
- •1.1. Биполяр транзисторлардың атқаратын қызметі.
- •1.2. Әр түрлі режимдегі транзисторлар.
- •1.3. Биполяр транзисторлы күшейткіштер.
- •1.4. Биполяр транзисторлы күшейткіштердің атқаратын қызметі.
- •Іі. Есептеу бөлімі.
- •2.1. Биполяр транзисторлардың тогының шамасын есептеу .
- •2.2. Әр түрлі өтпелердегі биполяр транзисторлардың құрылымдық
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
1.4. Биполяр транзисторлы күшейткіштердің атқаратын қызметі.
Егер күшейткіш каскадтың кіріс синусойдал кернеу берсе, онда база мен эмиттердің арасындағы кернеу берілген синусойдал кернеу мен тыныш әлпіндегі базаның құраушысы мен тыныш режиміндегі тогының алгебралық қосындысына тең болады. Базаның тогы синусойдал заңдылықпен өзгеріп, коллектордың тогының да синусойдал өзгерісін туғызады. Ал коллектордың тогының синусойдал өзгеруі салдарынан коллектордың кернеуі де синусойдалы өзгеріп оырады. Коллектордың кернеуінің,яғни шығыс кернеудің графигін тұрғызу керек. Бұл тәуелділік ауыспалық сипаттама деп аталады. LS ауыспалық сипаттама мен шығыс сипаттамадағы жүктеме сызығын пайдалана отырып коллектордың кернеуінің графигі алынады. Коллектордың өскен сайын резисторында кернеудің түсуі артады да, коллектордың кернеуі кемиді және керісінше. Сондықтан кіріс кернеудің оң мәнінде коллектордың кернеуі теріс мән қабылдайды, яғни кіріс кернеу мен шығыс кернеудің фазалары қарама-қарсы болады. Мұндай каскадты фаза төңкергіш каскад деп атайды. Графиктен көрініп тұрғандай, коллектордың кернеуі синусойдал болады. Ал сандық шамасы жағынан синусойдал құраушысына тыныш режиміндегі кернеуі қосылатындықтан кіріс кернеуге қарағанда әлдеқайда үлкен болады. Сонымен, күшейткіш каскадтың кірісіне кішкене кернеу беріп,оның шығысында қорек көзі тудыратын және берілген кернеудің заңдылығымен өзгеріп отыратын одан әлде қайда үлкен кернеу алуға болады. Жоғарыда жартылай өткізгішті аспаптардың параметрлерінің температураға өте сезімталдығы айтылған болатын. Егер температура жоғарыласа базаның тогы өседі де, ал базаның тогының өсуі коллектордың тогының өсуін тудырады. Сондықтан,тыныштық нүктесі жүктемелік түзудің бойымен жоғары көтеріледі де шығыс кернеудің теріс мәнді жарты толқынының пішіні бұзылады,яғни шығыс кернеудің пішіні күшеткішке берілген кернеудің пішінін қайталамайды.
Егер температура төмендесе, онда база мен коллетордың тогы азаяды да тыныштық нүктесі жүктемелік түзудің бойымен төмен қарай ығысады. Бұл шығыс кернеудің оң мәнді жарты толқынының пішіні бұзылады. Ендеше температура өзгергенімен тыныштық нүктесі өз орныны сақтайтындай, яғни күшейткіш каскадтың тыныш келпін тұрақтандыратын шаралар қарастыру керек. Ол үшін транзисторға бірізді етіп эмиттер кедергісі жалғанады. Егер коллектордың тогы көбейсе, онда эмиттер резисторында кернеудің түсуі де көбиеді. Бұл эмиттердің потенциялы ортақ нүктенің потенциялына қарағанда жоғары деген сөз. Ал осы ортақ нүктеге қарағанда базаның потенциялы
eкінші резисторындағы кернеудің түсуімен анықталады.
Базаның кернеуінің азаюы оның тогын азайтады, ал базаның тогы азайса,онда коллектордың тогының азаятындығы да белгілі. Ендеше тыныштық нүктесі жүктемелік түзудің бойымен өзінің бұрынғы орнына ығысады. Базаның потенциялына эмиттердің тогының синусойдал құраушысының әсерін болдырмау үшін эмиттер резисторына параллель Сэ конденсаторымен жалғайды. Эмиттері ортақ күшейткіш каскадтың кернеуі және қуаты күшейту коэффицеттерін төменгі өрнектерден жуықтап табуға болады. Жоғарыда эмиттер тізбегінің кернеуі арқылы, яғни шықпалық кернеудің өзгеруі арқылы базаның кернеуіне әсер етіп, яғни кіріс кернеулігі әсер етіп, тыныштық нүктесі тұрақтандырылды. Бұлайша сигнал беру кері байланыс деп аталады. Кері байланыс тізбегі арқылы кірмеге берілген сигнал кірмелік сигналмен не қосылып оны күшейтеді де, не одан шегеріліп оны әлсіретеді. Егер кері байланыс кірмелік сигналды азайтатын болса, онда ол теріс кері байланыс деп аталады. Қарастырылып отырылған сұлбада кері байланыс теріс кері байланыс болып табылады, өйткені ол базаның кернеуін азайтқан болатын.