Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать

3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері

  1. Сот төрелігінің түсінігі маңызы мен міндеттері

  2. Сот төрелігінің маңызы мен міндеттері

  3. Сот төрелігінің принциптері, оның түсінігі мен жүйесі

1. Құқық қорғау қызметтерінің жүйесінің ішінде сот төрелігі ерекше орында тұрады. Сот төрелігі - қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау кезінде мемлекеттік күштеу шараларын қолдану және заңда белгіленген тәртіп пен нысанда сақтау арқылы қарау мен шешуге бағытталған құқық қорғау қызметі болып табылады.

Сот төрелігі - бұл сот отырысында заңда белгілеген тәртіппен азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді заңдылық пен құқық тәртібін жан-жақты нығайту мақсатында қарау және шешу арқылы жүзеге асырылатын соттардың қызметі.

Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.

Сот төрелігінің міндеттері:

  1. соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;

  2. азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;

  3. заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

  4. құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;

  5. құқық бұзушылықтарды ескерту.

2. Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар мен ережелерді қамтиды.

Сот төрелігінің принциптері Қазақстан Республикасы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):

  1. адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

  2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

  3. өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

  4. сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

  5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;

  6. айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

  7. ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;

  8. адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

  9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

  10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

Енді, сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:

    1. заңдылық;

    2. сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;

    3. судьяларды сайлау мен тағайындау;

    4. судьялардың тәуелсіздігі;

    5. судьяларға ешкімнің тиіспеуі;

    6. сот істерін кәсіби негізде қарау;

    7. барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;

    8. тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;

    9. сот ісінің тілі;

    10. сот ісінің жариялылығы;

    11. сот арқылы қорғану;

    12. кінәсіздік презумпциясы.

Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:

  1. сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;

  2. сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;

  3. сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.

Сот төрелігінің қағидаттары- мемлекеттік қызметтің осы түрінің елеулі жақтарын айқындайтын жалпы, басшылққа алынатын негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізі болып табылады.

Сот төрелігі қағидаттарының мағынасы:

  • сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан басқа да сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс.

  • оны жүзеге асыруға қатысатын органдар мен адамдар үшін ғана емес, сондай-ақ сот төрелігі саласында нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыруда және шығаруда заң шығарушылар үшін де міндетті.

  • нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыттары туралы ақпаратты қамтитындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие.

Заңдылық.

Заңдылық - сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:

  1. сот төрелігін Конституцияда және заңда белгіленген тәртіппен құрылған және өкілеттілік берілген соттар ғана жүзеге асырады;

  2. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;

  3. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға тиіс;

  4. соттар ҚР Конституциясын, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, республиканың халықаралық шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс;

  5. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар сот істері бойынша іс-жүргізу тәртібі туралы процессуалдық заңнаманың талаптарын қатаң орындауға тиіс.

Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы.

Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.

Судьяларды сайлау мен тағайындау.

ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:

  1. ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;

  2. ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;

  3. ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынуы.

Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:

  1. судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;

  2. сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;

  3. сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;

  4. судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;

  5. соттар саясаттан тыс;

  6. нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;

  7. судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;

  8. судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Барлығының заң және сот алдындағы теңдігі.

Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан тең болады.

Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылады.

Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы беріледі). Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы, ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.

Сот ісінің жариялылығы

ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ, мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:

  1. егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық құпиялары ашылу қауіпі туындалса;

  2. егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы ашылып қауіпі туындалса;

  3. егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә) қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса.

«Судья лауазымы қателесуге жол бермейді, өйткені біздің жұмысымыздағы әрбір қате – нақты адамның тағдыры, мемлекеттің мүддесі.Біз –Жоғарғы сот – жоғарғы саты, біздің қателеріміз түзелмейді, ешкім шағым бере алмайды».