
- •Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы азаматтық құқық
- •Мазмұны
- •2.3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
- •3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде
- •3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері
- •4.3 Жарамсыз мәміле түсінігі, түрлері және құқықтық салдары
- •5.1 Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері
- •5.2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы
- •6.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
- •6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері
- •7.1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер
- •7.2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы (қр ак 235-258 баптары)
- •8.2 Міндеттемені орындау (қр ак 272-291 баптары)
- •8.4 Міндеттемені тоқтату (қр ак 367—377 баптары)
- •10.2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар
- •10.4 Шартты өзгерту және бұзу
- •Тестілік тапсырмалар
- •1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады?
- •2. "Заңды тұлға" түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген?
- •18. Коносамент дегеніміз -
- •19. Акция дегеніміз -
- •20. Облигация дегеніміз –
- •57. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін?
- •68. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары:
- •69. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін?
- •83. Толық серіктестік қатысушыларының серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі қандай?
- •84. Сенім серіктестігі дегеніміз -
- •85. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз -
- •135. Толық серіктестік
- •136. Жазбаша нысанда жасалуы тиіс мәмілелер:
- •137. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау
- •147. Фьючерстік мәміле бойынша:
- •148. Опциондық мәміле дегеніміз -
- •149. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені:
- •150. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі:
- •151. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды?
- •152. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма?
- •153. Сенімхат дегеніміз -
- •160. Сот талап қою мерзімін қандай жағдайда қолдана алады?
- •161. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады?
- •162. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуіне байланысты қосымша талаптар бойынша талап қою мерзімі аяқталады ма?
- •163. Төмендегі көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою қолданылмайды?
- •164. Эмансипация ұғымы
- •165. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында талап қою мерзімінің өтуі үзіледі?
- •205. Оралымды басқару құқығы
- •206. Сервитут
- •207. Иелену құқығы
- •208. Пайдалану құқығы болып заңмен қамтамасыз етілген төмендегі мүмкіндік
- •231. Кепілзат
- •232. Ипотека
- •233. Кепіл мәні (насанасы) бола алатындар:
- •234. Кепіл мәні (нысанасы) болып табылатын ақша қайда орналастырылады?
- •236. Айналымдағы тауарларды кепілге салу
- •259. Борышқорлардың субсидиялық жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші
- •260. Регрестік міндеттемелер
- •265. Қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім
- •266. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор
- •267. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер
- •268. Несие беруші мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының жауапкершілігі кімде?
- •269. Белгілі бір затты меншікке немесе несие берушінің пайдалауына жеке беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, несие беруші:
- •270. Ішінара әрекет қабілеттілік қай жастар арасын қамтиды?
- •271. Міндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамаған үшін айып төлеу
- •Міндеттемені орындау
- •283. Ақысыз шарт дегеніміз -
- •284. Жария шарт дегеніміз -
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
- •21.6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
- •21.7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы Сақтандыру шартының жарамсыздығы:
- •28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық
- •29.2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар (қр ак 971 – 990 баптары)
- •30.3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы
- •Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар
- •1. Сатып алу-сату шартының ең толық және дұрыс анықтамасы
- •24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша аталған әрекеттердің қайсысы абоненттің міндеті болып табылмайды?
- •25. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда:
- •31. Айырбас шарты бойынша
- •76. Кондоминиум дегеніміз -
- •77. Пәтер иелерінің кооперативі (пик) дегеніміз:
- •102. Фрахт алушы (фрахтователь) дегеніміз:
- •103.Тіркелген жүк немесе теңдеме жүкті жоғалды деп тану мерзімі
- •155. Сақтандыру ұйымына заемдар алуға болмайтын пайыз мөлшері
- •156. Сақтандыру агенті ұғымы
- •157. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау жөніндегі шешімді кім бекітеді?
- •158. Аннуитеттік сақтандыру ұғымы
- •166. Жалпы ереже бойынша тапсырма шартын біржақты тәртіппен бұзуға бола ма?
- •167. Тапсырма шарты мен комиссия шартының айырмашылығы
- •168. Комиссия шартына сәйкес комиссионердің міндеті
- •217. Конкурс түрлері
- •218. Жабық конкурс түсінігі
- •219. Конкурс ғылым,әдебиет немесе өнер шығармаларын жасау жөнінде жарияланған болса, конкурс бастамашысы иеленетін құқықтар
- •220. Көпшілік алдында сыйақы төлеу туралы уәде еткен тұлғаның сол уәдесінен бас тартуына болмайтын жағдайлар
- •221. Лоторея, тотализатор немесе өзге ойындар жүргізгенде ұтыс төлеу мерзімі олардың ережелерінде көрсетілмесе, ұтыс төленетін мерзім
- •222. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құмар ойындар мен бәстігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары
- •223 Қазақстанда құмар ойындарды жүргізуге құқылы тұлғалар
- •224. Тендер жеңімпазы ретінде танылатын тұлға
- •225. Тендерді бірінші саудаластықта өткізілмеді деп тану негіздері
- •226. Тендер өткізілгенде оны ұйымдастырушының міндеттері
- •259. Пайдалы модельді патентке қабілетті деп тану негіздері
- •260. Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгінің авторы ретінде танылатын тұлға
- •266. Өнертабыс түсінігі
- •267. Тауар белгісіне құқықтың қолданылу мерзімі
- •268. Сабақтас құқықтарды қорғау белгісі
- •276. Мұрадағы міндетті үлестің мөлшері
- •277. Өсиет қалдырушының өсиетті өзгерту және күшін жою құқықтары
- •278. Мұра қалдырушыға несие берушілердің құқықтары
- •280. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі
- •281. Өсиетке енгізілмеген мүлік бөлігінің құқықтық жағдайы
- •282. Мұра қалдырушымен заңды некеде тұрған, бірақ іс-жүзінде бірге тұрмайтын оның жұбайына (жолдасына) мұра тиесілі бола ма?
- •Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы Азаматтық құқық Оқу құралы
3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде
Бағалы қағаз дегеніміз – мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.
Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін. Бағалы қағаздарға акция, облигация, ислам бағалы қағаздары, тұрғын үй жинақтау сертификаты, жай және қос қойма куәліктері және т.б. жатады.
Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Құжатты бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар ҚР азаматтық кодексінің 129 бабының 3 тармағының 4 бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз – ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.
Ордерлі бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру арқылы тәртіппен қарастырылса, басқа тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.
3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері
Азаматтық құқықтың объектісі болуы мүмкін ақпарат дегеніміз нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық сипаттағы үшінші тұлғаларға белгісіз мағлұмат. Мұндай ақпаратты иеленушісі заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар.
Интеллектуалдық меншік объектіге айналған нәтижелері азаматтық құқық объектісі бола алады. Олардың қатарына авторлық құқық бойынша ғылым, әдебиет және өнер туындылары (шығармалары), патенттік құқық бойынша өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі, селекциялық жетістік деп танылатын өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсімдіктер сорттарынан ерекшелендіретін бір немесе бірнеше шаруашылық белгілері бар өсімдік сорты немесе мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегі жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкіндік беретін генеологиялық құрылымы мен қасиеті бар және бір тұқым ретінде көбейту үшін сан жағынан жеткілікті тұқым, яғни шығу тегі ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы, интегралды микротәсім топологиясына құқықтар кіреді. Бұл сұрақтар интеллектуалдық меншік құқығы тақырыбы (азаматтық құқықтың ерекше бөлімі) шеңберінде кеңірек қарастырылады.
Азаматтық құқықтың объектілері ретінде материалдық емес игіліктер мен құқықтар да болуы мүмкін. Ар-намыс, абырой, іскерлік бедел, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке басының құпиясы, өз бейнесіне құқығы, тұрғын үйіне қол сұқтырмау құқығы және өзге де мүліктік емес құқықтар мен игіліктер болуы мүмкін. Мысалы, адамның өмірі мен денсаулығы материалдық емес игілік болса, оған зиян келтірілуден қорғау адамның материалдық емес құқығы болады. Материалдық емес құқықтар мен игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде оларға зиян (нұқсан) келтірілген жағдайда ғана қарастырылады.
Ар-намыс деген – азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы. Азаматтың жеке басына қатысты жағымды қасиеттеріне қоғамның (немесе ұжымның) бағасы.
Абырой деген – өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.
Іскерлік бедел деген – жеке немесе заңды тұлғаның кәсіби қызметіне қоғам (ұжым) беретін баға.
Тапсырмалар:
Азаматтық құқықтың объектілері атауына пікіріңіз қандай?
Құқық құқықтың объектісі болуы мүмкін бе?
Осы сұраққа қатысты ғалымдардың көзқарастарын талдаңыз және өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
Кез келген материалдық игілік азаматтық құқық объектісі бола ала ма?
Материалдық емес игіліктер мен құқықтарды барынша толық атап шығыңыз.
Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер:
ҚР Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсан (115-146 баптар)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461- II ҚР заңы.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310- III ҚР заңы.
ҚР Жоғарғы Сотының «Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы (Пленумның 1998 жылғы 15 мамырындағы № 5 қаулысымен және 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен өзгертулер енгізілген)
ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы (2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
4 – тарау. Мәмілелер (ҚР АК 147-162 баптары)
4.1 Мәміле түсінігі мен түрлері
Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған құқықтық әрекеттері.
Мәміле - құқықтық (құқыққа сай) әрекет.
Мәміле - ерікті әрекет, яғни нақты құқықтық мақсатқа жетуді көздейтін әрекет.
Мәміленің түрлері:
- біржақты және екі немесе көпжақты (тараптардың ерік білдіруіне қарай);
- каузалды және абстракциялық (мәмілелелердің туындау негіздерінің байланыстылық дәрежесіне қарай);
- шартты мәмілелер: кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын және кейін күші жойылатын шартпен жасалатын (белгілі-бір фактінің туындау немесе туындамауына қарай);
- ақылы және ақысыз (бір тарап міндетінің екінші тарап міндетіне сәйкес келуіне қарай);
- шынайы және консенсуалды;
- биржалық мәміле;
- негізгі және қосымша мәмілелер.
Біржақты мәміле - заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле (мысалы: өсиет, берілген сенімхатты тоқтату, азаматтың өзіне тиесілі құқығынан бас тартуы).
Екіжақты немесе көпжақты мәміле - екіжақтың немесе одан көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет болатын мәміле (сатып алу-сату, айырбастау, рента шарттары және т.б.).
Каузалды мәміле - (causa - себеп, негіз) – мәміленің жарамды болуы толықтай оның негізіне байланысты болатын мәміле. Мысалы, сатып алушы тауардың бағасын алдын-ала төлеп қойса да, сатушы тауарды бермеді, сол себептен де оның сатып алушыдан алған ақшаға құқығы жойылады. Каузалды мәміленің құқықтық мақсатқа жету мүмкіндігінің болмауы немесе заңсыз болуы, оны жарамсыз етеді.
Абстракциялық мәміле – жарамды болуы оның негізіне байланысты болмайтын әрекет. Мысалы, вексельдің жарамды болуы жасалған кездегі мәміленің жарамдылығына байланысты емес.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Мысалы, шартты банктік салым шарты (яғни, азамат кәмелет жасқа жеткен кезде оның атына банкке салынған ақшаны алуға құқылы).
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Мысалы, шартты банктік салым шарты бойынша азамат шартта көрсетілген (он сегіз жас т.б.) жасқа жетпей қайтыс болса, құқықтар мен міндеттер тоқтатылады және мәміле шартсыз мәмілеге айналады.
Ақылы мәміле – бір тараптың міндетіне екінші тарап міндетінің сәйкес келуін талап ететін мәміле. Мысалы, сатып алу-сату шарты, рента шарттары және т.б.
Ақысыз мәміле – бір тарап міндетіне екінші тарапта қарсы міндеттің болмауын қамтитын мәміле. Мысалы, өсиет, сыйға тарту шарты.
Шынайы мәміле – мәміле жасау үшін тараптардың келісімін және оның нысанасы болып табылатын мүлікті беруді қажет ететін шарт. Мысалы, заем шарты, сыйға тарту шарты, жүктерді тасымалдау шарты және т.б.
Консенсуалды мәміле – мәміле жасау үшін тараптардың келісімін қажет ететін және шарттың жасалу сәті мен орындалу сәтінің бір мезгілде жүзеге аспайтынын қамтитын мәміле. Мысалы, тауар жеткізілімі шарты, жолаушыларды тасымалдау шарты, мердігерлік шарттары және т.б.
Негізгі және қосымша мәміле. Қосымша мәміле негізгі мәмілені толықтырады, нақтылай түседі, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, негізгі мәміле – несие шарты, ал қосымша мәміле – кепіл, кепілдік, кепілболушылық шарттары.
Биржалық мәміле – биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа да мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру туралы келісімдер. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.
Биржалық мәміле – биржалық сауда-саттық барысында биржа тіркеген биржа қатысушыларының тауарларға қатысты жасасқан шарты. Биржалық мәмілелердің түрлері:
форвардтық мәмілелер – нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара келешекте беру жөніндегі келісім.
фьючерслік (опциондық) мәмілелер – стандарттық шарттар негізінде келешекте берілетін биржалық тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер.
Биржа дегеніміз – көрсететін қызметінен түсетін кірісі оның шығындарын жабуға, ақпараттық-техникалық және әлеуметтік дамуына жұмсалатын субъект. Биржа өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асырады.
Биржалық сауданың қатысушылары:
брокерлік ұйымдар, делдалдар, бір жолғы келушілер
брокер – биржалық мәмілелерді клиент атынан және есебінен немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен немесе өз атынан бірақ клиент есебінен жасайтын тұлға;
делдал – биржада қайта сату мақсатында өз атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасайтын тұлға;
бір жолғы келуші – биржалық мәмілелерді өз атынан және өз есебінен бір рет жасайтын тұлға.
Тауар биржаларының түрлері:
жабық (биржалық саудаға тек қана биржа мүшелері қатысады);
ашық (биржалық саудаға кез-келген тұлға жіберіледі)
Тауар биржасның органдары:
биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы;
биржалық кеңес;
тексеру комиссиясы
4.2 Мәміленің жарамдылық жағдаяттары (алғышарттары)
Мәміле жарамдылығының түсінігі - құқықтық талаптарға сәйкес келуі және тараптардың мәмілені жасаған кездегі ниет еткен құқықтық салдарды туындату мүмкіндігі. Мәміле жарамдылығының жағдаяттарын төрт топқа бөлуге болады:
- тиісті субъектілік құрамының болуы: мәмілеге қатысушы жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі, заңды тұлғалардың жалпы немесе арнайы құқыққабілеттілігінің болуы;
- шарт жасасу кезіндегі ерік білдіру мен тараптардың шынайы еркінің сәйкес келуі;
- мәміле мазмұнының заңдылығы, яғни мәміле мазмұны заң талаптарына сәйкес болуға тиіс;
- мәміле нысанының сақталуы:
ауызша (орындалу сәті мен жасалу сәті бір мезгілде жүзеге асырылса; конклюдентті мәмілелер – тұлғаның мәміле жасауға ерік білдіру әрекеті болып табылады. Мысалы, автоматтандырылған құралға ақша салып кофе, шәй, сусын алу және т.б.). Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК 151-ші бабының 4-ші тармағы)
жазбаша: 1) кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын; 2) мәміленің жасалу сәті мен орындалу сәті бір мезгілде жүзеге асырылмаса және мәміле бағасы жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан асатын болса; 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның өзі жай жазбаша немесе білікті, яғни нотариалды куәландыру түрінде, ал кейбір мәмілелер үшін мемлекеттік тіркеу міндетті болып табылады. Екі заңды тұлға арасында жасалған мәміле жай жазбаша нысанда жасалған болып саналады. Ал, рента шарттарының (тұрақты рента, ғұмырлық рента, өмір бойы асырауда ұстау) нотариалды куәландырылуы міндетті болп табылады. Жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелер мемлекетті тіркеуді қажет етеді. Сол сияқты көлік құралдарымен (соның ішінде жиі кездесетіні-автокөліктермен) жасалатын мәмілелерді де мемлекеттік тіркеу міндетті болып табылады.