
- •1 Есептік – сызба жұмысының тапсырмасы
- •2 Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •2.1 Жылулық жүктемені анықтау
- •2.2 Жылулық жүктеменің жылдық сызбасын тұрғызу
- •2.3.1 Бу шығырларын таңдау
- •2.3.2 Энергетикалық қазандық қондырғыларды таңдау
- •2.3.3 Шыңдық су қыздырғыш қазандарын (шсққ) таңдау
- •2.4 Энергетикалық қазанда жағылатын табиғи отын шығынын есептеу
- •2.5 Бу шығыр қондырғысының техника-экономикалық көрсеткіштерін және шартты отын шығынын есептеу
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.3.2 Энергетикалық қазандық қондырғыларды таңдау
Орнатылатын қазандардың қуаты мен саны қалалық аудандарда және кәсіпорындарда қолданылатын жылу жүктемесіне байланысты таңдалынады. Таңдап алынған шығыр сипаттамасына байланысты таза будың қосынды шығыны мен бу сипаттамалары анықталады. Будың сипаттамалары мен шығынына байланысты қазандардың саны мен бу өндірулігін анықтаймыз.
Қазандық қондырғыларды таңдағанда, оның қуатын асыра алу керек, себебі қуаты ең үлкен қазан істен шыққан жағдайда қалған таңдалынып алынған қазандар жылытуға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға қажетті жылу шығындарының орнын толтыруы қажет.
Блокқа шығырмен қоса орналастырылатын қазанның бу өндірулігі шығыр арқылы алынатын өткір будың мөлшеріне байланысты таңдалынады және де ЖЭО-ң өзіндік қажеттіліктері мен 15% қорды қамтамасыз ете алуы керек. 1.2-ші кестеде әртүрлі қазан агрегаттарының маркалары және олар өндіретін будың параметрлері сипатталған. Бұл жұмыста қазандардың санын турбина санымен тең етіп таңдауға болады.
Қазандық
қондырғыны таңдау үшін жоғарыда
қарастырылған мысалды еске түсірейік.
Жылу электр орталығына төрт шығыр
тағайындадық. Олар: ПТ-
-
ЛМЗ – 1 дана; Т-25-90 – 3 дана. Шығырларға
қажет қосынды бу мөлшерін анықтаймыз:
т/сағ.
ЖЭО-ның өз қажеттіліктеріне тиісті 15%
қорды қамтамасыз ете үшін
т/сағ
бу керек.
Мұндай мөлшердегі аса қызған будың
параметрлері, яғни қысымы
МПа,
температурасы
5350С
болуы
қажет.
Қосымшаның
5-ші кестесінен осы мысалда көрсетілген
талаптарға жауап беретін, Е-220-100 бу
қазанының 4- данасын таңдаймыз. Сонда
төрт Е-220-100 бу қазандары бір мезгілде
т/сағ.,
қосынды
бу мөлшерін өндіреді. Сонымен шығырларға
қажет бу мөлшерін осы қазандар толық
қамтамасыз етеді.
2.3.3 Шыңдық су қыздырғыш қазандарын (шсққ) таңдау
ЖЭО-ң
негізгі қондырғылары
III
режімдегі жылулық жүктеме бойынша
таңдалған. Сондықтан да ЖЭО (
I,
II)
екінші және бірінші режимдегі жылулық
жүктеменің орнын толтыра алуы қажет.
ЖЭО-ғы I және II режімдегі жылулық жүктеме шың су ысытушы қазандардан алынады (ШCҚҚ).
ШCҚҚ-ның жылу өндірулігі мен саны негізгі қазандықтардың жылытуға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға беретін жылулық жүктемесінің 40-45% қамтамасыз етуі керек.
ШCҚҚ-ның жылулық қуаты:
,
МВт.
(1.7)
Жылулық
қуаттың шамасы бойынша осы қазандардың
арнайы типтері таңдалынады. Мысалы
есептеулерден ШCҚҚ-ның қуаты
=
89 МВт болсын. Қосымшаның 3-ші кестесінен
төрт дана бірдей КВ-ТС-20 қазандарын
таңдаймыз. Олардың қосынды жылулық
қуаты
МВт
–қа тең болады және бізге қажет жылулық
қуатты қамтамасыз етеді.
2.4 Энергетикалық қазанда жағылатын табиғи отын шығынын есептеу
Қазан қондырғысында пайдалы қолданылған жылудың ошақтан берілген барлық жылу мөлшеріне қатынасы қондырғының жылулық тиімділігін анықтайды және оның пайдалы әсер коэффициенті деп аталады.
Қазан қондырғының брутто және нетто пайдалы әсер коэффициенттерін анықтауға болады. Брутто пайдалы әсер коэффициенті қазан қондырғысының өз басының мұқтаждарына кеткен энергия шығындарын ескермейді (қоректік су сорғысының, үрлегіш – түтін сорғыштың, отынды ұсатуға, қызу беттерін үрлеуге және т.б.), сондықтан келесі түрде анықталады
(1.8)
мұндағы
-
табиғи
отын шығыны, кг/с;
қазан
қондырғысында пайдалы шығындалған
жылу,
;
-
1 кг қатты немесе сұйық отынды жаққанда
бөлінетін толық жылу,
.
Пайдалы
жылу
бу
өндіруші қазанда тікелей бу өндіруге,
қазанды үрлеуге жұмсалады.
Толық жылу жылулық баланстың кіріс бөлігімен анықталады
(1.9)
мұндағы
-
қатты немесе сұйық отынның жұмыс
массасының төменгі меншікті жану
жылуы, кДж/кг;
-
қондырғыдан тыс жерде қыздырылған
ауаның ошаққа әкелген меншікті
жылуы, кДж/кг;
-
отынның физикалық меншікті жылуы,
кДж/кг;
-
мазутты шашыратуға арналған ыстық бумен
келетін жылу, кДж/кг;
-
тақтатасты жағу кезінде, оның құрамындағы
карбонаттардың ыдырауына жұмсалатын
жылу, кДж/кг.
Есептік-сызба жұмысы үшін = деп қабылданады.
Енді осы теңдеуден қазан қондырғысында жағылатын сағаттық отын шығынын да анықтауға болады
(1.10)
мұндағы - қазанда пайдалы қолданылған жылу мөлшері. Бу өндіруші қазандарда пайдалы жылуды келесі формула бойынша анықтайды
,
(1.11)
мұндағы
қазанның
бу өндірулігі немесе қазан өндіретін
аса қызған
будың массалық шығыны, кг/с;
-
аса қызған будың, қоректік және
қазандық судың
қажырлары, кДж/кг, [3]-ші әдебиеттің
арнайы
кестелерінен анықтайды;
-
қазанды үздіксіз үрлеу үшін шығындалған
бу мөлшері, ол 3
5%
- ды құрайды.
Механикалық кем жану салдарынан қондырғыға берілген отынның барлығы толығымен жанып кетеді деп айтуға болмайды. Сондықтан бір сағат бойы отын жанғанда бөлінетін газдар көлемі толық жанумен салыстырғанда біраз кем болады. Жану өнімдері көлемі мен қажырын отынның 1 кг(1 м3) үшін есептегендіктен, механикалық кем жануды ескеру үшін ошаққа берілген отын мөлшері сәл азырақ деп саналады және жылулық есептеулерде сағаттық есептелген отын шығынын қолданады
(1.12)
Табиғи отын шығынын анықтау үшін қосымшаның 4-ші кестесінде берілген отын түрі мен сипаттамалары және қазан қондырғысының параметрлері қолданылады.