
- •Мазмұны
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы түсінік...........................4
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық камтамасыз ету................................15
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету және өнімнің сәйкестігін растау бойынша жалпы түсінік
- •1.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (өмқ) басты мəселелері
- •1.2. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету
- •Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық құжаттарды (ғтқ) құру
- •Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібі
- •1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері
- •Метрологияға қойылатын талаптар
- •1.4 Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (мс) және метрологиялық өңдеу (мө)
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.1 Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.2. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.3. Кәсіпорынның өнім сапасын сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Метрологияға қойылатын талаптар
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері:
· ең жоғарғы дәлдіктер бірлігін алуды қамтамысыз ететін физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі;
· ғылыми зерттеу және қызметтің басқа да түрлері кезінде өнімдер, техникалық процесстер және материалдық өндіріс ортасындағы басқа да обьектілерінің сипаттамасын қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін жұмыс өлшеу құралдарын құрастыру, өндірістен шығару және айналымға жіберу жүйесі;
· үлгілік өлшеу құралдары жєне басқа тексеру құралдарының көмегі арқылы барлық өлшеу құралдарына эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін беру жүйесі;
· құрастыру жєне айналымға шығару кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдардың міндетті мемлекеттік сынау жүйесі;
· дайындау, пайдалану және жөндеу кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік және мемлекеттік және мекемелік тексерістер немесе метролгиялық аттестаттау жүйесі,
· заттар мен материалдардың құрамдары мен қасиеттерін сипаттайтын шамалар бірліктерін алуды қамтамасыз ететін стандарттық үлгілер жүйесі;
· ғылыми зерттеу, техникалық процесстер және бұйымдар конституциясын құрастыру, материалдарды алу және пайдалану прцестерін нақты, анық мәліметтермен қамтамасыз ететін заттар мен материалдырдың қасиеттері туралы стандартты анықтық жүйесі.
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ұйымдастыру негізі - ҚР-ң метрологиялық қызметі. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік өлшеу жүйесі (МӨЖ) - бұл өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін, анықтамалардың стандарттарымен белгіленген өзара байланысқан ережелер, баптар, талартар және нормалар комплексі.
1.4 Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (мс) және метрологиялық өңдеу (мө)
Өндірісте метрологиялық бақылау жүргізу метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамдас бөлігі.
Метрологиялық бақылау – бұйымдарды әзірлеу, дайындау, сынау, пайдалану және жөндеу процестерінде өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз етуге және дәлдік нормасын белгілеуге, өлшеуге жататын параметрлерді талдау бойынша конструкторлық және фотографиялық шешімдерді талдау және бағалау.
Норма бақылау – жобалау және конструирлеудің, сонымен қатар стандарттау және унификациялау бойынша жұмыстардың құрамдас бөлігі.
Норма бақылаудың мақсаты бұйым үшін әзірленетін техникалық құжаттарды мемлекеттік, салалық стандартарда және кәсіпорын стандартарында белгіленген ормалар мен және талаптармен қамтамасыз ету.
Норма бақылау мәселелері:
а) сыртқы түрін тексеру;
б) жинақтылығын және барлық қойылатын қолдардың түгел болуын тексеру;
в) конструкциялық толықтылығын тексеру;
г) қолданылатын материалдардың унификациялау толықтығын тексеру;
д) бөлімшелердегі белгіленген ережелер мен нормалардың сәйкестігін тексеру;
е) ТҚ сараптауға қатысу және жобаланған сапа көрсеткіштерінің белгіленген НТҚ сәйкестігін тексеру;
Норма бақылау объектісіне барлық түсетін әне шығарылатын құжаттар
Конструкторлық және технологиялық құжаттарды метрологиялық тұрғыдан сараптау (МС) дегеніміз, өлшеуге жататын параметрлерді таңдау бойынша техникалық шешімдерді талдау және бағалау, дәлдік нормасын белгілеу және өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету.
МС жүргізу нәтижесінде келесілер анықталады: стандартталған және унификацияланған өлшеулерді орындау құралдары мен әдістерін қолданудың тиімділігі, ӨҚ механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жаңа ӨҚ мен сынау түрлерін, сонымен қатар тексеру әдістері мен құралдарымен әзірлеу қажеттілігі.
Сараптаудан өткен құжаттарды, түзеткен соң визалайды. Бас метролог бөлімінің визасы болмаса, құжаттар бекітілуге ұсыныла алмайды.
Өтініш сияқты КҚ метрологиялық сараптау кезінде дәлдік нормасының негіздеуі мен жеткіліктілігі, бақылауға жарамдылығы анықталады.
Конструкторлық құжаттардың басқа түрлерін МС кезінде түзетулер жүргізіледі, қажет болған жағдайда, жоғары сатыдағы МС кезінде жасалынған ұсыныстар қолданылады.
Еліміздегі эканомикалық саясатты жүргізу кезіндегі прогресстің маңызды алғышарттары әлемдік рыноктағы отандық өнімнің сапасы мен қызметін және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарлату болып табылады.
Өнімнің сапасы мен қызметін жоғарлату, мемлекеттік міндет болып табылады, ол тікелей жоғарғы сапаны қамтамасыз ету мақсатымен, сынау, өнімдердің сертификаттарын құру мен көрсетілетін қызмет, қадағалау және өндіру кезіндегі өлшеу күйі мен деңгейіне байланысты.
Өлшеу нәтижесіндегі тұтынушыларды қанағаттандыру кезінде, өлшем бірлігі қоғамның соңғы мақсаты болып табылады.
Елімізде және халықаралық деңгейдегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттін негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ҚР-да 1993 жылы 18 қаңтарда «Өлшем бірлігі туралы» заң қабылданады, бұл заң республикадағы метрологиялық инфоқұрлымның басқармасын заңды принціптерге ауыстыруға мүмкіндік беріп, келесі мемлекеттік қадағалау формасын бекітеді:
өлшеу құралдарының мемлекеттік сынаулар мен типтерін бекітеді;
өлшеу құралдарының мемлекеттік метрологиялық аттестациялауын;
өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеру;
өлшеу құралдарын прокаттау, сату, жөндеу, салыстырып тексеру, жасау бойынша әрекеттерді лицензиялау;
бөліп орау және сату кезінде түрлі қораптағы бөліп оралған тауардың сапасы бойынша мемлекеттік қадағалау;
метрологиялық нормалар мен ережелерін сақтауын, өлшеуді орындау әдістемелерін, өлшеу құралдарын қолдану мен күйін мемлекеттік қадағалау.
Халықаралық таразы және өлшем бюросы мен Халықаралық заң шығарушы метралогия ұжымының құжаттары мен таразы және өлшем бойынша Генеральді конференция шешімінің басшылығымен, ТМД-ң Парламентаралық қатысушы-мемлекеттік ассамблеясы, 1992 жылы 13 сәуірден «Стандартизация, метрология және сертификация саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Парламентаралық келісімді ескере отырып, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеу облысындағы, қатысушы-мемлекеттер негізінде нормативтік жақындасуда жәрдемдесуге ұмтылып, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша шаруашылық субъектілер мен мелекеттік бақылау ұжымдары арасында қатынасты реттеу мен дұрыс емес және қате өлшеу салдарынан жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатымен, барлық мемлекеттер одағындағы
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің заңды негізінің жиынтығы түрінде, кепілді растау құжаты ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң қабылданды.