Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рахметуллин Абылай отчет 2013 Зулхарова практик...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
588.8 Кб
Скачать

Рахметуллин Абылай

ПН(б)-12(9)

ЕСЕП БЕРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Атырау политехниКАЛЫҚ колледжІ

Бөлімі : технология

Мамандығы: 0819000

Тобы : ПНб-12 (9) к.

ЕСЕП БЕРУ

Тақырыбы: «Танысу тәжірибесі»

Орындаған ____________________________ / _________________________ /

Жетекші __________________________ / _________________________ /

ПЦК төрайымы ___________________________ / _________________________ /

Бөлім меңгерушісі _________________________ ­­­­­­­­ / ________________________ /

Атырау - 2013

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................................4-5

Техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігінен қорғау ережелері..............................................6

I Мекемемен танысу....................................................................................................................7

1 Шикізат пен өнімнің тауарлы-транспортты операцияларымен.........................................7-8

2 Зауыт ішіндегі мұнайды тасымалдаумен және оның тұтынушыларға таралуымен……...9

II Мамандыққа кіріспе.............................................................................................................11 Өндіріс мақсаты, оның құрылымы, негізгі технологиялық процестерінің қысқаша сипаттамасы. АВТ қондырғысына саяхат жасау......................................................................11

2 АВТ қондырғысына саяхат жасау. Негізгі технологиялық жабдықтар мен аппаратпен танысу......................................................................................................................................12-15

3 Мұнайды дайындау және біріншілік айдау процестері. Мұнайды бөлудің физикалық тәсілдері және жылу процестері туралы түсінік.................................................................16-17

4 Принцилиальды сызбасы. Технологиялық құжаттармен танысу.......................................18

III Термиялық және термокаталитикалық процестермен танысу.................................19

1 . Термиялық және термокаталитикалық процестерді жүйелеу, мұнай өңдеудегі олардың рөлі...........................................................................................................................................19-24

2 . Термокаталитикалық процестердің технологиялық сызбасы. Катализатор үлгісі.....24-25

3 . Орталық зертхана жұмысымен танысу.................................................................................26

Қорытынды.................................................................................................................................27

Әдебиеттер...................................................................................................................................28

Кіріспе

Мұнай – көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын,пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан,пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады.

Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.

Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

Химия кабинетінде оқушылардың жүріп-тұруына қойылатын жалпы талаптар

  • Химия кабинетінде жұмыс істейтін оқушыларға арналған осы ереже талаптарын міндетті түрде орындау керек.

  • Химия кабинетіне бөгде адамдар химия мұғалімінің рұқсатымен тәжірибе жүргізілер алдында ғана кіргізіледі.

  • Химия кабинетінде оқушылар сақтықпен қимылдауға міндетті және мұғалім мен лаборанттың нұсқауына зейін қоюы керек. Тәжірибе жүргізу кезінде оқушылар үстінде міндетті түрде халат болуы керек және жеке қорғану құралдары мұғалімнің нұсқауы бойынша қолданылады, жұмыс орнында тәртіп пен тазалық сақталуы қажет.

  • Жүретін жерлерге портфелдермен сөмкелерді қойып, жүруге кедергілеп тастауға тыйым салынады.

  • Жұмысты орындауға кіріспес бұрын жұмыстың жүргізілу тәртібін оқулықтан немесе оқу құралдарынан анықтап оқып алу керек. Аспаптармен, реактивтермен жұмыс істегенде, ыдыстарды толтыру және қыздыру жұмыстары кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін мұғалімнің барлық нұсқауын қатаң сақтау керек.

  • Берілген жұмыс алдын-ала қаралмаған жағдайда өз бетінше тәжірибелер жүргізуге тыйым салынады.

  • Химия кабинетінде тамақ жеуге және заттардың дәмін көруге тыйым салынады.

  • Су құбыры, электр желілері және т.б. құрал-жабдықтардың жұмыс істеу олқылықтары жөнінде мұғалім мен лаборантқа ескерту керек.

  • Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орындарын жинастыру мұғалімнің нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

  • Оқушылар тәжірибелік жұмысты аяқтаған соң қолдарын сабындап жууы керек.

  • Оқушылар жарақат алған жағдайда (кесіп алу, күйіп қалу), сонымен қатар көңіл-күйі нашарлаған жағдайда дереу мұғалімге немесе лаборантқа хабарлау қажет. Кабинетте сабақ жүріп жатқан кезде апат шыққан жағдайда (өрт, бөгде қатты иістердің пайда болуы) дүрбелең шығармай, тек қана мұғалімнің нұсқауына бағыну керек.

Заттар және ерітінділермен жұмыс істегенде

  • Заттарды үстелге немесе арнайы ыдысқа (поднос) себу немесе төгу керек. Тәжірибе жасау үшін заттарды көрсетілген мөлшерде ғана алу керек.

  • Қателесіп алынған артық реактивті рұқсатсыз қайтадан банкі немесе шынысауытқа құюға болмайды.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттен заттарды алып шығуға және оған басқа заттарды қосуға тыйым салынады.

  • Зиянды булар мен газдар бөліп шығаратын барлық жұмыстар тартпа шкафтарда жүргізілуі керек.

  • Қатты сусымалы реактивтер шынысауыттардан қолмен емес, қасықтың, қалақшаның, сынауықтың көмегімен алуға рұқсат етіледі. Қатты заттарды тек қана фарфорлық келіде келсаптың көмегімен ұстау керек.

  • Сынауықта қатты заттардың еруін жеделдету үшін сынауық саңылауын саусақпен жабуға болмайды.

  • Сілтілерді еріту фарфорлық ыдыста заттардың аз өлшемін суға қосып, үздіксіз араластыру жолымен жүргізіледі. Сілтілер бөлшегін тек қана қысқышпен алу керек.

I Мекемемен танысу

1 Шикізат пен өнімнің тауарлы транспортты операцияларымен

Атырау мұнай өңдеу зауыты – мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ – тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Зауыт құрылысы 1943 жылы 14 сәуірде басталды. АҚШ – тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. 1945жылы алғашқы өнім берді. 1969 жылы тамыз айында зауытта жылдық жұмыс өнімділігі 3млн. Тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты. Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды. 1980 жылы баяу кокстеу қондырғы іске қосылып, қазақстандық алғаш кокс алынды. 1989 жылдан бері зауытта мұнай коксын қыздыра шынықтыратын қуатты қондырғы жұмыс істейді. 1987 жылы бұрынғы «Гудри» қондырғысында уайт-спирт шығаратын өндірістің бірінші кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды.1993 жылы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 2003 жылдан бастап зауытты қайтадан жарақтау жұмыстары басталды, бұл науқан «Қазақойл» Ұлттық компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының арқасындағы нысанды «толығымен дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92%-ға жететін болады, зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Евро-2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай-ақ шғаруға қол жеткізеді.

Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына Бакудан тасып әкелінетін дистиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Батыс Қазақстан аймағының дамуына, мұанй өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллчтты өздері шығаратын дистиллчтқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарай бастады.

Зауыт 65 жыл ішінде отындық мақсатта мұнай өнымдерін шығаратын осы заманғы озық кәсіпорынға айналды. Мұнай өңдейтін барлық технологиялық қондырғыларды техника жағынан қайта жабдықтандыру жөнінде көлемді жұмыстар жүргізіп, жылдық өнімді 5 млн. тоннаға дейін өсіруге қол жеткізілді.

1999 жылдың ортасынан бастап зауыт түйіршіктеу блогы бар күкірт шығару қондырғылары салынып пайдалануға берілді.

Қара май өндіруді төмендету бағдарламасы аясында баяу кокстеу қондырғысымен АВТ-3 қондырғысының вакуум блогын кешенді қайта жаңғырту жобасын іске асыру басталды. Зауыттың қайта жаңғыртудың екінші кезеңі-ароматты көмірсутектер шығаратын кешенді құрылысы өз бастауын алды.

Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта сондай-ақ сабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған «Тосол-А-50М», ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығы өндіріледі.