
- •Мазмұны
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы түсінік...........................4
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық камтамасыз ету................................15
- •1 Метрологиялық қамтамасыз ету және өнімнің сәйкестігін растау бойынша жалпы түсінік
- •1.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (өмқ) басты мəселелері
- •1.2. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету
- •Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық құжаттарды (ғтқ) құру
- •Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібі
- •1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері
- •Метрологияға қойылатын талаптар
- •1.4 Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (мс) және метрологиялық өңдеу (мө)
- •2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.1 Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.2. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету
- •2.3. Кәсіпорынның өнім сапасын сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................................3
1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жалпы түсінік...........................4
1.1. Өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтасыз етудің (ӨМҚ) басты мəселелері.....................................................................................................................6
1.2. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету...............................7
1.3. Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері...................................................11
1.4.Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау (МС) және метрологиялық өңдеу (МӨ)......................................................................................13
2 Кәсіпорын өнімдерін метрологиялық камтамасыз ету................................15
2.1. Материалдар мен заттардың химиялық құрамын анықтауды метрологиялық қамтамасыз ету..........................................................................................................18
2.2. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету................................................................................................................................22
2.3.Кәсіпорынның өнім сапасын сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы...........................................................................................24
Қорытынды..............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміздегі экономикалық саясатты жүргізу кезіндегі прогресстің маңызды алғышарттары әлемдік рыноктағы отандық өнімнің сапасы мен қызметін және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарлату болып табылады.
Курстық жұмыста өнімнің сәйкестігін растауды метрологиялық қамтамасыз ету тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер, нормативтік құжаттар базасы және мысал ретінде кәсіпорынның жалпы жағдайы келтірілді.
Метрология дегеніміз – өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін,дəлдігін қамтамасыз ететін əдістер мен құралдар туралы ғылым.
Адамдар қай уақытта болмасын, əрқашан өлшеу қажеттілігі туындайтын ортада еңбек етеді. Мысалы, өлшеуге жататын ұғымдар – арақашықтық, уақыт,салмақ, т.с.с. Адам мұндай мөлшерлік ақпаратсыз дұрыс əрекет ете алмайды жəне негізделген шешімдер қабылдай алмайды.
Адам өзінің саналы ғұмырын ылғи есептеу, өлшеу, анықтау, мөлшерлеу сияқты əрекеттермен өткізеді. Өйткені есепсіз жасалған əрекет көбіне, ысыранды шешімдерге, бостан-бос төгілген қаржылық шығындарға əкеп соғады. Заманауи метрология ғылыми пəн ретінде өзіне тəн даму кезеңдерінен өтті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өнімнің сәйкестігін растауды метрологиялық қамтамасыз ету үрдісін салалар бойынша зерттеу жүргізу осы салаларда қолданылатын нормативтік құжаттармен танысу.
Ғылыми прогрестің, техниканың жəне технологияның даму қарқыны «бастапқы метрологияны» – өлшеу ғылымы пəрменін кеңейте түсіп, оны физика ғылымының бір өзекті тарауына жеткізді.
Сөйтіп, ғылыми метрология аясына математикалық əдістер енгізіліп, өнеркəсіпте заманауи жабдықтар құрылып, олардың мүмкіндігінде қоршаған
ортамызда болып жатқын құбылыстарды өлшейтін өлшеуіш құралдары пайда
бола бастады.
Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдік принципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек.
Өндірісті метрологиялық турғыда тиімді қамтамасыз етуде,сәйкестікті растаудың рөлі өте зор. Ол үшін Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесімен стандарттар өңделіп, «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. ӨМҚ стандарттаудың өнімді бақылау жəне сынақтан өткізу объектілерімен тығыз байланысты. Бұл объектілер үшін бақылауға алынатын метрологиялық параметрлері қатарын құру маңызды. Ол өлшенетін параметрлердің номенклатуралары мен өлшеу дəлдігінің оптималды нормаларынын құру, талап етілген өлшем дəлдігін жүзеге асыру тəсілдерін жасау.