Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.69 Кб
Скачать

2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық қамтамасыз ету

    Кәсіпорынның метрологиялық қызметі - өндірісті метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша комплексті міндеттерді шешетін дербес өндірістік-техникалық бөлімшелер болып табылады.

    Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің негізгі мақсаттарының бірқатары:

өлшеу дәлдігі мен өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік басқарушылық жұмыстары мен олардың үйлесімділігі;

·                     кәсіпорындағы метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді толық жетілдіру бойынша шараларды іске асыру мен оның негіздерін құрастыру, өлшеудің жағдайын жүйелі түрде таладау;

·                     дәл өлшеу нормаларын белгілейтін басқа нормативті техникалық құжаттар мен кәсіпорынның стандарттарын, салалық стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету;

·                     материалдар мен шикізаттардың босқа кеткен шығындарын, ақаудың пайда болу себебінің талдауында қатысу болып табылады.

   Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің бірқатар міндеттері:

·                     бақылау мен сынау, өлшеудің орындау әдісіне метрологиялық аттестаттау жүргізу;

·                 жұмыс эталондары, қасиеттер мен стандартты үлгілерді салыстыру мен сақтау, сертификаттау, метрология, стандарттау бойынша территориялық органдарға беру, калибрлеу немесе тексеруді өткізу мен ұйымдастыру;

·                  калибрлеу мен тексеру мерзімін келісу және қабылдау;

·                 метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарларын енгізу, кәсіпорынның барлық өндірістік қызметінің метрогиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді бақылау;

     Кәсіпорынның метрологиялық қызметтің жұмысы өндірісті дайындаудағы метрогиялық тұрғыдан қамтамасыз етуден басталады. Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету - өнім сапасының жоғары болуына жету мен оның өндірісіне және құрастырлуына кететін өндірістік емес шығындардың төмендеу мен құрал-жабдықтар мен технологиялық процестердің параметрлері, материалдар мен бөлшектер, түйіндер, бұйымдардың дәлдік сипаттамасын талап етуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру-технологиялық шаралардың комплексі болып табылады.

   Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің даму бағдарламасы, өлшеудің жағдайын талдаудағы алынған нәтижелердің негізінде құрастырылады. Өлшеудің жағдайын талдау, айналадағы табиғи ортаның жағдайын бақылау, өлшеудің нәтижелерін жоғарлату, еңбекті және материалды ресурстарды ұтымды пайдалану, шығарылған өнімнің сапасын жақсарту, техника мен технологиялардың жаңа түрлерін енгізу мен құру мақсатында жүргізіледі.

   Кәсіпорында өлшеу күйіне сараптау жүргізу мен ұйымдастыру тізбегі:

1. Көрсетілген қызметке арналған нормативті техникалық құжаттарды қарастыру, яғни:

·                        техникалық шарттар, салалық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес, өндірістік процестер мен негізгі өнім параметрлерін бақылауға байланысты талаптардың құжаттарға дұрыс келуі;

·                        мемлекеттік өлшеу жүйесіндегі стандарттардың дәл көрсеткіштеріне сәйкес өндірістік процестер мен бұйымдардың өлшеу параметрлерінің дәлдігіне байланысты талаптарды дәлелдеу;

·                        әдістерді аттестациялау кезінде бағаланған өлшеудің дәлдік нормаларын негіздеу мен жаппай өлшеуді орындау әдісіндегі стандарттаудың деңгейі.

2. Өлшеу құралдардарымен өндірістік (технологиялық) процесстердің қамтамасыз етілуін сараптау, яғни:

·                        бақылау мен сынау, өлшеу құралдардың (технологиялық процестер) жеке өнімнің түрлерін жабдықтау;

·                        нормативті техникалық құжаттарындағы өлшеу құралдардың сипаттамасының сәйкестілігі.

3. Кәсіпорындағы метрологиялық қызметінің ұйымдастырлуын және тиімділігін сараптау, яғни:

·                        сертификаттау мен стандарттау, метрология бойынша территориялық органмен, кәсіпорындағы өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысының түрі мен ережеге бекітілген кәсіпорындағы метрологиялық қызметінің негізгі бағытына және құрылымына сәйкестілігі;

·                        метрологияға сәйкес дайындығы бар мамандармен, кәсіпорындағы метрологиялық қызметінің жинақтылығы;

·                        өлшеу құралдарға бақылау түрін жүргізудегі негізгі күйі (графика мен оның түрін тексеру).

4. Жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған өлшеу құралдарының номенклатурасын құрастыру.

  Сараптаманың нәтижесі бойынша, кәсіпорындағы дайын өнімнің сапасына метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің әсері бағаланған, өлшеу дәлдігіне және өлшеу бірлігіне қойылатын талаптардан күтілген әсері көрсетілуі тиіс және жоғарыда көрсетілген ескертулер туралы есеп құрастырлуы қажет.

Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (МС) және метрологиялық өңдеу

Өндірісте метрологиялық бақылау жүргізу метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамдас бөлігі.

Метрологиялық бақылау – бұйымдарды әзірлеу, дайындау, сынау, пайдалану және жөндеу процестерінде өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз етуге және дәлдік нормасын белгілеуге, өлшеуге жататын параметрлерді талдау бойынша конструкторлық және фотографиялық шешімдерді талдау және бағалау.

Норма бақылау – жобалау және конструирлеудің, сонымен қатар стандарттау және унификациялау бойынша жұмыстардың құрамдас бөлігі.

Норма бақылаудың мақсаты бұйым үшін әзірленетін техникалық құжаттарды мемлекеттік, салалық стандартарда және кәсіпорын стандартарында белгіленген ормалар мен және талаптармен қамтамасыз ету.

Норма бақылау мәселелері:

а) сыртқы түрін тексеру;

б) жинақтылығын және барлық қойылатын қолдардың түгел болуын тексеру;

в) конструкциялық толықтылығын тексеру;

г) қолданылатын материалдардың унификациялау толықтығын тексеру;

д) бөлімшелердегі белгіленген ережелер мен нормалардың сәйкестігін тексеру;

е) ТҚ сараптауға қатысу және жобаланған сапа көрсеткіштерінің белгіленген НТҚ сәйкестігін тексеру;

Норма бақылау объектісіне барлық түсетін әне шығарылатын құжаттар

Конструкторлық және технологиялық құжаттарды метрологиялық тұрғыдан сараптау (МС) дегеніміз, өлшеуге жататын параметрлерді таңдау бойынша техникалық шешімдерді талдау және  бағалау, дәлдік нормасын белгілеу және өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз  ету.

МС жүргізу нәтижесінде  келесілер анықталады: стандартталған және унификацияланған өлшеулерді орындау құралдары мен әдістерін қолданудың тиімділігі, ӨҚ механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жаңа ӨҚ мен сынау түрлерін, сонымен қатар тексеру әдістері мен құралдарымен әзірлеу қажеттілігі.

Сараптаудан өткен құжаттарды, түзеткен соң визалайды. Бас метролог бөлімінің визасы болмаса, құжаттар бекітілуге ұсыныла алмайды.

Өтініш сияқты КҚ метрологиялық сараптау кезінде дәлдік нормасының негіздеуі мен жеткіліктілігі, бақылауға жарамдылығы анықталады.

Конструкторлық құжаттардың басқа түрлерін МС кезінде түзетулер жүргізіледі, қажет болған жағдайда, жоғары сатыдағы МС кезінде жасалынған ұсыныстар қолданылады.

Процедураларды талдау кезінде мынадай мәселе қойылды: кәсіпорын конструкторлық құжаттармен, оның метрологиялық бақылауы мен сараптауы бойынша жұмыстары қалай ұйымдастырылған? Қарастырылатын кәсіпорындағы сызба жұмыстарын БКҚЖ мен БТҚЖ стандарттарының талаптарына сәйкес құжаттарды ұйымдастыру және жүргізуді байланыстыру қажет.