
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
ҚР-сы Әділет органдарының мақсаттары мен міндеттері
Әділет органдарының жүйесі
Әділет органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы
Қазақстан Республикасындағы адвокатураның рөлі
Нотариат қызметі
Кеден органдарының қызметі мен қазіргі жағдайына талдау жасау
ҚР Президентінің кузет қызметі органдары
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР-сы Әділет министрлігі құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ішінде ерекше орын алады. ҚР-сы Әділет Министрлігінің мақсаттары мен міндеттерін зерттеу алдымен, осы органның қалыптасуы мен даму тарихына көңіл бөлу қажет. Себебі, Әділет министрлігі кейінгі жылдары бірқатар қайта құрулардан, реформалардан бастан кешті. Әділет министрлігінің басты қызметі заң жобаларын дайындау болғандықтан, осы қызметтен басқа жүзеге асыратын жұмыстардың көлемі де зерттелеуі тиіс. Сонымен бірге, студенттер әділет органдарының жүйесін жақсы меңгеру керек, ол сол органның қызметтерін дұрыс игеруіне әсер етеді. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №10 тақырыбында берілген.
Сұрақтар:
Сот-құқықтық реформасын жүзеге асырудағы ҚР-сы Әділет министрлігінің алатын орны мен маңызы қандай.
ҚР-сы Әділет министрлігінің тұрақты заңнамаларды қалыптастырудағы қызметтері неден көрінеді.
ҚР-сы Әділет министрлігін реформалаудың нәтижелері қандай шаралармен көрінеді.
Құқықтық актілерді тіркеу қызметіндегі әділет органдарының маңызы қандай.
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
Тапсырма:
Г.Ж. Сулейменованың «Суд и судебная власть» оқылығын оқып-зерттеп, конспектілеу
Құқық қорғау қызметіне және оның бағыттарына сипаттама беру
Әдістемелік нұсқаулар:
Құқық қорғау қызметтерінің ерекшеліктерін аныќтау үшін жоғарыдағы еңбекті оқып-меңгерудің маңызы зор. Онда ҚР-нда қалыптасқан құқық қорғау органдарының қызметтері қарастырылады. Құқық қорғау органдарының қызметтерін дұрыс арқылы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіп деңгейінің сақталуы мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жағдайының ахуалы түсіндіріледі.
Жалпы айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметтері мен жүйесіне, өкілеттіктеріне баға беруден бастау дұрыс.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №1,2 лекцияда, №1,5 СОӨЖ берілген.
Тапсырма 2. Сот билігі
Тапсырма:
Мына нормативтік-құқықтық актілерді конспектілеу:
Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы (жоба). Заң газетасы, 2001 8 тамыз.
ҚР-сы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту шаралар туралы” 2000 жылы 1 қыркүйек. Егемен Қазақстан. 2000 жыл 1 қыркүйек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырып бойынша берілген нормативтік актілермен танысу барысында студенттер олардың жеке түрлеріне ғана емес, өзара байланысына да назар аударулары қажет. Себебі, сот билігінің мәселелерін анықтау оның басқа органдармен ара қатынас арқылы беріледі. Сот билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібін нақты анықтау үшін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермер танысу және оларды терең зерделеу қажеттілігі туындалады. Аталған актілерді білу Қазақстан Республикасы сот билігінің басқа мемлекеттік биліктер өкілеттіктерінен ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде студенттердің сот билігі туралы дұрыс түсінік алуына жол ашады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №1,2 тақырыптарында берілген.
Тапсырма 3. Сот төрелігі және оның принциптері
Тапсырма:
Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:
Сот төрелігінің тарихи аспектілері
Сот төрелігі және құқықтық мемлекет
Қазақстан Республикасында сот төрелігін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі
Сот төрелігі және оның негізгі принциптері (нақты 2 не 3 принцип бойынша)
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәуелсіз Қазақстанда сот төрелігін қалыптастыру мәселелері оның теориялық негіздерін жан-жақты зерттеп-тануды қажет етеді, бұл тақырыптың міндеті аталған мақсатты жүзеге асырудан көрінеді. Сот төрелігі түсінігі, мәні мен атқаратын қызметтерін қарастыру барысында оның басқа құқық қорғау қызметтерінен айырмашылықтарын ескерген жөн. Сот төрелігінің құқықтық негізін, әлеуметтік мәнін және құқықтық мемлекет ұғымдарын анықтау қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №3 лекцияда және №3 семинар жоспарында берілген.
Тапсырма 4. Сот жүйесінің түсінігі мен мәні.
Тапсырма:
Мына терминдерге қатысты терминологиялық сөздік қалыптастыру: сот, сот жүйесі, сот жүйесінің буындары, сот сатылары, бірінші сатылы сот, апелляциялық сатылы сот, қадағалау сатылы сот, сот өкілеттіктері, соттылық.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабаққа дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде сот жүйесінің түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Сот жүйесінің мәні, белгілері тәріздес құқықтық құбылыстарға қатысты өзіндік ой қорыта отырып тұжырымдар жасай білу керек.
Пайдалануға ұсынылатын єәдебиеттер: № лекцияда жєне № семинар көлемінде берілген.