- •I Мекемемен танысу
- •1 Шикізат пен өнімнің тауарлы транспортты операцияларымен
- •2 Зауыт ішінде мұнайды тасымалдаумен және оның тұтынушыларға таралуымен
- •2.1 Теміржолмен тасымалдау
- •II Мамандыққа кіріспе
- •1 Өндіріс мақсаты, оның құрылымы, негізгі технологиялық процестерінің қысқаша сипаттамасы. Авт қондырғысына саяхат жасау
- •2 Авт қондырғысына саяхат жасау. Негізгі технологиялық жабдықтар мен аппаратпен танысу
- •Мұнайды дайындау және біріншілік айдау процестері. Мұнайды бөлудің физикалық тәсілдері және жылу процестері туралы түсінік
- •Принципиальді сызбасы. Технологиялық құжаттармен танысу
- •III Термиялық және термокаталитикалық процестермен танысу
- •Термиялық және термокаталитикалық процестерді жүйелеу, мұнай өңдеудегі олардың рөлі
- •Термокаталитикалық процестердің технологиялық сызбасы. Катализатор үлгісі
- •Орталық зертхана жұмысымен танысу
2 Зауыт ішінде мұнайды тасымалдаумен және оның тұтынушыларға таралуымен
Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен де тасылады.
Су көмегімен (теңізбен, өзенмен ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизел отынын, мазутты т.б.) өздігінен жүретін (танкелер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасылады.
Автокөлік мұнай өнімдері ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.
Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез-келген қашықтыққа тасымалдауға болады.
2.1 Теміржолмен тасымалдау
Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагонцистерналармен тасиды. Тек өнімнің аз ғана бөлігін (2 %-тей) ұсақ ыдыстармен (бөшкелер, контейнерлер, бидондар, баллондар) тасуға болады.
Вагон-цистерна болаттан жасалған горизонталдық цилиндр. Жүк көтергішіне қарай олар екі немесе төртбірлікті болып келеді.
Таситын цистерналардың конструкциясына қарай олар стандартты және арнаулы қолданысты деп бөлінеді. Стандартты цистерналармен тұтқырлығы мен температурасы құю-қотару жұмыстарына тәуелсіз мұнай өнімдерін тасиды.
Арнаулы қолданыстық цистерналар ішіндегі мұнай өнімдерінің сууын баяулату үшін оларды жылытқыш құбырлармен жабдықтайды. Осының нәтижесінде аудару-қотару жұмыстары тез жүреді. Ең көп тарағаны, көлемі 50 және 60 м куб төртбірлікті цистерналар. Балқу температурасы баяу жүретін битумды тасымалдау кезінде бункерлік жарты вагон деп аталатын арнаулы теміржол вагоны қолданылады. Бұл ерекше вагонның рамасына төрт бункер (көлемі 118м куб) орнатылған. Бункер толы болса, оның ауырлық орталығы тірек нүктелерінен биікте орналасады. Сондықтан бункер битум құятын алаңға оп-оңай аударылады, одан кейін бұрынғы вертикалдық қалпына келеді.
Контейнерлер деп жүк көтергіштігі 2,5 және 5 т. Теміржол платформасына орнатылған шағын цистерналарды айтады. Тиісті орнына келгеннен кейін, оларды крандармен жүк тасығыш машиналарға аударып тиейді. Цистерна-контейнерлермен көбінесе тұтқырлығы жоғары майлар мен жағар майлар тасылады. Сондықтан контейнерлер өнімдерді қыздыратын құбырғылармен жабдықталған.
Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю және одан қотару жұмыстары теміржол эстакаларының көмегімен жүреді.
Көпірлер вагон-цистерналардың деңгейінде орналасқан.
Теміржол эстакадалары өзінің атқаратын қызметіне қарай құятын, қотаратын және құйып қотаратын болып бөлінеді.
Эстакаданың негізгі элементтері – теміржолдың бір немесе екі жағынан ара қашықтығы 4-тен 12км-ге дейін орнатылған құйғыш бағаналар (стояктарды іске қосып, не бөліп тастау үшін қолданылатын арматуралары бар коллекторлармен қосылған өнімдерді эстакада коллекторларына жіберу сораптары көмегімен өткізіледі.
Өнімдерді вагон-цистерналарға құю процесі цистерналарды дайындау, сораптарды іске қосу, тиісті арматураларды ашу, толып кетуін бақылау сияқты тізбектеліп келген операциялардың белгілі бір рет-ретімен жүруіне байланысты. Цистерналар толғаннан кейін тиекті арматура жабылады, құйылған өнімнің мөлшері өлшенеді, сынаққа алынады, люктер жабылып, пломбаланады.
Теміржол цистерналарынан өнімдерді резервуарларға аудару цистерналардың жоғарғы жағымен, насос көмегімен жүргізіледі немесе олар цистернаның төменгі жағымен өздігінен ағады.
