
- •Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы азаматтық құқық
- •Мазмұны
- •2.3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
- •3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде
- •3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері
- •4.3 Жарамсыз мәміле түсінігі, түрлері және құқықтық салдары
- •5.1 Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері
- •5.2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы
- •6.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
- •6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері
- •7.1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер
- •7.2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы (қр ак 235-258 баптары)
- •8.2 Міндеттемені орындау (қр ак 272-291 баптары)
- •8.4 Міндеттемені тоқтату (қр ак 367—377 баптары)
- •10.2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар
- •10.4 Шартты өзгерту және бұзу
- •Тестілік тапсырмалар
- •1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады?
- •2. "Заңды тұлға" түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген?
- •18. Коносамент дегеніміз -
- •19. Акция дегеніміз -
- •20. Облигация дегеніміз –
- •57. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін?
- •68. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары:
- •69. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін?
- •83. Толық серіктестік қатысушыларының серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі қандай?
- •84. Сенім серіктестігі дегеніміз -
- •85. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз -
- •135. Толық серіктестік
- •136. Жазбаша нысанда жасалуы тиіс мәмілелер:
- •137. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау
- •147. Фьючерстік мәміле бойынша:
- •148. Опциондық мәміле дегеніміз -
- •149. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені:
- •150. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі:
- •151. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды?
- •152. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма?
- •153. Сенімхат дегеніміз -
- •160. Сот талап қою мерзімін қандай жағдайда қолдана алады?
- •161. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады?
- •162. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуіне байланысты қосымша талаптар бойынша талап қою мерзімі аяқталады ма?
- •163. Төмендегі көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою қолданылмайды?
- •164. Эмансипация ұғымы
- •165. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында талап қою мерзімінің өтуі үзіледі?
- •205. Оралымды басқару құқығы
- •206. Сервитут
- •207. Иелену құқығы
- •208. Пайдалану құқығы болып заңмен қамтамасыз етілген төмендегі мүмкіндік
- •231. Кепілзат
- •232. Ипотека
- •233. Кепіл мәні (насанасы) бола алатындар:
- •234. Кепіл мәні (нысанасы) болып табылатын ақша қайда орналастырылады?
- •236. Айналымдағы тауарларды кепілге салу
- •259. Борышқорлардың субсидиялық жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші
- •260. Регрестік міндеттемелер
- •265. Қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім
- •266. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор
- •267. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер
- •268. Несие беруші мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының жауапкершілігі кімде?
- •269. Белгілі бір затты меншікке немесе несие берушінің пайдалауына жеке беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, несие беруші:
- •270. Ішінара әрекет қабілеттілік қай жастар арасын қамтиды?
- •271. Міндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамаған үшін айып төлеу
- •Міндеттемені орындау
- •283. Ақысыз шарт дегеніміз -
- •284. Жария шарт дегеніміз -
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
- •21.6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
- •21.7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы Сақтандыру шартының жарамсыздығы:
- •28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық
- •29.2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар (қр ак 971 – 990 баптары)
- •30.3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар
- •1. Сатып алу-сату шартының ең толық және дұрыс анықтамасы
- •24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша аталған әрекеттердің қайсысы абоненттің міндеті болып табылмайды?
- •25. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда:
- •31. Айырбас шарты бойынша
- •76. Кондоминиум дегеніміз -
- •77. Пәтер иелерінің кооперативі (пик) дегеніміз:
- •102. Фрахт алушы (фрахтователь) дегеніміз:
- •103.Тіркелген жүк немесе теңдеме жүкті жоғалды деп тану мерзімі
- •155. Сақтандыру ұйымына заемдар алуға болмайтын пайыз мөлшері
- •156. Сақтандыру агенті ұғымы
- •157. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау жөніндегі шешімді кім бекітеді?
- •158. Аннуитеттік сақтандыру ұғымы
- •166. Жалпы ереже бойынша тапсырма шартын біржақты тәртіппен бұзуға бола ма?
- •167. Тапсырма шарты мен комиссия шартының айырмашылығы
- •168. Комиссия шартына сәйкес комиссионердің міндеті
- •217. Конкурс түрлері
- •218. Жабық конкурс түсінігі
- •219. Конкурс ғылым,әдебиет немесе өнер шығармаларын жасау жөнінде жарияланған болса, конкурс бастамашысы иеленетін құқықтар
- •220. Көпшілік алдында сыйақы төлеу туралы уәде еткен тұлғаның сол уәдесінен бас тартуына болмайтын жағдайлар
- •221. Лоторея, тотализатор немесе өзге ойындар жүргізгенде ұтыс төлеу мерзімі олардың ережелерінде көрсетілмесе, ұтыс төленетін мерзім
- •222. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құмар ойындар мен бәстігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары
- •223 Қазақстанда құмар ойындарды жүргізуге құқылы тұлғалар
- •224. Тендер жеңімпазы ретінде танылатын тұлға
- •225. Тендерді бірінші саудаластықта өткізілмеді деп тану негіздері
- •226. Тендер өткізілгенде оны ұйымдастырушының міндеттері
- •259. Пайдалы модельді патентке қабілетті деп тану негіздері
- •260. Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгінің авторы ретінде танылатын тұлға
- •266. Өнертабыс түсінігі
- •267. Тауар белгісіне құқықтың қолданылу мерзімі
- •268. Сабақтас құқықтарды қорғау белгісі
- •276. Мұрадағы міндетті үлестің мөлшері
- •277. Өсиет қалдырушының өсиетті өзгерту және күшін жою құқықтары
- •278. Мұра қалдырушыға несие берушілердің құқықтары
- •280. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі
- •281. Өсиетке енгізілмеген мүлік бөлігінің құқықтық жағдайы
- •282. Мұра қалдырушымен заңды некеде тұрған, бірақ іс-жүзінде бірге тұрмайтын оның жұбайына (жолдасына) мұра тиесілі бола ма?
- •Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы Азаматтық құқық Оқу құралы
6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері
Мерзімдер қандай тұлғаның белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдері деп бөлінеді.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі – уәкілетті тұлға субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі (меншік құқығы, авторлық құқық т.б.).
Субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - уәкілетті тұлға белгілі бір субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға шынайы мүмкіндігі болатын уақыт кезеңі (сенімхаттың әрекет ету мерзімі)
Тыйым салатын мерзім - уәкілетті тұлға өзіне тиесілі құқықты жүзеге асырмаған немесе тиісті түрде жүзеге асырмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын тоқтату қаупі болатын қатаң шектеулі уақыты бар мерзім (олжаны сақтау мерзімі - 6 ай ҚР АК 245 бабының 4-ші тармағы).
Шағымдану мерзімі - уәкілетті тұлға бұзылған өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданғанға дейін тікелей міндетті тұлғаға талап қою уақыт бөлігі (тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сотқа талап арызын бермес бұрын құқығын бұзушыға талап қоюға құқылы/міндетті).
Кепілдік мерзімі - сатушының немесе дайындаушының көрсеткен мерзімі ішінде тауардың үздіксіз қызмет атқаруын және осы мерзім ішінде анықталған кемшіліктерін ақысыз жоюды қарастыратын уақыт кезеңі (теледидар, шаң сорғыш т.б. берілетін кепілдік мерзімдері).
Жарамдылық мерзімі - нормативтік актілермен бекітілген мерзім ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, парфюмерлік-косметикалық тауарлар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңі.
Қызмет мерзімі - дайындаушы кейбір заттар үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде олардың қалыпты пайдалану мүмкіндігін қарастыратын, сонымен қатар дайындаушы кінәсінен болған кемшіліктерді жоюды қамтитын уақыт кезеңі (киім-кешек т.б.)
Азаматтық құқықтың пайда болу мерзімі - субъективтік азаматтық құқықтың пайда болуы байланыстырылатын мерзім (иелену мерзімі - меншік иесі болып табылмайтын тұлға қозғалмайтын мүлікті ең азы 15 жыл, басқа мүлікті 5жыл бойы адал, ашық, ұдайы иеленген жағдайда ол мүлікке меншік құқығын /иелену мерзімін/ алады - ҚР АК 240 бабы)
Азаматтық міндетті орындау мерзімі - міндеттемелермен
қарастырылған әрекеттерді міндетті тұлғаның жасауға тиісті уақыт кезеңі (заем шарты бойынша қарыз ақшаны қайтаруц мерзімі).
6.3. Талап (талаптың ескіруі) қою мерзімінің түсінігі, маңызы, қолданылуы. Талаптың ескіруі - тұлға құқығының немесе заңмен қорғалатын мүддесінің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімдері және ооларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Талап қоюдың жалпы мерзімі 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Талап қою мерзімінің өтуі тұлға құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады (АК 180 бап) /айрықша жағдай азаматтық кодекс және өзге де заң актілерімен қарастырылуы мүмкін/.
Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін (қысқартылған мерзім: қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап талап қою мерзімі – 1 жыл болады ҚР АК 162 бабының 2 тармағы).
Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап қойғанға дейін талап қою мерзімінің өтіп кетуі соттың талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру (АК 182 бабы)
Талап қою мерзімінің өтуі:
егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаса;
міндеттемелердің бұл түрін орындау ҚР-сы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты (мораторий);
егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.
Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі 6 айға дейін, ал егер қою мерзімі 6-айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс (АК 183 бап)
Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі.
Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру (АК 185 бап). Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Егер себепті жағдайлар талап қою мерзімінің соңғы 6 ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім 6 айға тең немесе 6 айдан аз болса - талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды танылады.
Белгілі бір іс бойынша сот шешімін орындаудан бас тартылуына байланысты заң актілеріне сәйкес талапкердің тап сол іс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзімі қалпына келтіріледі және қайтадан өте бастайды.
Талап қою қолданылмайтын талаптар. Талап қою:
заң актілерінде көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң 3 жылдан асырмай қанағаттандырылады;
егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса, олардың осы құқық бұзушылықты жою талабына;
заң актілерінде белгіленген реттерде басқа да талаптарға да қолданылмайды.
Тапсырмалар:
- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің өзге құқық салаларындағы мерзімдерден айырмашылықтары мен ерекшеліктері неде?
- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлерін атап шығыңыз.
- Талап қою ұғымы қашан пайда болды және нені білдіреді?
- АҚШ, Батыс еуропа және кейбір Азия елдерінің заңнамасы бойынша талап қою мерзімін талдап, еліміздің азаматтық заңнамасымен салыстырыңыз.
7 – тарау. Меншік құқығы және өзге де құқықтар (ҚР АК 188-234 баптары)