
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
Облыстық және оған теңестірілген соттар (Астана және Алматы қалалық соттар және ҚР-сы әскерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға қарағанда қатысы бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде негізгі буындағы соттар шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық және қадағалау тәртібімен қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық және оған теңестірілген соттың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін бір мезгілде ҚР-сы Жоғары соты қадағалайды.
Облыстық соттар төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді. Сот жүйесі туралы конституциялық заңның 10 бабына сәйкес, облыстық және оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы сотының төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және тарады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті бекітеді. Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
3. Облыстық соттың органдары:
1) жалпы отырыс;
2) апелляциялық сот алқасы;
3) кассациялық сот алқасы болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.
1. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
2. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
Облыстық соттың өкiлеттiгi
Облыстық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыстық соттың төрағасы
1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) сот алқасының және мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья қызметіне кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;
8) өкімдер шығарады;
9) сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндетін уақытша атқаруды облыстық соттың сот алқасының төрағасына (судьясына) жүктейді. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттердің атқарылуын жүктеуді облыстық соттың төрағасы жүзеге асырады.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы
1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сот алқасы судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот төрағасына мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Сот алқасының төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық соттың жалпы отырысы
1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;
6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;
8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазасы бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.
Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады және т.б.
Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады әрі бақылайды.
Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді, сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының жекелеген тапсырмаларын орындайды.