Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қыстаубай Азаматтық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

10.4 Шартты өзгерту және бұзу

Егер заңнама мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісуімен өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:

  • екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;

  • басқа да жағдайларда тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуі шартты бұзып, ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады.

Шартты орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда (шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаған, банкрот деп таныған, мемлкекттік органның актісі күшін жойған жағдайда) шарт өзгертілді немесе бұзылды деп есептеледі.

Шартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттеме бойынша өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ.

Шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың өзгертілуінен немесе бұзылуынан келтірілген залаладың орнын толтырылуын талап етуге құқылы. Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзімге ұзартуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар бойынша жасалатын шарт пен еңбек құқықтық қатынастары бойынша жасалатын шарттың айырмашылықтары бар ма? Өз көзқарасыңызды дәлелдеуге тырысыңыз.

  2. Шарт пен уәде арақатынасы қандай? «Уәде – құдай сөзі», «Шарт ақшадан да қымбат» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарттарға мысал келтіріңіз.

۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы

(жалпы бөлім) бойынша

Тестілік тапсырмалар

1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады?

  1. қатысушылардың теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген мүліктік қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастар

  2. жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар

  3. мемлекеттің қаржылық қызметі процесінде туындайтын қатынастар

  4. мемлекеттің қызмет ету аясында туындайтын әкімшілік-құқықтық қатынастар

  5. қатысушылардың теңдігіне негізделген кез-келген қоғамдық қатынастар

2. "Заңды тұлға" түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген?

  1. Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР заңында

  2. ҚР Үкіметінің қаулысында

  3. ҚР Азаматтық кодексінде

  4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР заңында

  5. ҚР Әділет Министрлігінің бұйрығында

3. ҚР-сы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданған уақыт:

  1. 1994 жылғы 27 желтоқсан

  2. 1995 жылғы 1 наурыз

  3. 1998 жылғы 1 шілде

  4. 1995 жылғы 31 тамыз

  5. 1992 жылғы 28 қаңтар

4. ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) заңды күшіне енген уақыты:

  1. 1992 жылғы 28 қаңтар

  2. 1995 жылғы 1 наурыз

  3. 1994 жылғы 27 желтоқсан

  4. 1998 жылғы 1 шілде

  5. 1995 жылғы 31 тамыз

5. Төмендегі нормативтік құқықтық актілердің қайсысының заңдық күші басым?

  1. ҚР-сы Азаматтық кодексі(жалпы бөлім)

  2. ҚР-сы Азаматтық кодексі(ерекше бөлім)

  3. ҚР-сы Конституциясы

  4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР Заңы

  5. Шаруашылық серіктестіктер туралы ҚР заңы

6. Жалпы ереже бойынша азаматтық заң актілерінің кері күші бар ма?

  1. Үкімет қаулысында көрсетілсе, кері күші болады

  2. кері күші болады

  3. оларды күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылады

  4. кері күші болмайды және ол күшінен енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға ғана қолданылады

  5. Облыс әкімінің шешімінде көзделсе, кері күші болады

7. Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы - дегеніміз:

  1. тараптың құқықтары мен міндеттерін азаматтық заңдардың мәніне қарай белгілеу

  2. тараптардың құқықтары мен міндеттерін адал, парасатты және әділ әрекет жасау талаптарына сәйкес жүзеге асыру

  3. құқық ұқсастығы ұғымымен бірдей

  4. іскерлік әдет-ғұрыпты қолдану

  5. ұқсас қатынастарды реттейтін азаматтық заң қалыптарын қолдану

8. ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) құрылымына қанша бөлім, тарау және бап кіреді?

  1. 6 бөлім, 40 тарау, 400 бап

  2. 5 бөлім, 20 тарау, 410 бап

  3. 10 бөлім, 32 тарау, 460 бап

  4. 3 бөлім, 24 тарау, 405 бап

  5. 2 бөлім, 20 тарау, 366 бап

9. Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен шарттың арақатынасы қандай?

  1. міндеттеме - құқықтық қатынас, ал шарт – келісім

  2. міндеттеме - әр кез қаржылық құқықтық қатынас, ал шарт – келісім

  3. міндеттеме - тек қана экологиялық құқықтық қатынас, ал шарт - мәміле

  4. міндеттеме - азаматтық іс жүргізу құқығындағы қатынас, ал шарт – бұйрық сипаттас құжат

  5. міндеттеме - әр кез конституциялық құқықтық қатынас, ал шарт - келісім

10. Азаматтық құқықтың қатынастардың мазмұнын не құрайды?

  1. моралдық құқықтар мен міндеттер

  2. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері

  3. қатысушылардың тек мүліктік жағдайына негізделген қоғамдық қатынастар

  4. мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі

  5. қоғамдық маңызы бар кез-келген фактілер

11. Азаматтық құқықтың қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуының негізі қайсысы

  1. заңды фактілер

  2. заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі

  3. азаматтың деликті қабілеттілігі

  4. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері

  5. кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

12. Заңды (заңи) фактілердің түрлері:

  1. абсолютті және қатысты

  2. құқық тудыратын, құқық өзгертетін, құқық тоқтататын

  3. міндетті, ерікті

  4. бастапқы және туынды

  5. негізгі және қосалқы

13. Азаматтық құқықтың субьектілерінің толық құрамы қайсысы?

  1. жеке тұлғалар және заңды тұлғалар

  2. мемлекет және мемлекеттік органдар

  3. мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөліністер

  4. жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер

  5. жұмысшы және жұмыс беруші

14. Азаматтық құқықтың обьектілері:

  1. субъектілер ретіндегі заңды тұлғалар

  2. материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар

  3. жеке тұлғалар

  4. адам және азаматтар

  5. Қазақстан Республикасының ауа кеңістігі

15. Азаматтық құқықты қорғауды қай орган жүзеге асырады?

  1. конституциялық кеңес

  2. парламент

  3. үкімет

  4. сот

  5. министрліктер мен ведомстволар

16. Төменде аталғандардың қайсысы құқық қорғау тәсілдеріне жатады?

  1. міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару

  2. құқықты шектен тыс пайдалану

  3. кінәсіздік презумпциясы

  4. кінәлілік презумпциясы

  5. тіркеу

17. Өзін - өзі қорғау дегеніміз не?

  1. жылы киініп, өзін-өзі күтіп ұстап жүруі

  2. заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған тұлғаның тікелей іс жүзіндегі немесе заңды әрекеттерімен жүзеге асырылуы

  3. бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына жүгіну құқығы

  4. бұзылған құқықты қорғау үшін ҚР Президент әкімшілігіне жүгіну құқығы

  5. шарты бір жақты тәртіпте бұзу