
- •1. Қазақстан республикасы кеден органдарының құқық қорғау комитетінің мәні мен мазмұны
- •1.1. Қазақстан республикасы кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау комитеті .
- •2.2. Құқықтық қорғау комитетінің қылмыстық құқықтық формасының әлемдік тәжірибесі
- •3.Қазақстан республикасының кедендік бақылау комитеттерінің контрабандаға қарсы күрес жүргізу мәселелері
- •3.1. Контрабанда және кеден ережелері және қылмыстармен күрес жүргізу
- •3.2. Контрабанда және кедендiк құқықыбұзушылықтармен күрестiң проблемалары және жетiлдiру жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған нормативті-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер
Қорытынды
Ойымызды қорытындылай келе, кедендік комитет еліміздің кеден саясаты мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінден жүргізудің баста құралы екендігіне көз жеткіздік. Бүгінгіні таңда республикамыздың кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.
2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілгендігі белгілі. Ал 2010 жылдың 1 шілдесінен Кедендік Одақтың жаңа Кеден кодексі күшіне енді. Оны дамыту үшін Үкіметтің қаулылары, ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық келісімдер қабылданды. Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың бағдарламасы бекітілді.
Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.
Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, контейнерлік сканерлеу кешені, автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті, "Янтарь" радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, "Web-декларант" электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етері сөзсіз.
Күні кешегі өткенімізден бойымызда қалған ескі ниет -пайымымыз, әсіресе, идеологиялық кертартпалығымыз, нарықтық шаруашылықтың жаңа жағдайында жұмыс істеуге қабілеттігіміз бен білместігіміз - әлеуметтік - экономикалық даму жолындағы үлкен тосқауыл. Иә, алғашқы жалт еткен жағымды көріністер бар. Алайда, тұтасынан алғанда, жаңа тұрпатты басқарушылар даярлау - таяу болашақтың кезек күттірмес міндеті. Басқаруға білек сыбана іс тындыруға әзір, басым мақсаттар мен міндеттерге жетуге қабілетті білімдарлар келуге тиіс.
Пайдаланылған нормативті-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2003 жыл 30 тамыз.
Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы кодексі 2010 жылғы 30 маусым.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 2009 жыл 22 қаңтар №536;
Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2008 жыл 12 тамыз №1238;
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2009 жылғы 30 қаңтар №155-ІІ;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
Мадиярова Д.М. “Кеден ісін ұйымдастыру және басқару” Алматы 2008 жыл;
Садықов Е. “Ішкі экономикалық қатер” Ақиқат журналы 1, 2006 жыл;
М.Шабанбаев “Қауіпсіздік бәрінен де қымбат” Егеменді Қазақстан / 13 желтоқсан / 2008 жыл;
Ү.Құланбай “Кеден – мемлекеттің шекарадағы сенімді қалқаны” Егеменді Қазақстан / 16 ақпан / 2008 жыл;
Н.Назарбаев “Қауіпсіздікке мән бермеу – нақты қатерді бағаламаумен тең” Егеменді Қазақстан / 25 ақпан / 2008 жыл;
С.Мұса “Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық” Егеменді Қазақстан / 11 қазан / 2009 жыл;
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы “Қазақстанның 2009-2013 жылдарға арналған экономикалық қауіпсіздік стратегиясы” Егеменді Қазақстан / 27 ақпан / 2009 жыл;