
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
1.Аудандық және оларға теңестірілген соттар құру және олардың құрамы, өкілеттігі
2.Аудандық сот төрағасы
3. Облыстық оларға теңестірілген соттарды құру, олардың құрамы
4. Облыстық соттың құрлымы және өкілеттігі
5. Облыстық соттың төрағасы
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің басты буыны аудандық (қалалық) сот болып табылады. Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құрылуы мүмкін. Әдетте, аудандық сот әрбір аудандарда, ал қалалық сот әрбір қалаларда құрылады. Аудандық сот тек бірінші сатылы сот болып табылады және басым көпшілік қылмыстық және азаматтық істерді қарайды (ресми мәліметтер бойынша барлық істердің 95%-ін қарайды).
Аудандық соттарды уәкілеттік органның Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және таратады.
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Аудандық соттың құрамы
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұр. ред. қара)
Аудандық соттың өкiлеттiгi
1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы
1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;
3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.
Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.
Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Аудандық соттың өкілеттіктері:
өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
сот статистикасын жүргізеді;
3. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
А) Аудандық сот мынадай азаматтық істерді қарайды:
азаматтық, отбасы, еңбек құқық қатынастарынан туындалатын даулы істер;
әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындалған істерді (мысалы, әкімшілік органдары мен лауазымды тұлғаларның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен арыздарды қарайды және т.б.);
жүктерді тасымалдау құқықтық қатынастарынан туындалатын даулы істерді.
Б) Аудандық сот мынадай қылмыстық істерді қарайды:
барлық жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі қылмыстарды қарайды (тек аса ауыр қылмыстарды қарамайды, атап айтсақ терроризм, қасақана кісі өлтіру, зорлау және өлім жазасы көзделуі мүмкін болатын істер бойынша);
Аудандық сот әкімшілік құқық бұзушылық қатынастарынан туындалған барлық материалдарды қарайды.
Аудандық сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерден басқа құқық туралы даумен байланысты емес мәселелерді де қарайды. Құқық туралы дауымен байланысты емес істер мыналар:
- ерекше іс жүргізу істері - бұл істер заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға бағытталады (мысалы, туыстық қатынастарды анықтау, адамның жасын анықтау, ажырасу фактісін анықтау, некелесу фактісін анықтау, тұлғаны хабар ошарсыз жоғалып кеткені туралы мойындау және т.б.).
- үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты түрде мерзімімен бұрын босату);
- аудандық сот сонымен бірге, анықтама мен тергеу органдарының, прокуратураның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен азаматтардың шағымдарын қарайды.
Аудандық соттың құрамы екі түрге бөлінеді:
көп құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта аудандық сот төрағасы мен бірнеше судьялар қызмет атақарады;
бір құрамды аудандық сот - яғни, осындай сотта тек бір судья болады және ол аудандық соттың төрағасы міндетін қоса атқарады.
Аудандық сот төрағасы, судья болып табылады және мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
судья лауазымына кандидаттардың тағлымдамадан өтуін ұйымдастырады;
сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
өкімдер шығарады.
Осы аудандық сот төрағаларының өкілеттіктердің ішінде, сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастыру ерекше орында тұрады.
Аудандық соттың жұмыстарын дұрыс және қалыпты деңгейде ұйымдастыру үшін аудандық сотта аппарат құрылады. Сот аппаратын аудандық сот төрағасы басқарады. Сот аппараты кеңесшілерден, канцелярия хатшыларынан, сот мәжілісінің хатшыларынан, іс жүргізушілерден тұрады. Сот аппаратында сот канцеляриясы маңызды орында тұрады.
Сот канцеляриясы:
сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар қызметтерін қамтамасыз етеді;
сот практикасын зерделейді;
сот статистикасын талдайды;
судьялар мен соттарды қорғауды жүзеге асырады.
Сот канцеляриясын оның меңгерушісі басқарады. Меңгерушінің өкілеттіктері:
канцелярия жұмысын басқарады;
хатшыларын құрамын басқарады;
сот архивін жүргізеді және басқарады.
Сот канцеляриясында мынадай қызметтер орындалады:
сотқа келіп түскен құжаттарды тіркейді;
сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркейді;
қаралған істерді тіркейді және оларды сақтауды жүргізеді;
айғақ заттарды тіркейді және сақтауды жүргізеді.
Сот хатшысы мынадай қызметтерді жүргізеді:
құжаттарды қабылдайды, оларды басқаларға жөңелтеді, тіркейді;
құжатарды тіркейді және оларды картотекаға енгізеді;
құжаттарды жүйелейді және сақтайды;
атқару құжаттарын жүргізеді.
Сот мәжілісінің хатшысы мынадай қызметтерді жүргізеді:
сот мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;
сот мәжілісін тіркеу журналын жүргізеді;
повесткаларды жібереді;
судья қараған істерін толтырады.
Сот кеңесшісі мынадай қызметтер атқарады:
кодификациялық-анықтамалық жұмыстарды жүргізеді;
нормативтік-құқықтық актілерді тіркейді және жүйелейді;
сот статистикасын талдайды.