Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИКС 04.11.13.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
339.96 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітемін»

ОІЖ проректор

З.С. Ақтамбердиева

__________________ (қолы)

« » 201 ж.

«Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні бойынша

5В020200 – халықаралық қатынастар мамандығы үшін

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқыту формасы: күндізгі, ОБ

(күндізгі, сырттай), (ОБ, АОБ, ЖБ)

Кафедра: Тарих және халықаралық қатынастар

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 3

Барлық сағат саны: 135

Дәріс: 15

Практикалық (сем.,студиялық) сабақтар: 30

Зертханалық сабақтар

CОӨЖ: 30

CӨЖ: 60

Емтихан: 3 семестр

Алматы, 2013

Жұмыс оқу бағдарламасы:

  • 5В020200 – халықаралық қатынастар мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша « » 201 ж. бекітілген жұмыс оқу жоспары;

«Халықаралық қатынастар» пәнінің типтік бағдарламасы

(міндетті компонент пәндері үшін)

негізінде жазылды.

«Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын ә.ғ.м. А.М.Хайрулдаева дайындады және Тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының мәжілісінде ұсынылды « » 201 ж., хаттама №

Бағдарламаны жазған ____________________ А.М.Хайрулдаева

(қолы)

Кафедра меңгерушісі _____________________ К.Т.Кусайнова

(қолы)

Жұмыс оқу бағдарламасы Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданды

« » 201 ж. хаттама №

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі

Құжаттаманың атауы

Беті

1

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

2

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

3

Пәннің оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

4

Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін)

Мониторингтілеуге және бақылауға арналған материалдар

  • ағымдық және аралық бақылауға арналған тапсырмалар;

  • тесттік тапсырмалар

5

Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы

6

Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәні: «Дипломатиялық және консулдық қызмет»

Мамандық: 5В020200 - «Халықаралық қатынастар»

Алматы, 2013

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

көлемі 3 кредит (135 сағат)

Авторлар:

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Байзақова Қ.Е.

саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Губайдуллина М.Ш.

тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабеков М.С.

саясаттану ғылымдарының кандидаты Сапанов С.Ж.

саясаттану ғылымдарының кандидаты Черных И.А.

Пiкiр жазғандар:

тарих ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласындағы Өкiлдiгiнiң

Протокол бөлiмiнiң бастығы Жакенов Д.Т.

саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Бурнашов И.Л.

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының өз тәуелсiздiгiн жариялауы елiмiздiң

әлемдiк қауымдастық жүйесiне енгендiгiн бiлдiрдi. Егемендi елiмiздiң өзiнiң

сыртқы саяси функцияларын жүзеге асыруда дипломатиялық және консулдық қызметтiң негiзiн жетiк бiлетiн халықаралық қатынастар мамандарына деген қажеттiлiк туындады. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар сахнасына егемендi ел ретiнде шығуы, мемлекетiмiздiң шетелдiк мемлекеттермен қатынасының ауқымын кеңейте

тиістi. Сыртқы саяси қатынастардың кең саласында мемлекетер арасындағы

дипломатиялық және консульдық қатынастар, олардың даму деңгейi, осыған

сәйкес нормативтiк-құқықтық негiздiң болуы және т.б. маңызды орынды

иемденедi. Егер мемлекеттiң сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын, алдыға

қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарға жетудiң жолдары мен

әдiстерiн айқындайтын дипломатия болса, консульдық қатынастар саласына

негiзiнен гуманитарлық мәселелер: заңды және жеке тұлғалардың құқығын

қорғау, өз мәселелерi бойынша мемлекеттер арасында саяси, сауда- экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды қамтамасыз етедi. Дипломатиялық және консульдық қызметтiң iс жүзiндегi жұмысының табысты болуы басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуде зор маңызға не себебi, мұның бәрi елiмiздiң шетел мемлекеттерi көз алдында елiмiздiң позитивтi кейiпiн қалыптастырады. “Дипломатиялық және консульдық қызмет” оқу пәнi болашақ халықаралық қатынастар мамандарына дипломатияның мемлекеттiк қызметтiң ерекше бiр түрi ретiнде түсiнiк қалыптастыруды, дипломаттың мамандығының өзiне тән ерекшелiктерiн ашып көрсетудi, мемлекеттердiң дипломатиялық және консульдық қызметiнiң функционалдық мақсаттарымен таныстыруды көздейдi. Аталмыш пәннiң мазмұны осы мамандық бойынша қазiргi кезде өтiп жатқан процестерге және ҚР-ның сыртқы саяси мiндеттерiне сәйкес келедi. Курстың тематикасы, дипломатия тарихын, қазiргi кездегi дипломатияның ұйымдастырылуын және дипломатиялық жұмыстың техникасын қарастыруға арналған ‰ш бөлiмнен тұрады. Аталмыш курсты оқу барысында студенттер осыған дейiн “Еуропа мен Америка елдерiнiң жаңа және қазiргi заман тарихы”, “Азия және Африка елдерiнiң тарихы” курстарын оқу барысында алған бiлiмдерiне сүйенедi.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

Дипломатия пәнi мен. “Дипломатия” терминiнiң шығуы. “Дипломатия”

түсiнiгiнiң анықтамасы. Дипломатия тарихы қоғам тарихы мен мемлекетаралық қатынастардың құрамдас бөлiктерi ретiнде. Дипломатиялық қызметтiң ұйымдастырылуы. Дипломатияның түрлерi мен тәсiлдерi. Дипломатиялық өнер. Дипломаттың мамандығы. Дипломатия және дипломаттар. Көрнектi дипломаттар. Әртүрлi елдерде дипломаттық кадрлардың қалыптасуы. Дипломатиялық мектептер, академиялар және халықаралық қатынастар факультеттерi, мамандандырылған институттар. Қазақстандық дипломатияның қалыптасуы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

БӨЛIМ I. ДИПЛОМАТИЯ ТАРИХЫ