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл 1-дүниежүзілік империялистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Дүниежүзілік империялистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Соғыс ауыртпалығы Қазақстанға жұмысшылармен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалармен ауылдарда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және өаналушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне өарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды. Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916ж. 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныстық жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті.

50. 1917 Ж. Ақпан револ. Патша құл. Кейінгі Қаз.Ғы саяси жағдай.

1917 жылдың басында Ресейдің төнкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империялистік соғысты азамат соғысына айнплдыру ұраны кенінен насихатталды. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс женіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуліктер тұтқынға алынады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияты да Қазақстанда да қос өкімет орнады. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төнкерісінің женіске жетуі өлкедегі еңбекшілердін саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Акмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар с»уір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Қазақстанда қазақ интилигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Бірак олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуліктері болғандықтан жергілікті қазақ хвлқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интилигенция өкілдері Ақпан төнкерісінен кейінгі қоғамдық саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша «Уақытша өкімет» жағына шығып кетті. Уақытша өкіметтін Қазақстандағы кулактарға, қазақтардың басшы топтарына , қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі зандар күшінде қалды. Большевиктік партияның қатарына Сейфуллин, Серікбаев, Рысқұлов, Арғыншиев және басқалары кірді. «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады.

51. Алаш үш жүз партияларының құрылуы. 1917ж. 21-26 –шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров, Шоқай, Тынышбаев, Досмұхамедов, Ғаббасов т.б кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы – Алашорда Үкіметі – ұлт кеңесі өқрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2. қазақ ұлт автономиясын ұүру; 3. халықтар арасында тең құқықтар орнату; 4. дінді мемлекеттен ажырату; 5. елдегі билік және сот туралы; 6. әскер және халықтық милиция құру; 7. халықтың табысына қарай салық жасау; 8. жұмысшылар туралы; 9. ғылым және білім туралы; 10. жер мәселесі. Халық кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Большевиктер билікке келісімен-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Алаш партиясына пролетарлық төнкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады.

52. 1917ж. қазан төңкерісі. Қаз.да Кеңес үкімет. Орнатуы. Қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүрсілкіндірді. Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт ұзамай-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрест те жүріп жаты. Соның нәтижесінде 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аударында Кеңес өкіметі орнады. Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аударында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

53. Түркістан (Қоқан) автономиясы және Алаш Орда автоном. Құрылуы және қызметі. Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды. 1917 жылы 26-28 қараша аралығында қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы «Қоқан автономиясы» деп аталған ұлттық үкімет құрылған болатын. Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Оны Ленин және Сталин қолдады. Түркістанды Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді.Автономиның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918ж. ақпан айында қызыл әскер Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді. Ал 1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық 2-съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез мынадай қаулы шығарды: 1. Қазақ автономиясы құрылсын; 2. Қазақ автономиясы Алаш деп аталсын; 3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; 4. Халық кенесі құрылсын, оның аты Алашорда болсын. Съезде автономия төрағасы болып Бөкейханов сайланды.

54. Қазақ. Территор. Азамат соғысы 1918 - 1920ж. Әскери коммунизм. Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашыларымен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. 1918ж. мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Чехославак корпусы Солт. Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді. 1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді. 1918ж. аяғы мен 1919ж. басында Жангелдин мен Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын құрды. 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солт. Жетісу майданы жойылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920жж. Оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, кеңес өкіметіне қарсы да заңды болса керек». 1918-1919 жылдары елімізде ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.

55. Түркістан АКСР мен Қазақ АКСР-ң құрылуы.Қ/н мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу: Қазақ жерл. Қазақ Аксрнің құрамына бірігуі. 1920-24жж. 1918-1920 жылдары Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1919 жылғы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін « Сібір Ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды. Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше реет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. Орталық Атқару Комитеті төрағасы Мендешов және Халком Кеңесі төрағасы Радус-зенькович сайланды.

?. ХХ ғү бас кез. Мәдениет. Сталиннің үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатынка сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер мәдениеті әлденеше реет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.

57. Қазақ.ғы социалистік индустрияландыру, ерек. Нәтижесі. Индустрияландыру өндіріс құрал жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды. Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілікті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенің айту керек. Голощекин республикада индустриландыру идеясын қолдай отырып, ауыр өнеркәсіптің орнына, республиканы тек пайдалы қазбаларды өндіретін базаға айналдырғысы келді. Голощекиннің мұндай индустрияландырудың мәнін түсінген қазақтын алдынғы қатарлы зиялылары бұған қарсы шықты. Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өндеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Бірақ, Голощекин оларды ұлтшылдар деп айыптады. Қазақстан өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды. Алайда, индустрияландыру Қазақстанда Әміршіл-әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді. Оны жүргізу күштеу мен зорлық, әкімдік, асыра сілтеу әдістерінің белен алуы жағдайында іске асты.

58. Қазақстандағы ауыл шаруаш. Ұжымдастыру қорыт. Зардаптары. 20-шы жылдардын басында қабылданған жаңа экономиялық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, жартылай феодалдардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырыды. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, олар да тәркіге алынды. Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардын күн көрісіне, көңіл-күйіне мейлінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдардан алынатын етпен жүннің саны белгіленген саннан асырып алуы бой көтерді. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шаруашылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларда жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптін, жайылымның жетпеуінен қырылды.

59. КСР құрамында ҚазКСРқұрылуы. 1936ж. желтоксанда қабылданған Кеңес Одағының жаңа конституциясы КСРО-ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардынқұрылуын заң жүзінде іске асырды. Қазақ, Қырғыз автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды. Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социалистік мемлекеті екенің, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтының, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастырылатыны атап көрсетілді. Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі күндерде белгілі болып жатыр. Қорытып айтқанда, 30-шы жылдары тотаритарлық жүйе Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінің барлық саласында бекіді. Ол елде күшпен ұжымдастыру және 1937-1938 жж. саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасты. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанға одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйенің тек қатаң идеологиялық қыспағында іске асты.

60. ХХғ. 20-30 жж. Қаз.ғы мәдени құрылыс. Сталиннің үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатынка сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер мәдениеті әлденеше реет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.

61. ХХғ 20-30 жж. Қазақ.ғы қоғам. Саяси жағдай. Жаппай репрессия. 30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан еліміз де тыс қалған жоқ. Жергілікті партия комсомол, кеңес, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық ұйымдары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды кудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сол түста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып жатты. 20-шы жылдардын басында қабылданған жаңа экономиялық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, жартылай феодалдардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырыды. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, олар да тәркіге алынды.

62. 1941-45 жж. Қаз.ды Ұлы отан соғ. Қатысуы. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кеңес одақғы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға Еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командиры болып азамат соғысына қатысушы генерал Панфилов тағайындалды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8млн. қазақстандықтар қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

63. Қазақ. Майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жаңқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және Адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикадағы 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұғындары келді. Республиканың колхоз-совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап – ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

64. 1946-65 жж. Қазақ.ның Қоғ. Саяси және экон. Жағдай. 1946 ж. 24-шілде – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР халық шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заң қабылдауы. 1954 ж. 28-ақпан Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобының келуі. 1957 ж. 4-қазан – Байқоныр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық – саяси өмірде жұрттың ой пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунитік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сипатталады. Репрессия жалғасты. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оң. Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанда Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Сол-тегі 5 облыстан тың аймағын құрып Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түркменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 ж. қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды. 1956 ж. партияның ХХ – съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну» және оның зардаптарын жою туралы баяндама жасады. 1949 ж. 29-тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстінде 113 жарылыс жасалды. 1964-1989 жж. дейін жер астында 343 сынақ жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]