- •Алматы, 2013
- •1. Ежелгi Шығыс дипломатиясы
- •2. Ежелгi Греция мен Римнiң дипломатиясы
- •3. Орта ғасырлардағы дипломатия
- •4. Ренессанс пен жаңа заман дәуiрiндегi дипломатиялық қызметтiң
- •5. Дипломатиялық доктринаның қалыптасуы және оның
- •6. Консульдық қызметтiң қалыптасуы және дамуы.
- •7. Хі ғ. Соңындағы және хіiii ғғ. Ресей дипломатиясы.
- •8. Қазақ хандығының дипломатиясы.
- •9. Хiх ғ. Сыртқы саясат ведомстволарының эволюциясы.
- •10. Шетелдiк мемлекеттердiң қазiргi заманғы дипломатиялық
- •11. Мемлекетаралық қатынастардың халықаралық-құқықтық
- •12. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнiң
- •13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң негiзгi
- •14. Дипломатиялық қатынастар.
- •15. Сыртқы қатынастардың мемлекеттiк органдары.
- •16. Дипломатиялық өкiлдiк
- •17. Дипломатиялық өкiлдiктер мен оның персоналының құқықтық
- •18. Халықаралық ұйымдар жанындағы дипломатиялық өкiлдiктер.
- •19. Консульдық қызмет және оның жұмыс iстеуi.
- •20. Дипломатиялық протокол.
- •21. Көпжақты дипломатия.
- •22. Қазiргi кездегi дипломатияның конференциальды формасы
- •23. Ұжымдық дипломатия
- •25. Дипломаттың жеке басының қасиеттерi мен өнерi
- •26. Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжiрибесi
- •27. Дипломатиялық жұмыстың негiзгi формалары мен әдiстерi.
- •28. Протоколдық жұмыс
- •29. Дипломатиялық байланыстар, тiкелей сапарлар мен сұқбаттар.
- •30. Келiссөздер дипломатияның құралы ретiнде.
- •31. Келiссөздер барысының технологиясы.
- •32. “Халықтық дипломатия”
- •33. Дипломатияның ұйымдастырылуы мен тәжiрибесiндегi қазiргi
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің сипаттамасы.
- •6. Пәннің міндеттері:
- •7. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар:
- •8. Дәріс, практикалық (семинар) сабақ жоспары
- •9. Соөж (консультация) өткізу жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •11. Реферат тақырыптары.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік - құқықтық актілер:
- •Пәннің оқу-әдістемелік жабдықталу картасы
- •2013-2014 Оқу жылы Мамандық: 5в020200 - «Халықаралық қатынастар»
- •Студенттердің білім сапасын бақылау сұрақтары Бірінші аралық бақылау
- •Екінші аралық бақылау
- •Тест сұрақтары
- •3. Пәннің постреквизиттері:
- •4. Пәннің сипаттамасы.
- •6. Пәннің міндеттері:
- •7. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар:
- •8. Дәріс, практикалық (семинар) сабақ жоспары
- •9. Соөж (консультация) өткізу жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •11. Реферат тақырыптары.
- •12. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •15. Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
- •15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы*
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •Қр сім құрылымы:
- •3. Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу талаптары
- •Глоссарий:
3. Пәннің постреквизиттері:
1. ҚР дипломатиясы
2. Көпжақты дипломатия
3. ҚР сыртқы саясаты
4. Пәннің сипаттамасы.
«Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні ерте кезден бастап қазірге дейінге кезең аралығындағы дипломатиялық және консулдық қызметтің пайда болып, даму эволюциясын қарастырады.
Ежелгі Грек, Рим, Ежелгі Шығыс елдерінің дипломатиялық қызметінің қалыптасуынан бастап, орта ғасырларда, жаңа кезеңде, яғни капитализмнің қалыптасқан кезіндегі дипломатиялық қызметтің дамуы мен қазіргі кезеңдегі өсіп- өркендеу эволюциясы туралы студенттерге білім береді.
Шетел мемлекеттерінің қазіргі кезеңдегі дипломатиялық және консулдық қызметтерінің ерекшеліктерімен, құрылымы және тәжірибесі туралы кеңірек білім береді.
Сонымен қатар қазіргі кезеңдегі дипломатиялық және консулдық қызметтің халықаралық құқық нормалары негізіндегі даму процесін айқындап, дипломатиялық және консулдық қызметтің Вена конвенциялары негізінде құқықтық аспектілерімен таныстырады.
Қазіргі кезеңдегі дипломатиялық және консулдық қызметтің әдіс - тәсілдерімен таныстырады. Дипломатиялық өкілдік және олардың құқықтық мәртебесі, міндеттері, дипломаттардың міндеттері, іс - тәжірибесі, консулдық мекемелердің міндеттері, дипломатиялық кадрлерге қойылатын талаптар, дипломатиялық жұмыстың негізгі формалары мен әдістері, дипломатиялық хаттама, дипломатиялық байланыстар, кездесулар, сұхбаттарды өткізу әдісі, келіссөздер жүргізу техникасымен таныстырады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметінің қалыптасуы мен даму процесімен таныстыра отырып, болашақ мамандар үшін қажетті мәліметтерді береді.
Ұлттық дипломатиялық ерекшеліктерді ашып көрсете отырып, қазіргі кезеңдегі дипломатиялық жұмыс пен тәжірибедегі жаңалықтармен таныстырады.
Белгілі дипломаттардың өмірі мен қызметі туралы мағлұматтар бере отырып, студенттердің солардың іс - тәжірибесінен үлгі алуға бағыт береді.
5. Пәннің мақсаты: Студенттердің халықаралық қатынастар төңірегіндегі теориялық білімі мен өзекті мәселелерді талдай білу тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, сонымен қатар, болашақ мамандарға дипломатия мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде түсінік қалыптастыру, дипломат мамандығының ерекшеліктерін игеруге дағдыландыру, дипломатиялық және консулдық қызмет туралы білім бере отырып, тәжірибесін, құқықтық негізін меңгерту.
6. Пәннің міндеттері:
Дипломатиялық және консулдық қызметтің мемлекеттің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастағы міндеттерін жүзеге асырудағы рөлін көрсету, дипломатиялық қатынастарды жүргізудің негізгі принциптерімен таныстыру, дипломатиялық және консулдық қызметтің негізгі әдістері мен технологиясымен таныстыру, стратегиясы мен тактикасын көрсету.
Пәнді игеруде студенттерде мынадай іскерлік дағдылары қалыптасуы қажет:
дипломатиялық және консулдық қызметтің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы нақты білімді игеруі керек.
дипломатиялық және консулдық қызметті жүргізудің әдістері мен техникасын игеруі қажет.
болашақ маман ретінде шетел мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатына талдау жасап, қажетті ақпаратты іріктеп, жинақтап, жүйелеп, өз еліне керекті мәліметтерді дайындай білуі қажет.
маман ретінде дипломатиялық кездесулерді, келіссөздерді жүргізу техникасы мен технологиясын меңгеруі қажет.
дипломатиялық байланыстарды орнатуға қажетті сөз шеберлігі, шыдамдылық, тұрақтылық сияқты қасиеттерді студенттердің бойында қалыптастыра білуі керек.
Консулдық қызметкер ретінде заңдарды тереңірек біліп, өз азаматтарының құқын қорғай алатындай білім мен практикалық дағдысы қалыптасуы керек.
