Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать

9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.

1.Қылмыстық-атқару жүйесі.

2.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің негізгі міндеттері функциялары және құқықтары

Кез келген құқық қолдану қызметінің тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің заң қызметі, адвокаттық қызмет қамтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді. Әділет органдары туралы ҚР-сы заңы белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардың функцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. әділет органдары функцияларының бірі - бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.

Бұл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында ҚР-сының барлық заңдары жаңарлағанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін ұйымдастырады, ҚР-сы Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР-сы Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР-сы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларының Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.

ҚР-сы Әділет министрілігінің маңызды міндеттері - қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі, егер онда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалса, егер олар ведомствоаралық сипатта болса, орталық ақтарушы билік органдары шығаратын нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, қазақстандық және халықаралық бірлестіктердің жарғыларын тіркейді.

Әділет органдары нотариатқа басшылықты жүзеге асырады. Олар мемлекеттік нотариат кеңселерін ашады әрі таратады және олардың тізілімін, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын нотариустар кеңселерінің тізілімін жүргізеді. Әділет органдары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лиценциялар береді және ҚР-ның нотариат туралы негізгі заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Әділет органдарына азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында заң қызметін көрсету жүйесін дамыту жөніндегі іс әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру жүктелген. Бұл жұмыс адвокаттар бірлестігімен және ұйымдарымен тығыз ынтымақтыстықта жүргізеді. Әділет органдары азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лиценцияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.

Әділет органдары басқа да функцияларды жүзеге асырады:

  • Әділет министрлігінің сот сараптамасы жүйесінің мекемелерін құрады, қайта құрады және таратады, олардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, азаматтарды құқықтық ағартушылыққа қатысады;

  • Құқықтық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Өз құзіреті шегінде ҚР-ның Әділет министрлігі мен оның органдары:

  • белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге ұйымдардан, мекемелерден, ұйымдардан, және лауызымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға;

  • заң жобалау, сарапшылық және зерттеу жұмыстарын, консульатцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, маман сарапшыларды және т.б. тартуға құқылы.

Оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-сы Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның нәтижесінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұсқаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.

Бұдан басқа, Әділет министрлігі Әділет аттестациялық алқасының жұмысын материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазақстанда саяси және экономикалық жүйені түбегейлі өзгерту орталық атқарушы билік органдарын, атап айтқанда әділет саласындағы орталық мемлекеттік басқару органу ретінде Әділет министрлігін ұйымдастыруды және оның қызметін құқықтық реттеуді реформалауға әкелді. Мемлекетте басты тіркеуші орган бола отырып, Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуді, соның ішінде ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” жарлығына сәйкес, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асырады.

Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада – жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды реттеудің өз жүйесін құрды.

Қылмыстық-атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Сонымен, қылмыстық-атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны – олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару – қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары – мақсатқа жетудегі жаза алдында тұрған құқықтық бағдарлама қызметі: сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу, сотталғандарды да, басқаларды да жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.

Қылмыстық-атқару заңдары – бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық-атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.

Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодеске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялар туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуді талап ететін құқықтық актілер ереже, нұсқау түрінде т.с.с. болжаулар. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық-атқару заңының міндеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында белгілегендей, заңның бұл саласы қылмыстық жазаны орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол тек қана жасалған қылмыстың сазайын тартуымен бірге, сотталғандарды таза еңбек етуге баулу, заңды бұлжытпай орындауға, қоғамдық тәртіпті сыйлай білуге, түзелуге, қайта тәрбиелеуге бағытталып, соныммен қатар сотталғандардың, тағы басқалардың жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.