
- •I Мекемемен танысу
- •1 Шикізат пен өнімнің тауарлы транспортты операцияларымен
- •2 Зауыт ішінде мұнайды тасымалдаумен және оның тұтынушыларға таралуымен
- •2.1 Теміржолмен тасымалдау
- •II Мамандыққа кіріспе
- •1 Өндіріс мақсаты, оның құрылымы, негізгі технологиялық процестерінің қысқаша сипаттамасы. Авт қондырғысына саяхат жасау
- •2 Авт қондырғысына саяхат жасау. Негізгі технологиялық жабдықтар мен аппаратпен танысу
- •Мұнайды дайындау және біріншілік айдау процестері. Мұнайды бөлудің физикалық тәсілдері және жылу процестері туралы түсінік
- •Принципиальді сызбасы. Технологиялық құжаттармен танысу
- •III Термиялық және термокаталитикалық процестермен танысу
- •Термиялық және термокаталитикалық процестерді жүйелеу, мұнай өңдеудегі олардың рөлі
- •Термокаталитикалық процестердің технологиялық сызбасы. Катализатор үлгісі
- •Орталық зертхана жұмысымен танысу
Термокаталитикалық процестердің технологиялық сызбасы. Катализатор үлгісі
2.1. Реакторларда катализатор активтілігін жоғалту кезінде оның регенерациясы жүргізіледі. Регенерация үшін азот, ауа және сілті ерітіндісі қолданылады.
2.2. Зауыт жүйесінен шығатын азот немесе ауа 20-С-003 бустерлік компрессордың қабылдағышына түседі, салқындатушы сумен тоңазытқышта сұйылтылады, салқындатылады да ары қарай 20-С-002А/В компрессордың 1-ші сатысының 20-D-006 сыйымдылығына беріледі.
2.3. Ары қарай азот пен ауа 20-С-002А/В сіңірілуші газ компрессорымен реакторлар блогының регенерацияның айналушы газ жүйесіне сіңірілу үшін беріледі. Регенерацияда газдың айналуы схема бойынша 20-С-001 компрессорымен жүзеге асырылады:
20-С-001 20-Е-002А/В/С/Д (м/тр) 20-Е-003А/В (м/тр) 20-F-001 20-R-001 20-R-002 20-E-003А/В (тр.) 20-Е-004В/А (тр.) 20-Е-002В/Д/А/С (тр.) 20-Е-005В/А (тр.) 20-А-002 20-D-003 20-D-005 20-С-001
2.4. Регенерация газдары атмосфераға жиі шығарылады. Катализаторды регенерациялауды жүргізу процесінде 20-А-002 реакция өнімдерінің конденсаторының алдында регенерация газына сілті ерітіндісін бүрку жүргізіледі.
2.5. Алдын ала гидротазалау қондырғысынан шығатын сілті ерітіндісі 20-D-003 сепараторын толтыру үшін беріледі. Сепаратор арқылы сілтінің айналуы 11-Р-201 сорабымен жүзеге асырылады. 20-D-005 айналушы газдың сыйымдылығынан шығатын регенерациялы суды сілтінің айналу жүйесіне кері айдау 11-Р-202 сорабымен жүзеге асырылады.
Орталық зертхана жұмысымен танысу
Кәсіпорын қызмет ете бастағаннан Орталық зауыттық зертхана жасақталып, ол күні бүгінге дейін заманмен үндесе жұмыс жасап келеді.
``Орталық зауыт зертханасы`` СО құрамына тауарлық зертхана, бақылау зертханасы, санитарлық-өнеркәсіптік зертхана, реагенттер мен газдар зертханасы, сапаны басқару тобы және жөндеу-механикалық топ кіреді.
Біздің зауытта шығарылатын мұнай өнімдері сапасына барлық уақытта жеткілікті көңіл бөлінеді. Өнім сапасының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне технологиялық реттемелерді сақтау, қондырғылар мен лабораторияларды қазіргі заманға сай жарақтандыру, қажетті құжаттамалар жасау, шикізатты, материал мен дайын өнімді лабораториялық бақылау кестесін орындау, зауыт жұмысшылары мен мамандарының кәсіби даярлығының жоғары деңгейде болуы арқылы кепілдік беріледі.
1994 жылы ``ОЗЗ`` СО ҚР ең алғашқылар қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесінде аккредиттелді. Әр үш жыл сайын қайта аккредиттеуден сәтті өтіп келді. 2009 жыл зертханаға 5 жылдық мерзімге аккредиттеу аттестаты берілді.
Аккредитациялауға Евро – 2,3,4 деңгейіндегі дизель және автомобиль отындарының көрсеткіші жатады.
``Зауыттың орталық зертханасы`` сынау орталығы тіркеу саласындағы мәлімдеуге сәйкес сертификаттау сынағын өткізу құқығы бар техникалық құзыреттілікке ``Сынау және калибрлеу лабораторияларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар`` РК ИСО/МЭК 17025 стандартына сәйкесетіндігіне тіркелген.
Мыналар СО қызметінің негізгі түрлері болып есептеледі:
Мұнайдың, реагенттердің және газдардың, шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын бақылау.
Жұмыс және санитарлық-қорғаныс аймақтарындағы ауаның ластануын өнеркәсіптік шығарындылар мен ағындыларда ластаушы заттардың жиналуын бақылауды жүзеге асыру.
Сапа көрсеткіштерінің 150-ден астам түрі бойынша 30-ға жуық өнім түріне, оның ішінде тіркеу саласы шегіндегі сәйкестікті міндетті немесе еркін қуаттау мақсатында сынақ жүргізу.
``ОЗЗ`` сынау орталығы жоғарыда көрсетілген сынақтардың қамтамасыз етілуі үшін ``Оксфорд``, ``Перкин-Элмер``, ``Метром``, ``Меттлер-Толедо`` секілді танымал маркалардың қазіргі заманғы аспаптарымен, сондай-ақ ``ISL`` фирмасының автоматты жабдықтарымен жарақтандырылған. ``ОЗЗ`` сынау орталығына сапаны басқару жүйесі енгізілген, оның қызметін алыс шетелдердегі және ТМД елдеріндегі салалас кәсіпорындарда біліктілік көтеру курыстарында оқыған біліктілігі жоғары қызметкерлер және кадрлар құрамындағы біріктірілген басқару жүйесінің мұнай өнімдерін сертификаттау және ішкі аудиторлар жөніндегі 7 сарапшы-аудитор қамтамасыз етеді.
Ауқымды өлшеу базасы, осы заманғы құрал-жабдықтар, қолайлы орынжай, жоғары білікті мамандар зауыттың даму және қайта жаңғырту мәселелерінен туындайтын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кез-келген мұнай өндіруші кәсіпорын белгілі бір мөлшерде табиғатқа зиян келтіріп отыр. Оны мұнай компанияларының ешқайсысы айналып өте алмайды. Тек басты мақсат қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерін неғұрлым азайту үшін әрекет ету.
Қоршаған ортаның бас ауруға айналған келесі мәселе жабдықталған қоқыс полигондырының жоқтығы. Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған жалғыз түйір қоқыс полигонының дәл қазір қоқыс қабылдауға еш мүмкіндігі жоқ. Себебі оның жұмысы осыдан төрт жыл бұрын тоқтатылуға тиіс болған. Алайда жаңа полигонның салынып бітпеуіне орай қала қоқысы әлі күнге дейін сонда төгілуде.
Мұнай қазақтың қара алтыны болғандықтан амал жоқ жұмыс жүруде. Не дегенменде қоршаған ортаны қорғау басты мәселе.
Әдебиеттер
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD
http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/242-khimia/2858-termiyali-protsester.html
Мұнай-газ ісінің негіздері. Автор: Суербаев Х.А., 2008.