Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД КУКЫК КОРГАУ ОРГАНДАРЫ 2013ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.62 Кб
Скачать
  1. Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.

    1. Прокуратура органдарының түсінігі

    2. ҚР-ның Бас прокуроры

    3. Прокуратура органдарының жүйесі

    4. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары, қағидалары

Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалау жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мелекеттік орган.

Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР-сы Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.

Қазақстан Республиксының Прокуратурасының Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқарады. Республикаының Бас Прокурорын:

  1. Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

  2. Қызметтен Республика Президенті босатады;

  3. Ол Республика Президентіне есеп береді;

  4. Оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайда болса, Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазаға, қылмыстық жауаптылыққы тартуға болады.

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Прокуратура туралы заңмен, заң актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Прокуратураның қызметкерлері қандай да болмасын саяси партиялардың немесе бірлестіктердің мүшесі бола алмайды. (Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңында белгіленген).

Прокуратура туралы заңның 3 тарауында прокуратураның құқықтық актілері көзделген. Аталған заңның 18 бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген:

1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:

  1. прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңды түсіндіру;

  2. прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

Прокуратура органдарының жүйесі.

ҚР прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны Бас прокурор басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылмын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. Департаменттер, басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлар қызмет атқарады.

Бас прокуратураның өкілеттіктері:

  1. республика прокуратура органдарының іс қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестрілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

  2. Республика заңдарының орындалуын, заңдылықтың жай күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

  3. прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  4. республика прокурату органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

  5. заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

  6. норма шығармашылық қызметіне қатысады;

  7. халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылықты жасайды.

Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшелық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер, ережелер шығарады.

Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерін, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқарамалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Бас прокурор заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын ҚР Президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындау мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да біо мән жайларға байланысты Бс прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі.

Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді.

Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.

Облыстық прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды ҚР Президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейіндегі органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді, және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды.

Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың негізінде басшлық етеді, барлық бағыныстағы қызметкерлердің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шағарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокурорлардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады.

Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадраларды іріктейді, орналастырады және тәрбилеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды.

Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табалады. Бірқатар жерлерде заң құзыры екі ауданға немесе ауданға және облыстық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.

Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды.

Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.

Аудан (қала) прокуроры.

Қалалар мен аудандардың прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппаратының және бағынысты прокурорлардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді.

Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колония және түрмелер) заңдардың орындалуына қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.

Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинный және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді.

Қағидалар – бұл заңмен белгіленген, ұйымдастырушылықты анықтайтын жалпы ережелер, сонымен қатар прокуратура қызметінің мазмұны.

ҚР Прокуратура органдар қызметінің бұл негізгі қағидалары «Прокуратура туралы» Заңының 3 бабында бекітілген.

Прокурорлық қадағалау қағидаларының жүйесінде жалпы құқықтық және арнайы қағидалар нақты айырылады. Соңғына сонымен қатар ұйымдастырушылық және функционалдық деп бөлуге болады.

ҚР Конституциясының 83 бабына сәйкес «Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады». Прокурорлық қадағалауға қатысты «жоғарғы» деген терминің қолдану себебі оны басқа мемлекеттік бақылау формалардан ерекшелейді, сонымен қатар прокуратураны органдардың жүйесінде маңызды орынға қояды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Прокуратура туралы» заңы (алғашқыда Президентінің жарғысы) 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданды.Оның қабылдануы жаңа тәуелсіз мемлекетте болып жатқан құбылыстарды терең құқықтық реформалардың шарттарында жоғарланған заңдылықта көрініс тапты.

Прокуратура мемлекеттік механизмінің негізгі бөлігі болып табылады, ол белгіленген билікпен қамтамасыз етілген заңдардың орындалуының жоғарғы қадағалау жүргізуге бағытталған.

Қадағалауды жүзеге асыру прокурорлардың барлық сатыларына бірдей және әрбір прокурордың құзыретінің шегінде қолданылады. Егер де заң бұзушылық анықталған болса пркурор өз құзыреті шегінде министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және ведомстволардың, атқарушы органдардың және жергілікті Кеңестік халық депутаттардың, мекемелердің, ұйымдардың, азаматтық бірлестіктердің актілерін, сонымен қатар шешімдерін және лауазымды тұлғалардың қызметін жалтаруды; бұзушылықтың мазмұнына қарай жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешіміне ұсыным немесе наразылық туғызуды; заңдық тәртіппен белгіленген қылмыстық істерді қозғай, әкімшілік құқықбұзушылықта тәртіптік жазаны орнату, азаматтық бірлестіктердің қарауына материалды беруді; заңда бұзушылықты жою туралы ұсынымды беруді; заңда бұзушылықты жою мемлекеттік органдарда, азаматтық бірлестіктерде және лауазымды тұлғаларға ұсыным енгізуді; заңда және шарттарда бұзушылықты жою туралы ұсынымды беруді; заңда бұзушылықты жою мемлекеттік органдарда, азаматтық бірлестіктерде және лауазымды тұлғаларға ұсыным енгізуді; азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттің және басқа да заңды тұлғалардың құқықтарын заңдық қызығушылықтарын қорғау туралы арызымен сотқа жүгінуге; жазаларға, шешімдерге аппеляциялық және бөлек түзетулерді енгізу, өз құзыреті шегінде судьяларды анықтауды; өз құзыреті шегінде заңдық күшіне енген жазаларды, шешімдерді, қаулыларды соттан қандай да істі сұрап алуға құқылы. Соттық қадағалаудың тәртібінде істі қайта қарау негіз болатын болса, прокурор соттың жазасына, шешіміне, қаулысына қарсылық білдіру керек. Аталған актілер міндетті түрде көрсетілген органдармен және лауазымды тұлғалармен қаралуы керек.

Заңның 4 бабына сәйкес Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және Президентінің Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

  1. Конституцияның, Заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

  2. Жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

  3. Сотта мелекет мүддесін білдіреді;

  4. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;

  5. Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

  6. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының қызметі – бұл заңдылықты қорғау маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Оның табысты жұмыс істеуі құқықтық мемлекетінің құрылу процесіне әсер тигізеді. әсіресе республикада заңдылық – негізгі атрибут болғандықтан. Бұл мемлекеттік қызметінің саласында прокуратура – біртұтас орталықтанған жүйе органдары айналысады. Оның қызметі Конституциямен және «Прокуратура туралы» ҚР Заңымен реттелінеді. Прокурорлық қадағалауды төрт сала белгіленеді: жалпы қадағалау, жедел-іздестіру қызметі, анықтау және алдын ала тергеу жүзеге асыратын органдармен заңдардың сақталуына қадағалау, сот шешімдерімен заңдардың сақталуына қадағалау және тұтқындарды ұстау орындарында, алдын ала ұстау және жазаны орындау кезінде заңдардың орындалуына қадағалау. Жоғарғы аталғандардың есебімен және «Прокуратура туралы» Заңымен сәйкес біз прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарын (салаларын) анықтай аламыз.

Прокуратура органдарының негізгі мақсаты қадағалауды жүзеге асырумен басқа, біздің өміріміздегі барлық өрісінде заңның жоғарғы жүзеге асыруына көмектеседі. 1991 жылы қабылданған «Тәуелсіздік туралы» декларациядан бастап, біздің мемлекеттің тарихымызда жаңа дәуір басталды, бізде жаңа мақсаттар, талаптар және құндылықтар пайда болды.

Мемлекеттің дамуымен және мемлекеттліктің тұруымен қатар заңдылыққа қадағалау органдары жүйесін құру және даму туралы сұрақ туындады.

Қадағалауға жататын органдардың заңсыз актілеріне прокурор наразылық жасау мүмкіндігі бұл қоғамда заңдылықтың сақталуы және құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады. Заңдардың сақталуының нақты және біртұтас прокурорлық қадағалау бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке қызметінің өрісіне таралады. Олардың әр түрлілігі өз шегінде прокурорлық қадағалау мәні бойынша оның қатысушыларын және бағыттарын анықтайды. Осының нәтижесінде біртұтас, бірақ соңында, қадағалау объектісі – заңдылық қызметіне сай өзгереді, қадағалауға жататын объектінің (құрылысының) қызметімен сәйкес «мамандандырылады», мысалы, табиғат қорғау заңдылығын сақтау, тұтқынға алынатын орындарды қадағалау және т.б.

Сонымен, жалпы прокурорлық қадағалау бағыты ретінде прокуратура қызметінің мамандандырылған аумақтарын анықтауға болады.

Жалпы прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттарының тұрақтылығын оның пайда болу сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін белгілеуге болады.

Сонымен, құқық қорғау органдардың жүйесінде прокуратураға маңызды орындарының бірі жатады, және де прокурордың лауазымы құрметті және қиын жұмыс болып табылады, бірақ әрқашан әрбір заңгерге тартымды болып көрінеді.

Адам құқықтары мен бостандығын қорғау прокуратура құқық қорғау және құқық қолдану органы ретінде мемлекетте жүзеге асырылатын барлық прокуратуралық құрылымның және барлық прокурорлық қадағалаудың түрлерінің аса маңызды міндеті болып табылады. Оның растығы ретінде прокуратурамен сотқа әр түрлі мемлекеттік және басқа органдарға енгізілген көптеген ұсыныстар, наразылықтар және арыздар. Оның мақсаты азаматтардың заңды ынтасын және құқықты қорғау мен сақтау болып табылады.

Қадағалауды жүзеге асырған кезде, прокуратураның қызметі бойынша алатын орны ерекше, бірақ ол басқа құқық қорғау органдарымен және ең біріншіден соттармен бәсекелеспейді. Өйткені соттар әділ сот ретінде өз қызметін жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мынаны белгілеу керек: пркуратураға үндеулердің саны он есе көп сотқа бағытталатын азаматтардың құқықтарын қорғау туралы арыздарының санынан. Сот формасынан алынған құқықтарын қорғау туралы Прокуратура өз қызметінде жақсы жүзеге асырады (қиындатылған тәртіп, істерді қарауда ұзартылған мерзім және т.б.), азаматтар қорғау тәсілін өздері таңдау керек. Осы жағдай құқықтық мемлекеттің ойынан, адам және азаматтың құқығы мен бостандығы туралы конституциялық ережесінде көрсетілген.

Осы бағытта актілердің республика Президентінің жарлықтарына, министрліктердің, агенттіктердің, мемлкеттік комитеттердің, қызметтік және басқа атқарушы билігінің орталық органдардың, өкілдік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың, әскери басқару органдардың, бақылау органдардың лауазымды адамдардың, басқару органдардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшыларының нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қадағалау жүзеге асырады. Бұл прокурорлық қадағалау бағытының ерекшелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен байланысты құқықтық қатынастың өрісінде белгіленеді.

Прокурорлық қадағалау бұл бағыттың мәні адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бағыттау бірлестік өрісіндегі көптеген заңды актілердің атқарылуы жатқызылады. Бұл нормативтік актілерді ондаған, мыңдаған ұйымдар, мекемелдер, олардың лауазымды адамдары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшылары орындайды.

Көрсетілген міндет бойынша прокурор шағымдарды, арыздарды және адам және азаматтың құқытары мен бостандықтардың бұзушылық туралы басқа ақпарат қарастырады және тексереді, жәбірленушіге олардың құқықтары мен бостандығын қорғау туралы тәртібін түсіндіреді, кінәлілерді жауапкершілікке тартады. Сондай-ақ прокурор жалпы қадағалауда белгіленген тек өзінің құзыреті шегінде ғана жұмыс істейді.

Егер де адам және азаматтың құқығы мен бостандығы бұзушылықтың қылмыстық мінезі бар деп негіз болса, онда прокурор қылмыстық істі қозғайды және бұл қылмысты жасаған тұлғалар жөнінде шаралар қолданады, яғни заңмен белгіленген қылмыстық ізге түсуді ұшыратыды. Егер азаматтың құқығы мен бостандығының бұзушылығы әкімшілік бұзушылық мінезі болса, онда прокурор бұл жайында мәліметтерді және материалдарды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құзыреті бар тиісті органға немесе лауазымды адамның тексеруіне береді.

Осы сала бойынша прокурордың қызметінде құқықтық актілер наразылық және ұсыныс болып табылады. Егер адам немесе азаматтың құқығы бұзылса, прокурор тиісті органға немесе лауазымды адамға наразылық актін шығарады немесе ҚР іс-жүргізу заңымен көзделген тәртіп бойынша сотқа жүгіне алады.

Адамның құқығы мен бостандығы бұзушылығының барлық басқа жағдайларында (қашан заңсыз актіні қабылдаумен байланысты емес) прокурор тиісті органға немесе лауазымды адамға бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Прокурорлық қадағалаудың бұл бағытына мінездеме берген кезде, Қазақстан Республиксындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды жолы екнің белгілеу керек.

Прокурордың талаптары өз уақытында орындалуы үшін заңға сәйкес, барлық органдарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды, азаматтық және атқарушы тұлғаларға бірдей орындалуы керек немесе заңмен көзделген прокурордың мерзімінде орындалуы керек.

Статистикалық және басқа ақпарат немесе олардың көшірмелері, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде немесе тергеу кезінде пркурордың немесе тергеушінің талабы бойынша тегін беріледі.

Прокурордың заңды талаптарын себепсіз орындамау заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады.

Лауазымды тұлғалар және азаматтар прокурордың шақыруымен міндетті түрде келуі керек және прокурордың тексеруімен белгілі жағдайларға түсініктеме беруі керек. Егер лауазымды тұлға немесе азамат келмейтін болса, онда прокурордың қаулысымен олар ішкі істер органдарыменг күштеп әкеленуі мүмкін.

Егер де Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысы Қазақстан Республикасының заңымен сәйкес келмесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңмен көзделген тәртіп бойынша өз ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңеске жүгінеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқа Қазақстан Республикасының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының заңымен сәйкес келмесе өз ұсынумен Қазақстан Республикасының Парламентіне жүгіне алады.

Прокурор өз құзыреті шегінде азаматтардың және заңды тұлғалардың құқық бұзушылық туралы шағымдарды және арыздарды қарастырады, бірақ сот өз шегінде қарастыратын шағымдарды прокурор қарастырмайды.

Прокурор заңмен талап ететін тәртіппен барлық органдарды, мекемелерді, ұйымдарды және лауазымды тұлғаларды қадағалайды. Прокурор азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді. Прокурордың қабылданған шешімі жоғары тұрған прокурормен шағымдануы мүмкін, ал заңмен көзделген жағдайларда сотта шағымдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың шағымдануы бойынша шешім қабылдағаннан кейін осындай шағымдар прокуратура органдарында шығарылуы тоқтатылады (Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заң).

Прокурорлық қадағалау басқа билік тармақтарымен қатар (заң шығарушы, атқарушы және сот) тәуелсіз мемлекеттік қызметін жүзеге асырады. Оған дәлел ретінде «Прокуратура туралы» Заңы (бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Прокурату туралы») болып табылады. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура мелекеттік механизмде алатын орны ерекше, өзіне ғана тән функцияны орындайды, мазмұны бойынша билік жүйесіне, басқаруына немесе әділеттілікке кірмейді. Әділеттілік және прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметінің тәуелсіз түрлері, олар форма бойынша әр түрлі және бір-біріне бағынбайтын органдар.

Прокурорлық қадағалаудың негізін анықтау үшін мемлекеттік биліктің басқа органдармен жүзеге асыратын қадағалау мен бақылаудың түрлерін шектеу керек. Өйткені заңдылыққа бақылау сонымен қатар әр түрлі билік терминің қолдана отырып, біз оны кең түрде аламыз, яғни қадағалаудан кеңірек, өйткені жоғары тұрған және бақылаушы орган өз құзыреті шегінде тек заңдылыққа бақылауды ғана емес сонымен қатар бұзушылықтарды өз биліктерімен жоя алады. Осындай құзыреттер, мысалы, жергілікті билік және басқа мемлекеттік органдарда бар

Прокурорлық қадағалау жоғары аталған бақылау органдарынан айырмашылығы бар. Прокуратура ешқандай әкімшілік функцияларға ие болмайды, сондықтан жедел-шаруашылық және ұйымдастырушылық органдарының қызметіне арласпайды және де мемлекеттік басқару органдарының қызметіне және актілеріне баға бермейді, ол тек мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғаалар және азаматтар заңды бұзбас үшін қадағалауды жүзеге асырады.

Қадағалаудың міндеттері:

  1. адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуін қамтамасыз ету;

  2. заңдылықтың кез-келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларын қолдану болып табылады.

Прокуратура басқа мемлекеттік органдарды ауыстырмайды және ұйымдардың қызметіне, азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Қадағалаудың жалпы пәні:

  1. барлық органдардың, мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың актілері Қазақстан Республикасының Конституциясының және заңдардың талабына сай келу керек;

  2. тұлғалардың дербестігі, әлеуметтік-экономикалық, саяси, азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары туралы заңмен сақталуы керек, егер де заңмен бұл құқықтарды басқа қорғау тәртібі көрсетілмесе;

  3. экономикалық қатысы бар заңдарды сақтау болып табылады.

Заңдардың орындалуын тексеру заң бұзушылық туралы арыздар және басқа да ақпарат бойынша жүргізіледі, ал егер де дәлелдер болатын болса, прокурордың өз ынтасы бойынша тексеріс жүргізіледі.

Прокурор өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі құзыреті

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:

  1. жүргізілетін тексеріс мәселелері бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;

  2. қызметтік куәлігін көрсетіп, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруге;

  3. басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық деркетерді алуға;

  4. тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандарды тартуға;

  5. прокуратураға түскен материалдарға, арызларға өзінің құзыретіне сәйкес тексеріс жүргізуді талап етуге және бұлардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;

  6. қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қаматамасыз ету үшін тексерісті жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тартуға;

  7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексеріс әректтерін жасауға құқылы.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:

  1. наразылық енгізеді;

  2. заң бұзушылық болдырмау жөнінде ұйғарым береді;

  3. қылмысты іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу) жөнінде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;

  4. адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мелекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актінің күшін тоқтата тұрады;

  5. мемлкеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары енгізген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшін жояды немесе алып тастайды;

  6. мемлекеттік, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауды соттан өтінеді;

  7. органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгізеді.

Жалпы құқықтық қағидалар:

Заңдылық бұл қағида прокуратура мекемелерінде және прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде нақты және біркелкі заңның орындалуын талап етеді. Ең алдымен бұл прокуратураның өзіне бағытталған, өйткені прокуратураның қызметі қатал заңды күш мінезі бар. Бұл прокуратураның, прокурорлардың қабылданатын актілері, пркурорлық қадағалау негіздері заңдарға сәйкес келу керек. Қадағалауға жататын органдар мен лауазымды адамдар Прокуратураның беретін бағалары тек заң арқасында жүзе асырылады. Заңдылық қағидасы сот өндірісінде ерекше орын алады, өйткені іс жүргізуде прокурор заң бұзушылық анықтау кезінде өзіне жүктелген билік шегінде шараларды қолдану керек. Прокурордың өзімен заңды бұзып немесе дұрыс қолданбаудың қорытындысы істің шешімі дұрыс болмаса, онда бұл прокурор өз қызметін орындамау болып табылады және заңмен белгіленген жауапкершлікке тартылады.

Заңдылық қағидасы жалпы болып табылады, өйткені ол прокуратура органдардың ұйымдастыру және қызметінің барлық басқа қағидаларының негізі болып табылады.

Тәуелсіздікмемлекеттің жалпы құқықтық қағидасы ретінде ҚР Конституциясында белгіленген. әрине, прокуратура «министрліктермен, ведомстволармен, заң шығарушы және атқарушы субъектілер органдарымен, өзін-өзі басқару органдарымен, әскери басқару органдарымен, бақылау органдарымен, сонымен қатар коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің басшылары мен басқару органдарымен адам және азаматтың құқығы мен бостандығын сақтауына қадағалау жүзеге асырады», қоғамдық өмірде халықтық билікті жүзеге асыруын қолдайды.

Прокурорлық қадағалаудың тәуелсіздігі – бұл ең алдымен халық қызығушылықтарын халық атынан жүзеге асыру болып табылады. Осының бәрі прокуратура органдарының халықпен байланыс орнатуда көрініс табады. Бұл байланыс екі жақтық маңызы бар. «Прокуратура туралы» Заң азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын, арыздарын және шағымдарын белгіленген уақытта қарау, азаматтардың жеке қабылдауын өткізу прокурорлардың міндеті деп көрсетіледі. Тәуелсіздік қағидасынан прокуратуралық жүйесінің ашықтығы, оның қызметінің жариялылығы көрінеді. Сонымен қатар, прокурордың міндетіне тек мемлекеттік органды ғана емес, сонымен бірге «халыққа заңдылықтың жағдайы туралы» хабарлау кіреді.

Аталаған қағидасының қатал сақталуы заңдылықтың бекіту кепілдігі болып қызмет етеді және тұйық бюрократиялық жүйесіндегі прокуратураның құрылуына жол бермейді.

Жариялылық. Белгіленген қағидасына сәйкес, прокуратура адамның, мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздік мақсатымен өз қызметі шегінде бөлек тұлғалардың және мекемелердің қарауына тәуелсіз әртүрлі заң бұзушылықтарды өз уақытында жою және анықтауға байланысты шараларды қолдану міндетті және де заңмен белгіленген тәртіппен кінәлілерді жауапкершілікке тарту. Ескерту туралы прокурорлардың құқықтары мен міндеттері құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану, кінәлілерді жауапкершілікке тарту тек қана заң қызығушылығында қолданылады және мемлекеттік билік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардан, қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз болады.

Жариялылық қағидасының жан-жақтылығының күшінде прокурор оған тәуелді емес қандай да болмасын мемлкеттік орган заң бұзушылықты жасаса араласуы керек.

Прокурорлық қадағалау біртұтас орталықтанған қағидасы. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазсқтан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтанған жүйесін құрайды. («Прокуратура туралы» Заң 3 бап 1 тармақша).

Прокурорлық қадағалаудың біртұтас орталықтандырылу бұл бүкіл прокуратура жүйесі жоғарыдан төменге дейін біртұтас қағидасының негізін ұйымдастырылатынын, біртұтас заңдылықпен басшылық етудің, біртұтас мақсаттарды қолдайтынын, біртұтас міндеттерді шешетінін белгілейді.

Прокурорлар, сирек кездерде, заңдылықты қадағалау кезінде бірдей құқықтар мен бірдей міндеттерді орындаумен қамтамасыз етіледі. Барлық қадағалау қызметінің салаларында барлық прокурорлардың өкілдіктері ұғымдар мен азаматтарға байланысты қатынас бір типті болады. Органдармен заңның атқарылуына қадағалау жүзеге асырғанда, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау және алдын-ала тергеу, қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде сотта қатысуы барлық прокурорлар ұқсас өкілдікке ие болады, бұл іс жүргізу заңдылықтарында және «Прокуратура туралы» Заңында белгіленген. Іс жүргізу кодекстерде, «Прокуратура туралы» Заңында прокуратура қадағалаудың қандай да бір тұлға «прокурор» жалпылама түрде аталады, ол қандай да бір қызметкердің лауазымынан және атағынан тәуелсіз болады. Осыны есепке алып, қандай да бір нақты прокурорлық ісі бүкіл прокуратураның ісі ретінде қарастырылады. Бұл қандай да уақытта болмасын бір прокурорды басқамен ауыстыруға және жоғары тұрған прокурор өзінен төменгі тұрған прокурорлың міндеттерін алуға мүмкіндік береді.

Прокуратураның кадрларын іріктеу тағайындау тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Осыдан төменгі прокурорлардың жоғарғы прокурорларға соңында Қазақстан Республикасының Бас прокурорына бағынушылығы мен есеп беруі көрінеді.

Біртұтас орталықтанған қағидасы іс жүргізу дербестігіне кедергі болмайды. Прокурор оны нақты азаматтық және қылмыстық істерді қарастырғанда сот қатысушы ретінде жүзеге асырады. Прокурор бұл рөлінде іс жүргізу заңдылығына сай әрекет жасайды және өзінің құқықтық бағытын толығымен тәуелсіз жүзеге асырады. Ешқандай жоғарғы тұрған прокурор мемлекеттік айыпталушы ретінде іске қатысушы төменгі тұрған прокурорды мәжбүрлеуге құқылы емес. Іс жүргізуге қатысушы прокурор сот шешімі заңсыз және негізсіз есептеген наразылықты тек өзі ғана өзінің наразылығын қайта алуға құқылы.

Прокурорлық қадағалаудың тәуелсіздік қағидасы. «Прокуратура туралы» Заңына сай: «Қазсқстан Республикасының прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. өздерінің заңда белгіленген өкілеттігін жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады» .

Прокурорлардың тәуелсіздігінің кепілі «Прокуратура туралы» Заңында прокурорлардың қадағалау өкілдігін жүзеге асырған кезде олардың қызметіне араласпауы белгіленген. Сонымен бірге лауазымды адамдардың прокурорлардың немесе прокурорлардың көмекшілерінің шешімдеріне әсер ету мақсатында кедергі жасау заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады..

Прокурор оның өндірісінде жатқан істер мен материалдардың негізі бойынша түсініктемелерді беруге міндетті емес.

Қарастырылып жатқан қағида орталықтандырылған қағидасымен тығыз байланысты – ол прокуратураны басқа мемлекеттік билік және басқару органдарынан тәуелсіздігін нақтылайды.

Аудандық және облыстық прокурорлар жергілікті билік және басқару органдарына бағынбайды, олар тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына бағынады. Осындай тәуелсіздік белгілі прокурорға жергілікті органдарға қарамай біртұтас заңдылық үшін күресте өзінің позициясын қорғауға мүмкіндік береді..

Заң бұзушы тұлғаларды жауапкершілкке тарту туралы шешім қабылданған кезде, билік жүйесінің өкілдіктерін қоса, прокурор қандай да мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың ықпал етуінен қорғалады.

Қылмыспен күрес туралы мәселелерді ҚР Бас прокуроры және бағынған прокурорлар ішкі істер органдарының, салық полициясы, кеден қызметі және басқа құқық қорғау органдарының қызметін байланыстырады. Байланыстыруды қамтамасыз еткенде, прокурор отырысты өткізеді, жұмыс топтарын ұйымдастырады, статистикалық және басқа ақпаратты сұрайды, сонымен қатар байланыстыру ісі жөнінде ережеге сай басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті орнату, қылмыстылықпен күресу туралы жұмысында прокуратура сот органдарымен бірлесіп әрекет жасайды, бірақ осының нәтижесінде қатал түрде «... сот билік органның дербестігі, судьялардың тәуелсіздігі және олардың ҚР Конституциясына ғана бағыну» қағидасын сақтайды.

Прокуратура басқа да мемлкеттік органдармен керек қызметтік байланысты қолдайды. Мемлекеттік билік органдардың, өкілдік және атқарушы мемлекеттік билік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың отырысынтарында қатысады. («Прокуратура туралы» Заң). Сонымен, «Прокуратура туралы» Заң тәуелсіздік қағидасымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен әрекеттестік қағидасын да бекітеді.

Прокурорлық қадағалаудың хабарлау қаңғидасы. Хабарлау қағидасы прокуратураның ұйымдастыру және қызметінің басқа қағидаларымен тығыз байланысты, әсіресе тәуелсіздік қағидасымен. Мемлекеттік органдар қызметінің хабарлау, ашықтығы – бұл тәуелсіздік қоғамның белгілері болып табылады. Хабарлау қағидасы бойынша прокурорлық қадағалаудың көптеген формалары мен әдістері негізделді: мемлекеттік жүйесінде және қадағалауға жататын объектілерін заңдылық жағдайларына тексеріс өткізу, арыздар мен шағымдарды қарау, наразылық пен ұсыныстарды әкелу, ресми сақтықтарды шығару, азаматтық және қылмыстық істерді қарауында қатысу, өкілдік органдардың отырысында қатысу және т.б.

Қылмыстылықты тергеу кезінде прокурордың рұқсатымен тергеушімен алынған қандай да бір деректер хабарлануы мүмкін.

Жаппай құрал ақпараты көмегімен шығу – басылым, радио, теледидар, - қылмыстылықтарды ашу, оларды жасаған адамдарды анықтауға көмек көрсетуі мүмкін.

Хабарлаудың тағы бір аспектісі бар – бұл қоғамның ойын есептеу, прокуратура қызметіндегі кейбір сәттерінің сыны болу керек және оларды прокуратура қызметін жақсарту мақсатында қолдану, өйткені прокуратура жүйесінде «бюрократияландыруға» жол бермеу керек.