
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Адвокатураның мақсаттары мен міндеттері.
Адвокатураны ұйымдастыру ерекшеліктері.
Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері.
Нотариат, оның міндеттері, негізгі мақсаттары мен өкілеттіктері.
Нотариустар жүзеге асыратын қызметтер.
Адвокатура азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету үшін құрылған кәсіптік, өзін өзі басқаратын ұйым. Ол құқық қорғау органы болып табылмайды, заңды бұзуға жол берген адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу құқығы жоқ, оның іс әрекеті мен шешімі жалпыға міндетті сипатта емес, алайда адвокатураның қызметі азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандқтарын, ұйымдардың мүдделерін қорғауда мағызы зор.
Адвокатураның қызметі ҚР Конституциясының 13, 16 баптарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Конституцияның 16 бабының 3 тармағында ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған әрбір адам адамның сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін алуға құқығы көзделген.
Қорғаушы - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Адвокатура тәуелсіз ұйым болып табылады. Атқарушылық, сот билігінің лауазымды адамадары адвокатты, мысалы клиенттің мүддесін қорғауда оның белсендідігін азайтуға мәжбүр ету үшін ықпал ете алмайды. Адвокатураның санын, ышығыстары мен кірістерін ешкім де бекіте алмайды. Адвокатура өзін өзі басқаратын ұйым болып табылады, сондықтан ҚР Әділет министрлігі мен оның органдары тарапынан бақылау жоқ, олардың нұсқаулықтары мен әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа алуға құқылы.
Қазіргі кезде адвокатура қызметпен айналысатын адамдардың негізгі ұйымдық бірлестігі адвокаттар алқасы болып табылады. Адвокаттар алқасының өзінің мөрі мен бланкісі, банктерде шоты бар заңды тұлға болып табылады. Алқаны құру құрылтайшылары тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Алқаны ұйымдастыру және оның қызмет тәртібі алқа мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын оның жарғысымен айқындалады. Жаңадан қайта құрылған алқалар мен олардың жарғылары ҚР Әділет министрлігінде тіркеуге жатады.
2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
Адвокат - міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және “Адвокаттық қызмет туралы” заңмен реттелетін адвокаттық шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лиценция алған адам адвокат бола алады.
Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лиценция алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы.
Адвокаттың көмекшіліре мен тағлымдамадан өтушілері болуы мүмкін. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.
Адвокаттың көмекшілері адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершілігімен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
Жоғары заң білімі бар азаматтар ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері болып табылады. Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысның негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Адвокат лицензия негізінде жұмыс істейді. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші ҚР барлық аумағында қолданылады.
Адвокатураның міндеттері:
азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету;
азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады;
Адвокатураның мақсаттары:
ҚР адаманың өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған;
қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқада істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсаиында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру.
Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
ҚР адвокатурасының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері:
адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;
адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және құралдармен жүзеге асыру;
заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;
кәсіби мінез құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау.
Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері мыналар:
шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;
талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады;
адвокаттар өзге де заң көмектерін жүзеге асырады.
Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері.
адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегін көрсетуге құқылы;
адвокат өзіне өтініш жасаған адаммен заң көмегін көрсету туралы өз атынан жазбаша келіміс жасасады.
Адвокат әрекет жасай отырып, іс жүргізу заңына сәйкес:
барлық соттарда, құзіретіне тиісті мәселелерді шешуге кіретін мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалрдың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге;
барлық мемлекеттік органдардан және мемелкеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді сұратуға;
заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
көмек сұрап өтініш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның ішінде іс жүргізу құжаттарымен, тергеу және сот істерімен танысуға және олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен белгілеп алуға;
іске қатысуға жіберілген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайларда өзі қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы білімді қажет ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
өтініштер мәлімдеуге, әділет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ көмек сұрап өтініш жасаған адамадрдың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын өзге де лауазымды дамадардың әрекеттеріне белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
заңдарға қайше келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
Адвокат өз қызметін заң консультациялар арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, сондай-ақ заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара алвокаттық кеңсе құруға құқылы.
Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін өзі басқаратын және өзін өзі қаржыландыратын ұймы болып табылады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының атауы аумағында құрылған әкімшілік аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.
Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері:
адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау;
алқа мүшелерінің қызметін материалдық техникалық және анықтамалық ақпараттық қамтамасыз ету;
адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіптік бақылауды ұйымдастыру;
алдын ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заң көмегін көрсету мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференция), оның атқарушы органы - төралқа, бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады. Жарғыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негізінде жұмыс істейтін басқа органдар құрылуы мүмкін.
Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметінің кез келген мәселелерін шешуге құқылы.
Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне мыналар жатады:
адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылдау;
төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелерді бекіту;
адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерінің қызмеі туралы есептерді тыңдау;
адвокаттар алқасының мүлкіне иелік жасау тәртібін белгілеу;
заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жалпы жиналыс адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі немесе тиісінше конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешімдер қабылдауға құқылы.
Жалпы жиналысты жылына кемінде бір рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде төрттен бірінің талап етуі бойынша алқа төрағасы отыз күн ішінде жалпы жиналысты шақыруға міндетті.
Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа төрағасын жасырын дауыспен төрт жыл мерзімге сайланады.
Адвокаттар алқасының төралқасы:
адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін беру жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
жалпы жиналыстың шешімдерін орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты шақырады;
адвокаттардың кәсіби және өзге де құқықтарын қорғайды;
адвокаттар алқасының мүшелігіге қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелігінен шығарады, адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерін даярлауды ұйымдастырады;
адвокаттардың әрекетіне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
заңда көзделген басқа да өкілеттіктер жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып, сайланған күніне дейін кемінде екі жыл тікелей адвокаттар алқасының мүшесі болған адвокат сайлана алады.
Алқаның Жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқа төрағасы:
төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді, және төралқаның, алқа мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
төралқа аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкілдік етеді, олармен және азаматтармен хат жазысады.
Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.
Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерінің жалпы жиналысында төрт жыл мерзімге сайланады.
Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларның, адвокаттық кеңселердің қаржы-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ жеке дара жұмыс істейтін адвокаттардың қаржы қызметіне тексеру жүргізеді.
Нотариат - даусыз құқықтар мен фактілерді растау, құжаттарды, олардың үзінділерін куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген басқа да іс әрекеттерді және заңда көзделген тәртіппен орындау жүктелген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүйесін білдіреді.
Нотариаттық қызмет сотпен тығыз байланысты. Бұл сот пен нотариаттың азаматтық айналымда субъективтік құқықтарды қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ міндеттерімен түсіндіріледі. Азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауларды қарайтын соттан айырмашылығы нотариат азаматтық құқықтарды заңдық тұрғыда бекітуге және болащақта оның ықтимал бұзылуын болдырмауға бағытталған функцияны орындайды, осылайша нотариат қызметі алдын алу сипатына ие. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау нотариучтың заңда көзделген нотариаттық іс әрекеттерді жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Нотариаттық іс әрекеттер олардың бағыты бойынша топтастырылады:
даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;
даусыз фактілерді куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;
борыштық және төлемдік құжаттарға атқарушылық күш беру жөніндегі нотариаттық іс әрекеттер;
мұралық мүлікті қорғауға, мүлікті иеліктен айыруға тыйым салуға және құжаттарды сақтауға қабылдауға шаралар қолдану жататын нотариаттық қорғау әс әрекеттері.
Нотариаттық іс әрекеттер, егер бұл әрекеттер алдын ала заңмен белгіленген ережелерге сәйкес жасалған жағдайда, даусыз құқықтар мен мүдделерді тиімді қорғауды әрі күзетуді қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс жүргізуге қатысушылар арасында табиғаты бойынша құқық қатынасы болатын нотариаттық ресімдік, іс жүргізушілік мазмұнды қамтитын өзара құқықтары мен міндеттер туындайды. Осы құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, бір жағынан нотариаттық іс әрекет жасау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды кепілдік береді, ал екінші жағынан нотариаттық функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Нотариаттық функция тек бір ғана нотариаттық қызмет көрсетумен шектелмейді. Фактілерді, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және азаматтар мен ұйымдарға қатысты басқа да нотариаттық іс әрекеттер үшінші адамның құқығына, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қысым көрсетпей жасалады, яғни басқа да адамдардың құқықтары мен мүддесі, заңдылық пен құқық тәртібі қамтамасыз етіледі.
Нотариус мынадай нотариаттық іс әрекеттер жасайды:
мәмілелерді куәландырады;
шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
мұрағалық мүлікті қорғауға шаралар қабылдайды;
мұраға құқық туралы куәліктер береді;
ерлі зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үдеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Нотариаттық іс әрекеттерді мемлекеттік атынан мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін немесе жеке практикамен айныластын нотариустар, сондай-ақ атқарушылық билік органдары мен консульдық мекемелердің олардың құзіретіне сәйкес лауазымды тұлғалар жасайды.
Нотариат туралы заңның 1 бабына сәйкес, заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық іс әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жеке нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалар;
ҚР атынан консульдық қызмет атқаратын адамдар;
заңмен нотариаттық іс әрекеттер жасауға уәкілетті өзге да адамдар.
Нотариаттық органдардың өкілеттіктері бойынша:
даусыз фактілерді куәландыру (мәмілелер, құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінділерінің дұрыстығын, қолдардың түпнұсқалығын куәландыру және т.б.);
даусыз құқықтарды куәландыру (ортақ бірлескен меншікке үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру);
құжаттарға атқарушылық күш беру (вексельдерге наразылық жасау);
нотариаттық қорғау іс әрекеттері (мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдау, құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау және т.б.);
өсиеттерді куәландыру;
сенімхаттарды куәландыру;
құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру;
өтініштердегі қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;
мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қабылдау.
Нотариаттық органдардың аумақтық құзіреті кейбір нотариаттық іс әрекеттер үшін олардың белгілі аумақта жасалуын жорамалдайды. Олардың орны заңмен анықт айқындалған және оларды кез келген басқа жерде жүргізу мүмкіндігін алып тастайды. Мысалы, тіркеуге жататын мүлікті иеліктен алу немесе кепіл туралы мәмілелер мүліктің орналасқан жері бойынша куәландырылады.
Аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі қалалардағы, аудандардағы мемлекеттік нотариат кеңсесі болып табылады. Ол заңды тұлға болып табылмайды және осы орган бекіткен ереженің негізінде әрекет етеді. Әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағындағы нотариаттық палата заңмен белгіленген тәртіппен тіркелетін заңды тұлға болып табылады.
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.