Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.69 Кб
Скачать

2.3. Кәсіпорынның өнім сапасын сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы

Сынау (ГОСТ 16504-81) – сынау объектісінің сандық жəне сапалық сипаттама қасиеттерін тəжірибе жүргізу арқылы анықтау. Бұл тəжірибелік мағлұмат сынау объектісін пайдалануда, моделдеуде оған іштей жəне сырттай əсер ететін жағдайларды зерделеу, зерттеу арқылы жасалады. Сынауды – өлшеу талдау, диагностикадан өткізу, органометрлік əдістер қою, көптеген құбылыстарды (сынып қалу, кенет істен шығу) тіркеу арқылы өткізеді.

Сынау мақсаты сандық жəне сапалық бағалау болса объект қасиеттерінің сипаттамалары бағаланады. Сынау мақсаты объект сипаттамаларын бекітілген талаптарға сəйкестігін белгілеу болса бақылау жүргізіледі. Мысалы, қабылдау- өткізу, кезеңдік жəне сертификаттау сынақтары. Сынақ нəтижесі бойынша нақты шешімдер қабылданады. Сынау жəне зерттеу кезінде эксперимент мазмұны сəйкес келуі мүмкін, бірақ сынау мақсаты қандайда болмасын шешім қабылдау болса, онда эксперимент сынау болып табылады. Сынау жағдайы деп объектіге табиғи жəне жасанды əсер ету мен оның функционалды режимдерінің қосындысы ретінде түсіндіріледі

(климаттық, механикалық, электрлік, жылулық, радиациялық, химиялық жəне т.б.). сынақтан өткізудің бірқатары объектінің беріктілігінде орнықтығын анықтау үшін қарастырылады. Ішкі факторлар да əсер етуі мүмкін, олар объектінің функционалдығымен байланысты – мойынтіректің қызып кетуі немесе объектіні қосқанда ток өту.

Объектінің функционалды режиміне оны орнату, монтаждау,орнықтыру, орын ауыстыру жылдамдығы, жүктелу тəсілдері де кіреді.

Сынау нəтижелерін орындау шарттары мен дəлдік нормаларын бекітетін негізгі құжат – оны өткізу əдістемесі болып табылады.

Сынау объектісі – сынақтан өтетін өнім. Сынау үлгісі – өнім бірлігі немесе сынау кезінде эксперимент объектісі болып табылатын бөлігі, үлгісі.

Сынау объектісінің негізгі белгісі – осы объект бойынша сынау нəтижелері бойынша шешім қабылданады (оның жарамдылығы немесе арамсыздығы, келесі сынауларға ұсыну мүмкіндігі, сериялық шығарылуы жəне т.б.).

Өнімнің түрі мен сынау объектісі сынау бағдарламы бірліктік өнім немесе үлгі алынатынпартиядан немесе өнім үлгісі, тікелей немесе таңдау бақылауының өнім партиясы.

Сынау объектісі макет немесе өнім моделі ретінде болуы мүмкін, сынау нəтижелерінің шешімі тікелей макетке немесе үлгіге қатысты болуы мүмкін.

Сынаудың техникалық базасына ӨҚ жатады – олар сынауға қажетті техникалық құрылғылар, материалдар, заттар.

Өлшеу құралдарымен қатар сынау құралдарының маңызды түріне сынау жабдықтары жатады. Сынау жабдығы дегеніміз – сынау шарттарын объект пен оның жұмыс жасау режиміне əсер ету жағдайын қайталайтын жабдық. Бұлар сынақ шарттарын қайталайтын- температура, ылғалдылық, қысым, электр магниттік жəне радиациялық əсерлер, механикалық жүктемелер, діріл жəне т.б. арнайы стендтер, ауа райы камералары.

Сынау сапасының көрсеткіштері болып сынақ нəтижелерінің дəлдігі жəне қайталануы саналады. Сынақ нəтижесінің дəлдігі – сынау кезінде нақты параметрлер мəндері мен олардың шын мəндерінің анықталған жағдайда жақындығының сипаттамасы.

Сынау объектісінің анықталатын сипаттамасы партиядан алынған үлгі – жеке-дара объект сипаттамасы да, үлгі партиясының статистикалық сипаттамасы да бола алады. Сынақ нəтижесі сынау объектісіне, ал өлшеу нəтижесі осы объектіден алынған сынақ үлгілеріне жататындықтан сынақ нəтижесінің дəлдігі үлгі сипаттамасын өлшеу дəлдігімен дəл келмеуі мүмкін.

ГОСТ 16263-70 стандарты бойынша өлшеу сапасының критерийі қайталану жəне бірігу.

Қайталану – объектінің қайталанған сынақтарының нəтижелерінің жақындығы.

Бірігу – бірдей жағдайда қайталанған өлшеу нəтижелерінің жақындығы. ИСО 5725 халықаралық стандарты қайталануды біздің бірігу терминіне сəйкес, дəл көшіру жағдайында жасалған сынақ сипаттамасы ретінде анықтайды.

Қайталану – біздің мемлекетаралық стандартпен салыстырғанда бірдей сынау əдістерін қолданумен, шарттың шексіз қайталануымен, орынымен, талаптарымен, құралдарымен, сынауды жүргізу мерзімімен байланысты анықталады.