Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИКС 04.11.13.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
339.96 Кб
Скачать

5. Дипломатиялық доктринаның қалыптасуы және оның

эволюциясы

Құдайшылдар, философтар, заңгер-теоретиктер шығармаларында дипломатиялық құқықтың, халықаралық құқықтың құрамдас бөлiгi ретiнде

пайда болуы. Дипломатиялық тәжiрибеге арналған туындылар. ХIII ғ.

Ағартушыларының халықаралық құқық ғылымының дамуына тигiзген әсерi.

Дипломатиялық доктринаның қалыптасу ерекшелiктерi. Жаңа саяси-

құқықтық және дипломатиялық ұғымдардың пайда болуы: “саяси тепе-

теңдiк”, “табиғи шекаралар” мемлекеттер, соғыс және бейбiтшiлiк құқығы,

теңiзде жүзу еркiндiгi, халықаралық шарттардың мызғымастығы. Дипломатияның теориясы мен тәжiрибесi.

6. Консульдық қызметтiң қалыптасуы және дамуы.

Консульдық қатынастардың дамуының тарихи ерекшелiктерi. Ертеде

консульдық мекемелердiң прототипiнiң пайда болуы. Орта ғасырларда халықаралық сауда мен теңiз саудасының дамуы және консульдық қызметтiң дамуы. Консульдарды тағайындау практикасының қалыптасуы. Консульдық тәжiрибенiң крест жорықтары кезiнде таралуы. Консульдық мекемелердiң еуропалық мемлекеттердiң отарлық экспансиясы кезеңiндегi құрылуы. ХІ-ХІI ғғ. Консульдар институтының пайда болуы. ХІIIIғ. Екiншi жартысында консульдық институттың дамуының жаңа кезеңi. Консульдық функцияларды, артықшылықтар мен иммунитеттердi кодификациялау. Жетекшi елдердiң консульдық қызметiнiң ерекшелiктерi.

7. Хі ғ. Соңындағы және хіiii ғғ. Ресей дипломатиясы.

Мәскеу мемлекетiнiң дипломатиясы. Халықаралық байланыстардың

ұлғаюы. Дипломатиялық жұмыстың ерекшелiктерi мен ұйымдастырылуы.

Боярлық дума мен Жақын думаның ролi. Орыс дипломатиясының

сословиялығы. Дипломатиялық аппараттың қалыптасуы. Посольдық приказ,

оның құрамы және функциясы. Ресейдiң дипломатиялық протоколының

қалыптасуы. Петр I тұсында дипломатиялық мекемелердiң реформасы. Жаңа

дипломатиялық кадрларды құру. Тұрақты дипломатиялық өкiлдiктер

торабының құрылуы. Сыртқы iстер Коллегиясының құрылуы. Ресейлiк

дипломаттардың стратегияны, тактиканы, жұмыс формалары мен әдiстерiн

өзгертуi. Ресей дипломатиялық қызметi аппаратының ары қарай дамуы.

Екатерина II дипломатиясы. Дипломатиялық аппарат құрылымын ары қарай

қайта құру. Орыс дипломатиясының әлемдiк аренаға шығуы.

8. Қазақ хандығының дипломатиясы.

Отандық дипломатияның қазақ мемлекетiнiң қалыптасып, нығаю тарихымен өзара байланысы. Қазақ хандығының әскери-саяси және сауда- экономикалық мүдделерi және дипломатия. Қазақ хандығы және оның көршiлерi. Хан және оның дипломатиялық прерогативасы. Қазақ топбасыларының жеке басының қасиеттерi, олардың қолайлы сыртқы саяси жағдайларды қалыптастыруға себiн тигiзетiн оқиғаларды талдап, болжам жасау қабiлетi. Билер қазақ дипломаттарының прообразы ретiнде. Окказиальды дипломатия. Қазақтардың көршi мемлекеттерге дипломатиялық миссиялары. ХІI-ХІIII ғғ. қазақ хандығы. ХІII-ХІIII ғғ. қазақ дипломаттары.

9. Хiх ғ. Сыртқы саясат ведомстволарының эволюциясы.

Вена конгресiнiң дипломатиялық қызмет институттарын дамытудағы

ролi. Вена регламентiнiң қабылдануы. Франция, Англия, Испания, Австро-

Венгрия, Пруссия, Ресейде сыртқысаясат ведомстволарының қайта құрылуы.

АҚШ-тың сыртқы саясат институттары және оның эволюциясы. Дипломатиялық және консульдық құқықтардың пайда болуы. ХIХ ғ.соңы мен ХХ ғ. Басындағы шетелдiк мемлекеттердiң халықаралық-құқықтық тәжiрибесi. ХІIII-ХIХ ғғ. Көпжақты келiссөздердi жүргiзу және конференцияларды ұйымдастыру. Алғашқы халықаралық конгрестер мен конференциялар, оларды шақыру себептерi. Сауда, экономикалық, техникалық байланыстардың дамуы-арнайы мәселелер бойынша алғашқы халықаралық ұйымдардың пайда болуы.