Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать

Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер

Тапсырма:

Мына сұрақтар бойынша өздігінен дайындалу:

  • Шетел мемлекеттеріндегі соттың рөлі мен маңызы.

  • АҚШ-ғы сот билігі мен сот жүйесі

  • Ұлыбританиядағы сот билігі мен сот жүйесі

  • Ресейдегі сот билігі мен сот жүйесі

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің сот билігі мен сот жүйесі

  • Англо-саксондық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің сот билігі мен сот жүйесі.

  • Мұсылмандық құқықтық жүйедегі сот билігі мен сот жүйесі

Әдістемелік нұсқаулар:

Дүние жүзінің құқықтық сипаттамасы қазіргі кезде өмір сүретін және әрекет ететін көптеген ұлттыќ құқықтық жүйелерден қаралады. Дүние жүзінде кездесетін неше алуан құқықтық отбасылар мен ерекше ұлттық құқықтық жүйелерге тоқталуды мұрат тұтпастан, оның кең таралған түрлеріне шолу жасауды жөн көрдік. Студент сонымен бірге, құқықтық жүйе мен құқық жүйесінің аражігін ажырата білуге тиісті.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №1,2 лекцияда берілген.

Тапсырма 6. Прокуратура органдарының құрылымы және жүйесі

Тапсырма:

  • Прокуратура органдарының жүйесінің ұғымы және оның мәні

  • Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметтерінің принциптері

  • Прокуратура органдарының қызметтерінің басты бағыттары

  • Прокурорлық қадағалаудың мәні мен пәні

  • Прокурорлық қадағалау салаларына жалпы шолу

Әдістемелік нұсқаулар:

Прокуратура органдарының жүйесін дұрыс түсіну арқылы прокуратураның қандай жұмыс жасап отырғанына толық мәліметтер береді. Сондықтан да, тақырыптың сұрақтарына жеткілікті назар аудару ќажет. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптерінің ішінде орталықтандырылған және біртұтастық принцип ерекше орында тұрады. Осыған сәйкес келетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерін сипаттауда оның жүйесін жетік білу аса маңызды. Соның ішінде прокурорлық қадағалаудың салаларының пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №11 лекцияда берілген.

Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары

Тапсырма:

Мына сұрақтарды өз бетінше қарастыру қажет:

  • Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы

  • Алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар

  • Алдын ала тергеудің түрлері

  • Анықтау органдары

  • Анықтаушы мен тергеушінің байлынысы мен ерекшеліктері

  • Жедел-іздестіру қызметінің мәні мен маңызы

  • Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдары

Әдістемелік нұсқаулар:

Алдын ала тергеу қызметтерін жүзеге асыратын органдар мен субъектілері елімізде құқықтық тәртіп пен заңдылық талаптарын сақталуын жүзеге асыра алуы үшін қажет. Сондықтан студент алдын ала тергеу органдары мен субъектілерінің қылмыстарды тергеу бойынша әдістері мен тәсілдерін білуге тиісті. Алдын ала тергеу екі нысанға бөлінеді, алдын ала тергеу мен анықтау. Студенттер осы екі нысанның ерекшеліктері мен өзара қатынас жасау қызметтерін ажырата алуы қажет. Сонымен бірге, қылмыстарды анықтау мен ескертуде жедел-іздестіру қызметі маңызды орында тұратындығын естен шығармау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №10 лекцияда берілген.