
- •Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
- •Оқытушы туралы мәліметтер
- •Пән туралы мәліметтер
- •1.5. Қысқаша мазмұны:
- •Силлабустың тізімі және мазмұны
- •Курстың тақырыбтық жоспары
- •2.2. Дәріс сабақтарының жоспары
- •2.3. Практикалық сабақтардың жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы сабақтарының жоспары және оларды тексеру кестесі
- •2.5. Студенттердің өздік жұмыстары сабақтарының жоспары және оларды тексеру кестесі
- •3 Негізгі әдебиет:
- •5 Баға алу бойынша ақпарат
- •Рейтинг – шкаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ-ХИМИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ
Қашықтықтан оқыту факультетінің
барлық мамандықтың студенттеріне арналған
«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Семей 2013 ж.
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
Оқытушы туралы мәліметтер
Нуржуманова Жанат Мекешовна
Экология-химия және география пәндері кафедрасының м-д.ғ.к., аға оқытушысы
Кафедраның орналасу орны –№ 3 ғимарат, жаратылыстық ғылымдар факультеті
Пән туралы мәліметтер
Атауы Экология және тұрақты даму
Кредиттер саны 2 (90 сағат)
Өткізу орны № 2, 3 ғимараттар
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс |
Семе-стр |
Кредит-тер саны |
Дәріс |
Практи- калық |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Барлы-ғы |
Бақылау формасы |
1 |
1 |
2 |
6 |
6 |
8 |
70 |
90 |
емтихан |
Курс |
Семе-стр |
Кредит-тер саны |
Дәріс |
Практи- калық |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Барлы-ғы |
Бақылау формасы |
2 |
4 |
2 |
6 |
6 |
8 |
70 |
90 |
емтихан |
Курс |
Семе-стр |
Кредит-тер саны |
Дәріс |
Практи- калық |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Барлы-ғы |
Бақылау формасы |
2 |
3 |
2 |
6 |
6 |
8 |
70 |
90 |
емтихан |
1.3. Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану.
1.4. Постреквизиттер: еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және т.б. мамандық бойынша пәндері
1.5. Қысқаша мазмұны:
Курстың негізгі мақсаты – табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңдылықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру
Пән міндеті:
- тірі ағзалардың қызметі , экожүйелердің түрлі ұйымдастыру деңгейлерін, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын зерттеу;
- биосфера компоненттерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын білу. Және адамның ауылшаруашылық әрекеттерімен араласу салдарын білу, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану жағдайында;
- Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты дамудың практикалық міндеттері, стратегиялары концепциялары туралы қазіргі кездегі ұғымдарды қалыптастыру;
- экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың ушыққан және күрделі мәселелерін талқылауда студенттерде обьективті, комплекстық және творчестволық шешім табуды қалыптастыру;
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер компетенциялары:
Курсты оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
- тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін анықтайтын негізгі заңдылықтарын;
- ағзалардың санының динамикасы мен таралуын, бірлестіктердің құрылымын және олардың динамикасын;
- энергия ағынының тірі ағзалар арқылы өту заңдылықтары мен заттар айналымын, экологиялық жүйелер және тұтас биосфераның атқаратын қызметін;
- табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;
- антропогендік әрекеттің әлеуметтік-экологиялық салдарларын;
- тұрақты даму мәселелерін, стратегияларын, концепцияларын және оларды ғаламдық, аймақтық және локальдық деңгейде шешудің практикалық жолдарын.
Істей алулары тиіс:
- табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анықтау мен анализдеу және оларды реттеудің мүмкін болатын жолдарын табу;
- биосфераның тұрақтылығын сақтау мақсатында адамдардың өмір сүру қалыптарының қалыптасқан шаруашылықтық формаларын біртіндеп жоспарлы өзгертуге бағытталған адамзаттың тұрақты даму стратегиялары мен қазіргі кездегі концепцияларын ажырата алу және социумды апаттық кризистарсыз дамыту;
- тірі ағзалар мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтары туралы алған білімдерін тұрақты дамуды сақтауға арналған практикалық әрекеттерінде қолдану.
Дағдылану: экологиялық процесстерді анализдеу дағдылары, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя білу, алынған білімдрін экологиялық тапсырмаларды шешуде қолдану; биосфераның даму заңдылықтарын және оның тұрақтылығын сақтау жағжайларын білу, түрлі елдердегі соның ішінде қазақстан Республикасындағы тұрақты даму идеяларын жүзеге асыру.