
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
Құқық қорғау қызметінің түсінігі мен маңызы.
Құқық қорғау қызметінің белгілері мен ерекшеліктері.
Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдардың бір бірінен байланысы (өкілеттіктері, қызметкерлердің мәртебесі, міндеттері мен мақсаттары, оларға қойылатын талаптар бойынша).
Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың басқа да мемлекеттік органдармен ерекшеліктері.
Әдістемелік ұсыныстар:
Мемлекеттік қызметтердің ішінде, құқық қорғау қызметтері маңызды орында тұрады. Құқық қорғау қызметтері күрделі мен алуан түрлі сипатта болғандықтан, бұл қызметтің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері бар екендігін білу керек. Құқық қорғау қызметінің бағыттарын анықтау және оларды жүзеге асыратын органдардың сипатын айқындау мәселесі басты орынңа шығады. Сондықтан, аталған қызметті жүзеге асыратын органдардың қызметтері туралы жалпы мағлұматтарды білу қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.
Сұрақтар:
Мемлекеттік қызметтің бір түрі ретіндегі құқық қорғау қызметінің ұғымы мен маңызы.
Құқық қорғау қызметінің мақсаттары.
Құқық қорғау қызметінің белгілері мен міндеттері.
Құқық қорғау қызметінің принциптері.
6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
Сот жүйесінің бір буыны ретіндегі мамандандырылған соттардың алатын орны мен маңызы.
ҚР-нда қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған мамандандырылған соттардың жүйесі.
Әскери соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.
Экономикалық соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.
Әкімшілік соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.
Болашақта құрылатын мамандандырылған соттар туралы мәселелер.
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР-нда сот жүйесі реформалауда нақты бір жетістіктерге жеттік. Солардың қатарына мамандандырылған соттарды құру мен қалыптастыру маңызды орында тұрады. Мамандандырылған соттар сот төрелігін тиімді әрі дер кезінде жүзеге асырылуына әсер етеді. Сондықтан, мамандандырылған соттардың қызметтерін жақсы түсіну қажеттілігі туындалады. Сол себеппен, қазір бар экономикалық, әкімшілік соттардың қызметтерінің ерекшеліктерін, өкіліктерін, жүйесін меңгеруге басты көңіл бөлу қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның № 1,2,3 тақырыптарында берілген.
Сұрақтар:
ҚР-нда мамандандырылған соттарды ұйымдастырудың маңызы неде.
ҚР-нда мамандандырылған соттар туралы тұжырымдалған бірінші акт қандай.
Мамандырылған соттардың қызметтерін реттейтін құқықтық актілер қандай.
Мамандандырылған соттардың сот төрелігін дұрыс жүзеге асырылуына әсер ету ерекшеліктері қандай.
ҚР-нда мамандандырылған соттардың болащағы туралы мәселелер.
7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
Сот билігі мемлекеттік биліктердің бір тармағы ретінде.
Сот билігінің мемлекеттік биліктердің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен ара қатынасы мен байланысы.
Сот билігінің түсінігі мен маңызы.
Сот билігінің белгілері.
ҚР-нда сот билігін одан әрі жетілдіру жөніндегі концепциялар.
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР-нда мемлекеттік билігі үш тармаққа бөлінетіндігін білеміз. Олардың ішінде сот билігінің маңызы зор. Сондықтан, сот билігін зерттемес бұрын алдымен заң шығарушы мен атқарушы биліктердің мән жайын түсініп, одан кейін аталған биліктердің сот билігімен қандай жағдайларда байланысатындығын анықтау қажет. Сот билігінің мазмұны күрделі сипатта орныққандықтан, студенттер оның өзіндік түсінігі мен белгілері бар, демек соларды дұрыс түсіну тиіс. Сот билігі елімізде толық қалыптасқан деп айту ертерек, сондықтан сот билігін одан әрі жетілдіру жөнінде мәселелерді анықтау қажет. Пайдаланылатын әдебиетер тізімі лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.
Сұрақтар:
ҚР-нда сот билігінің қалыптасу тарихы.
Сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен өзара қызмет жасау ерекшеліктері қандай.
Сот билігі мен сот төрелігінің ара қатынастары қандай.
ҚР-сы сот билігінің қазіргі уақыттағы мәселелері қандай.