
- •I Мекемемен танысу
- •1 Шикізат пен өнімнің тауарлы транспортты операцияларымен
- •2 Зауыт ішінде мұнайды тасымалдаумен және оның тұтынушыларға таралуымен
- •2.1 Теміржолмен тасымалдау
- •II Мамандыққа кіріспе
- •1 Өндіріс мақсаты, оның құрылымы, негізгі технологиялық процестерінің қысқаша сипаттамасы. Авт қондырғысына саяхат жасау
- •2 Авт қондырғысына саяхат жасау. Негізгі технологиялық жабдықтар мен аппаратпен танысу
- •Мұнайды дайындау және біріншілік айдау процестері. Мұнайды бөлудің физикалық тәсілдері және жылу процестері туралы түсінік
- •Принципиальді сызбасы. Технологиялық құжаттармен танысу
- •III Термиялық және термокаталитикалық процестермен танысу
- •Термиялық және термокаталитикалық процестерді жүйелеу, мұнай өңдеудегі олардың рөлі
- •Термокаталитикалық процестердің технологиялық сызбасы. Катализатор үлгісі
- •Орталық зертхана жұмысымен танысу
II Мамандыққа кіріспе
1 Өндіріс мақсаты, оның құрылымы, негізгі технологиялық процестерінің қысқаша сипаттамасы. Авт қондырғысына саяхат жасау
Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жұмыс күші (өзіндік немесе адам факторы) және өндіріс құрал-жабдығы (заттық немесе материалдық фактор) өндірістің басты факторлары болды. Қазіргі ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында өндіргіш күштердің күрделілене түсуі байқалады: оларға өндірісті ұйымдастыру (бүкіл өндіріс үдерісінің бірлігі мен тізбектілігін қамтамасыз ететін ішкі байланыстардың белгілі бір құрылымы) және экологиялық фактор (адамның өзара қатынастарымен, қоршаған ортамен, табиғатты қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттігімен байланысты мәселелер кешені) қосылып отыр. Соңғы екі фактор технологияны, ақпаратты, ғылымды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды қамтиды. өндірістің мақсаты қоғамның жекелеген мүшелеріне және жалпы қоғамға қажетті материалдық (материалдық-заттай нысандағы экономикалық өнім) және бейматериалдық (қызмет көрсету, ақпарат, рухани құндылықтар аясында) игіліктер жасау. Өндіріс экономиканың өзекті бөлігін құрайды. Өндіріс ұдайы өндірістің негізгі кезеңі ретінде бөлуді, айырбасты, тұтынуды айқындайды. Алайда тұтыну өндіріске тәуелді болғандықтан, оған кері байланыстар жүйесі арқылы әсер етеді. Тұтыну, қоғамның, адамның қанағаттандырылмаған қажеттері өндірісті дамытуға, оның құрылымын өзгертуге, техникалдық деңгейді және экономиканың басқа параметрлерін көтеруге ынталандырады. Өндіріс үдерісінде өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші тұтынылады, өндіріс құрал-жабдығы мен еңбек ресурстары өндіріс салалары бойынша, аймақтар бойынша, т.б. бөлінеді және қайта бөлінеді, қызметтің түрлі аялары арасында айырбас қамтамасыз етіледі. өндіріс үдерісінде адамдар өндіріс құрал-жабдығына меншік нысанымен айқындалатын қарым-қатынасқа түседі. Қоғамдық жиынтық өнім жасау өндірістің нәтижесі болып табылады және ол өнімнің қандай мақсатпен өндірілетініне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: өндіріс құрал-жабдығын (кейіннен өндірістің өзінде пайдаланылатын құрал-жабдықты) өндіру, түпкі тұтынушылар пайдаланатын тұтыну заттарын, тұтыну тауарларын өндіру, тұтыну қызметтерін көрсету; ақпарат өндірісі. Тарихи тұрғыдан натуралдық өндіріс (жасалған өнімді өндірушінің өзі тұтынады) және тауарлық өндіріс (өнімді базарда айырбастау үшін жасайды) түрлеріне бөлінеді.
Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі (ӨТДАЖ) (Автоматизированная система технологической подготовки производства; the automated system of technological preparation of manufacture) — технологиялық процестерді, аспаптар мен арнайы технологиялық жабдықтарды жобалау мәселелерін шешетін жобалардың автоматтандырылған жүйесі немесе оның ішкі жүйесі. Оның құрамына шалғай құрылғылар жүйесі, оның ішінде ақпаратты графикалық енгізу-шығару құрылғылары бар компьютер қамтылады. Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесінің орталық буыны — технологиялық процестерді автоматты жобалаудың ішкі жүйесі.
АВТ – вакуумдық фракцияға арналған түтікті қондырғы.