Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать

Пәннің мақсаты мен мiндеттерi

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» атты оқу пәнi ең маңызды құқықтық пәндердiң бiрi, өйткенi бұл курс шегiнде еліміздің құқық қорғау органдарын ұйымдастыру қызметі мен өкiлеттiктерiнің мәселелері қарастырылады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәнi ретiнде өсiп келе жатқан заңгерлерге соттар, Конституциялық Кеңес, прокуратура органдары, әдiлет органдары, алдын-ала тергеу мен анықтау органдары, адвокатура мен нотариаттың мемлекетте заңдылық және құқықтық тәртiптi бекiту функциясын, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа органдары туралы қажетті мәлiметтердi бередi.

Пәннің жүйесi соттар қызметiнiң ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiне арналған Конституциялық Кеңес, прокурорлық қадағалау мен прокуратура органдарының қызметiнiң басқа бағыттары, қылмысты ашу, алдын алу, тергеу, құқықтық көмек көрсету мәселелерін қамтиды. Бұл пәндi бiлмей «Қылмыстық іс жүргізу», «Азаматтық іс жүргізу», «ҚР Прокурорлық қадағалау» және т.б. сияқты пәндердi түсiну мүмкiн емес.

Сондықтан, әрбiр студентте құқық қорғау қызметi, сот билiгi, сот төрелігі, сот төрелігінің принциптері, сот жүйесi, сот сатылары, алдын-ала тергеу мен анықтау органдары сияқты ұғымдар туралы нақты түсiнiгi болуы керек.

Құқық қорғау органдарының қызметi мен ұйымдастырылуы заңмен қатаң реттеледi. Сондықтан, бұл курсты менгеру тiкелей заңдар мен нормативтiк-құқықтық актiлердi тiкелей оқуды талап етедi.

Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестiң қаулылары, нұсқаулары, ережелері прокуратура органдарының бұйрықтары, инструкциялары мен басқа нормативтiк актiлерi Қазақстан Республикасының министерлiктерi мен ведомстваларының нормативтiк актiлердің Бюллетенiнде жарияланады.

Оқу пәнінің тақырыптарын тереңiрек зерттеу үшiн қосымша материалды қазақстандық және шетелдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнде және «Тураби», «Государство и право», «Законность», «Правоведение», «Юридический мир», «Фемида», «Закон и время», «Юридическая газета», “Заң газетасы”, “Заң журналы”, “Заң және заман”, «Прокурорская и следственная практика», «Закон», «Право», «Человек и право», «Правовая форма», «Правовая реформа», «Адвокат» сияқты журналдардан оқуға болады.

Оқу процесінің кестесі

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша

Сабақтар

дың түрлері

Апта бойынша сағатарды бөлу

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Дәріс

1

1

1

3

1

2

2

3

2

2

1

1

20

Семинар

1

1

-

1

-

1

1

1

1

1

1

1

10

Барлығы

30