Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать
  1. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық, тарихи және қоғамтану білімдері болуы қажет.Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Жалпы тарих, Құқық негіздері, Мемлекет және құқық теориясы, Қоғамтану кіреді.

3. Курстың постреквизиттері:

Пәнді оқып игергеннен кейін «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Қылмыстық құқық», «Криминалистика», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «ҚР Адвокатура» және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып үйренген абзал.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні ретінде, ол барлық құқық қорғау қызметтері мен құқық қорғау органдарының қызметтеріне байланысты мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні студенттерге мемлекеттегі құқық қорғау органдары туралы, қазіргі қоғам өміріндегі құқық қорғау қызметінің орны мен рөлі туралы, заңдылық, құқық шығармашылық пен құқық қолданушылық, құқық бұзушылық пен адам құқықтары мен бостандықтары туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын» заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге құқық қорғау қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметтерін құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, құқық қорғау органдары туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәнін оқып-үйрену барысында студенттер, сонымен бірге құқық қорғау қызметтерінің салалары бойынша білімдерді игереді, олардың қызметтерін реттейтін заңдармен танысады, заңнаманы даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардың тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті әрі маңызды құқық қорғау қызметтерінің дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, құқық қорғау органдарының практикасы шығармашылықпен пайдаланылады.

III. Дәрістің тақырыптық жоспары

Дәріс сабағы

Семинар сабағы

Модуль пәнінің тақырыбы

Көлемі

Модуль пәнінің тақырыбы

Көлемі

1

«ҚР құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

«ҚР құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

2

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер

1

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер

1

3

Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері

1

Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері

1

4

Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

1.Сот билігі: ұғымы және белгілері

2.Тарихы, жай-күйі және болашағы

3.Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құқықтық негіздері

4.ҚР Судьялардың мәртебесі

3

Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

1.Сот билігі: ұғымы және белгілері

2.Тарихы, жай-күйі және болашағы

3.Қазақстан Республикасы сот жүйесінің құқықтық негіздері

4.ҚР Судьялардың мәртебесі

1

5

ҚР Жоғарғы соты

1

ҚР Жоғарғы соты

1

6

ҚР Жергілікті соттар

2

ҚР Жергілікті соттар

7

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.

1. Прокуратура органдарының түсінігі

2.ҚР-ның Бас прокуроры

3.Прокуратура органдарының жүйесі

4.Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары, қағидалары

2

ҚР Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.

1.Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары

2.Прокуратура органдарының жүйесі

3.Бас прокурор

1

8

Қылмыстардың алдын-алу және оларды тергеу

1. Ішкі істер органдары

2.Қаржы полициясы

3. Ұлттық Қауіпсіздік органдары

3

Қылмыстардың алдын-алу және оларды тергеу

1. Ішкі істер органдары

2.Қаржы полициясы

3. Ұлттық Қауіпсіздік органдары

1

9

Әділет органдары Қылмыстық-атқару жүйесі. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің негізгі міндеттері функциялары және құқықтары

2

Әділет органдары Қылмыстық-атқару жүйесі. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің негізгі міндеттері функциялары және құқықтары

Адвокатура және нотариат

1

10

ҚР Президентінің күзет қызметі

2

ҚР Президентінің күзет қызметі

1

11

Кеден ісі

1

Кеден ісі

12

Қазақстан Республикасындағы құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Қазақстан Республикасындағы құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Барлығы

20

Барлығы

10

ІV. Пәннің мазмұны

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Бірінші кезекте құқық қорғау қызметтері, оның салалары, сот төрелігі, оның принциптері, сот билігі, сот жүйесі оқытылады. Бұл тақырыптарды оқу курсына 20 сағат дәріс арналады, аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырады. Екінші кезекте судьялардың мәртебелері, соттардың қызметтерін қамтамасыз ету, прокуратура органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, қаржы полициясы, әділет органдары, ішкі істер органдары, адвокатура мен нотариат мәселелері оқытылады. Бұл бөлімде 20 сағат дәріс арналған, дәріс аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқытылатын бөлімдері

Мақсаты

Міндеттері

Нәтижесі

«ҚР-сы құқық қорғау органдары» курсының түсінігі, пәні, міндеттері.

ҚР-сы сот билігі.

ҚР-сы сот жүйесі.

Сот төрелігі және оның принциптері.

Аудандық және оған теңестірілген соттар.

Облыстық және оған теңестірілген соттар.

ҚР-сы Жоғарғы сот.

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының қызметтері, олардың маңызы мен ерекшеліктерін ашып көрсету, құқық қорғау қызметтерінің түсінігі мен салаларының мәнін анықтау, сонымен қатар, құқық қорғау органдары мемлекеттік органдары жүйесінде алатын орнын қарастыру.

1.Құқық қорғау қызметінің түсінігін және белгілерін ашып түсіну.

2. Құқық қорғау қызметірінің мәні мен салаларын талдау.

3.Сот билігі түсінігін анықтау мен саралау.

4.Сот билігінің нысандарының түсінігі және жіктелуін қарастыру.

5.Сот билігінің атқарушы, заң шығарушы биліктері түсінігін ажырата білу.

6.Сот төрелігі түсінігін және оны құрайтын элементтерді білу.

7.Сот төрелігі принциптерінің түсінігін және құрылымын анықтау. Сот төрелігінің белгілерінің ара қатынасын зерттеу.

8.Сот жүйесі түсінігі мен белгілерін толық меңгеру.

9.Аудандық және оған теңестірілген соттардың өкілеттіктерін анықтау.

10. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот жүйесінде алатын орнын білу.

11. Жоғарғы сот еліміздегі ең жоғары сот буыны ретіндегі ерекшеліктерін қарастыру.

І аралық бақылу

ауызша және тест тапсырады.

Студенттер мемлекеттегі құқық қорғау органдары қызметтерінің құқықтық табиғаты, болмысы туралы толық, кең түсінік алуы керек. Құқық қорғау қызметінің басқа мемлекеттік қызметінің түсінігінен айыра білген жөн.

Құқық қорғау органдары қызметтерін дұрыс түсінбей заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелерін меңгеру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесі. Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметтері мен ұйымдастырылуы

Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Әділет органдары

Қылмыстық атқару жүйесі

Адвокатура және наториат

Қаржы полициясы

Ұлттық қауіпсіздік органдары

ҚР Президентінің күзет қызметі

ҚР Кеден органдары

Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

ҚР-сы судьялардың мәртебелерінің ерекшеліктерінің мазмұнына талдау жасау, соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін қарыстыру, прокуратура органдарының қызметтері, бағыттары, өкілеттіктерінің мазмұнын анықтау, әділет органдарының заң жобаларын дайындау жұмыстарының мәнін қарастыру, алдын ала тергеу мен анықтау органдарының қылмыстармен күресудегі қызметтерін зерделеу, адвокаттық және нотариаттық қызметтерінің мәнін ашып қарастыру

1.Судьялардың мәртебесінің түсінігі және олардың кепілдіктерін білу.

2.Судьяларға қойылатын талаптардың маңызын анықтау.

3.Соттардың қызметтерін қамтамасыз ету қызметінің мәні мен маңызын түсіну.

5.Соттардың қызметтерін қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын органдардың қайнар көзін білу.

6.Прокурорлық қадағалау түсінігі мен мәнін, пәнін ажырата алу.

7.Прокуратура органдары қызметтерінің түсінігі жүйесін білу.

8.Прокурорлық қадағалау актілерінің түсінігі және оның құрылымын меңгеру.

9.Прокуратура органдарының жүйесінің түсінігі және түрлерін білу.

10.Алдын ала тергеу қызметінің түсінігі және нысандарын талдау.

Алдын ала тергеу органдарын білу.

11.Тергеуші және оларға қойылатын негізгі талаптарды білу.

12.Әділет органдары қызметінің түсінігін, құрылымын және жүйесін білу.

Әділет органдарына төмендегі жататын органдар және олардың құрлымы

Қылмыстық атқару жүйесі органдары

Адвокатура және наториат

Қаржы полициясы

Ұлттық қауіпсіздік органдары

ҚР Президентінің күзет қызметі

ҚР Кеден органдары

13.Заң жобаларды дайындау жұмыс тарының түсінігін аша алуы.

14.Адвокаттық қызметтің түсінігін, құрылымын және түрлерін білу.

15.Адвокаттар алқа сы және оның органдарын білу.

16.Нотариалдық қызметтің түсінігін және жіктелуін толық меңгеру.

І аралық бақылау

ауызша және тест тапсырады.

Заң факультет студенттері құқық және құқықтық жүйе бойынша теориялық біліммен жабдықталуы қажет. Сонымен қоса заңдылық, тәртіп және құқықбұзушылық ұғымын жете меңгерген дұрыс.