Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.69 Кб
Скачать

1.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (өмқ) басты мəселелері

1. Метрологияның негізгі даму бағыттарын анықтау жəне бұл саладағы

ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалану, ӨМҚ-ның ғылыми-

əдістемелік жəне ұйымдастыру негіздерін құру.

2. Физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру.Мемлекеттік эталондар – барлық өлшемдердің негізі.

3. Қазақстан Республикасында қолданысқа рұқсат етілген өлшеу құралдарын жоспарлау жəне мемлекеттік сынақтарды өткізу.

4. Өлшеу құралдарына мемлекеттік тергеу, өндірісті, құралдардың күйін,

қолданылуын жəне жөнделуін бақылау жəне метрологиялық ережелерді

сақтау.

5. ӨМҚ саласында стандарттаудың дамуы мен жетілдірілуі.

6. Метрология саласында халықаралық қызметтестік жұмыстарын ұйымдастыру.

ӨМҚ өнімдерін бақылаудан басқа конструкторлық жəне технологиялық құжаттар тексеріледі. Сараптама жəне метрологиялық бақылау – өлшенетін,

дəлдік нормаларын құру, параметрлерді таңдауда техникалық шешімдерді талдау жəне бағалау жəне өңдеу, дайындау, сынақтан өткізу, қолдану жəне жөндеу үрдістерінің өлшеу құралдары мен əдістерімен қамтамасыз ету.Метрологиялық сараптама өңдеу, дайындау, қолданыс жəне жөндеу үрдістерінде өнімді бақылауда өлшеулер нəтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Метрологиялық сараптаманың негізгі мақсаты:

1. Өлшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын анықтау;

2. Бұйым конструкциясының тексеруге жарамдылығын бағалау;

3. Өзара ауыстырымдылық жəне бақылаудың нəтижелілігі талаптарына өл-

шеу дəлдігінің көрсеткіш сəйкестігін жасау;

4. Технологиялық үрдістердің оптималды режимін қамтамасыз ету талап-

тарына өлшеу дəлдігінің көрсеткішін сəйкестеу;

5. Өлшеу операцияларының дəлдігін, автоматтандырылуын сақтай отыра,

оның еңбек сыйымдылығын азайту жəне өзөзіндік құнын арзандату

мүмкіндіктерін қарастыру;

6. Өлшеу процесінде компьютерлер қолдану, мүмкіндігін анықтау.Сараптама нəтижелері ГОСТ 3.114 – 81 арқылы рəсімделеді.

1.2. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету

Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету (ӨДМҚ) –технологиялық үрдістер мен құрал-жабдықтардың параметрлерін, шикізат,бұйым сипаттамасын талап етілген дəлдікпен анықтауды жəне оның сапасын жетілдіру жəне өндіріс шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін техникалық жəне ұйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығы.

Мақсаты:

1) Өлшенетін параметрлердің ұтымды номенклатурасын жəне өлшеу

дəлдігінің нормаларын құру;

2) Өлшеуді орындаудың техникалық үрдістерді кемеліне жеткізуді

орындау;

3) Өндірісті ӨҚ-мен қамтамасыз ету; 4) Метрологиялық қызмет көрсету жəне ең алдымен, ӨҚ тексеруді қамтамасыз ету;

5) Нормативті-техникалық құжаттарда көрсетілген өлшеуді жасау

шарттарымен қамтамасыз ету;

6) Өндіріс қызметкерлерін жəне метрологиялық қызмет жұмысшыларын ӨҚ басқару-өлшеу операцияларына, тексеруге, жөндеуге дайындау;

7) Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру жəне оны өткізу.

ӨДМҚ жұмыстарын мекеменің конструкторлық, технологиялық жəне метрологиялық бөлімдері бұйымның бастапқы құжаттарын алғаннан кейін жүргізе бастайды.