Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қыстаубай Азаматтық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

147. Фьючерстік мәміле бойынша:

  1. биржалық стандартық шарттарға сай құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне береді

  2. нақты тауарларға байланысты құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне береді

  3. нақты тауарға байланысты құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне беріп, тауарды жеткізіп беру кейінге қалдырылады

  4. биржалық тауар жеткізілімі бойынша биржалық тауарға немесе контрактіге байланысты құқықтарды келешекте беру көзделеді

  5. биржалық сауда ережесіне сай биржалық тауарлар мен контрактілер сатылады

148. Опциондық мәміле дегеніміз -

  1. биржалық тауар немесе биржалық тауарды тапсыруға құқықтар мен міндеттерді болашақта беруге талап ету құқығын беру бойынша мәміле

  2. іс жүзіндегі тауарға қатысты өзара құқықтар мен міндеттерді беру бойынша мәмілелер

  3. іс жүзінде бар тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру бойынша мәмілелер

  4. болашақта биржалық тауарды тапсыруға стандарттық контрактілер жөніндегі құқықтар мен міндеттерді өзара беру бойынша мәмілелер

  5. биржалық тауармен немесе биржалық сауда ережелерінде қарастырылған контрактімен жасалатын мәміле

149. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені:

  1. егер оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ мәмілені жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, ол мәміленің басқа бөліктерінің жарамсыз деп тануға негіз болмайды

  2. жарамсыз деп тануға негіз болады

  3. қайта жасауға негіз болады

  4. тараптардың мүлкін тәркілеуге негіз болады

  5. мемлекеттік тіркеуге міндеттейді

150. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі:

  1. өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады

  2. кез-келген жағдайда өкілдік беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады

  3. өкілдік беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғыза алмайды

  4. өкілдік беруші үшін тек азаматтық құқықтарды туғызады

  5. өкілдік беруші үшін тек заңмен көзделген жағдайда ғана жауапкершілік туғызады

151. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды?

  1. өкілдің өкілеттілігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде

  2. жазбаша шарт негізінде

  3. жазбаша шарт пен сенімхат негізінде

  4. сенімхат пен ауызша шарт негізінде

  5. жазбаша шарт, сенімхат және патент негізінде

152. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма?

  1. білдіре алмайды

  2. білдіре алады

  3. жоқ, егер заңды құжаттарда өзгеше көзделмесе

  4. иә, тек заңды құжаттарда көзделген жағдайда

  5. жоқ, егер кодексте өзгеше көзделмесе

153. Сенімхат дегеніміз -

  1. бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі

  2. бір адамның (сенім білдіргіштің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім танушыға) берген жазбаша уәкілдігі

  3. бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген ауызша уәкілдігі

  4. сенім білдіруші көрсетілген кез келген құжат

  5. сенім білдірген көрсетілген кез келген құжат

154. Қандай сенімхатты нотариат куәландыруға тиіс?

  1. егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе мүлікке билік етуге және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты

  2. кез келген сенімхатты

  3. тек мүлікке билік жасауға берілетін сенімхатты

  4. мүліктің жеке түрлеріне билік жасауға берілетін сенімхатты

  5. нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты

155. Басқа тұлғаның атынан бір тұлғаның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен мәміле жасау не деп аталады?

  1. тапсырма

  2. өкілдік

  3. жәй тапсырма

  4. арнайы өкілдік

  5. сенімхат

156. Сенімхаттың әрекет етуінің ең жоғары мерзімі қандай?

  1. егер заңды актілермен өзге белгіленбесе, 1 жыл

  2. егер Азаматтық кодекспен өзге көзделмесе, 6 ай

  3. 3 жыл

  4. 5 жыл

  5. 10 жыл

157. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі:

  1. негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолдану мерзімінен аспауы керек

  2. 3 айдан аспауы керек

  3. 6 айдан аспауы керек

  4. 1 жылдан аспауы керек

  5. 3 жылдан аспауы керек

158. Егер сенімхатта қолдану мерзімі көрсетілмесе:

  1. ол жарамсыз болып танылады

  2. белгіленбеген мерзімге берілген болып танылады

  3. ол тек 6 ай жарамды болады

  4. ол 1 жылға берілген болып танылады

  5. ол тек 30 күнге жарамды болады

159. Талап қою мерзімі өтіп кеткен жағдайда:

  1. сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты, талап қою мерзімі өтіп кетуіне қарамастан, өз қарауына алады

  2. бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алмайды

  3. талап қою мерзмі өтіп кету себебіне қарай сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты өз қарауына алады

  4. талап қою мерзмі өтіп кету себебін сот орынды деп таныған кезде, бұзылған құқықты қорғау туралы талапты өз қарауына алады

  5. бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алмауға құқығы бар