Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 12, каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682.5 Кб
Скачать

Орбиталардың прециссиялары.

Жердің сфера бойынша емес болуы және оның массасының біркелкі емес бөлінуі ҒА орбиталар жазықтығының өзгеруіне (прецессия) әкеліп соғады, ол дегеніміз, орбитаның апсид (яғни апогей мен перигейді жалғаушы жолдар) жолының прецессияна ұшыратады. Бұл жағдайда аталып өткен прецессиялар жылдамдығы орбита формасына, апогей мен перигей биіктігіне, сондай-ақ бейімделуге тәуелді болады. Орбита жазықтығының прецессиясы бастапқы жағдаймен салыстырғанда (ҒА орбитаға шығарылу кезімен), кіріс және шығыс түйіндерінің жылжуына (ығысуына) әкеліп соғады.

ҒА орбита жазықтығының прецессия шамасы Жер өрісінің гравитациялық кернеулігіне тәуелді. Кернеуліктің жоғарылауы ҒА қозғалысының экватор бағытына қарай жылдамдығын жоғарылатуы себебінен, экваторға жақын орналасқан орбитаның «спрямление» әкеліп соғады. Бұл кезде, орбитаға тура бағытталып бара жатқан ҒА қозғалыс кезінде солға қарай ауытқи бастайды, ал орбитаға кері бағытталғаны, қозғалыс барысында керісінше оңға қарай ауытқиды.

Сонымен, бірінші жағдайда, орбита жазықтығы батыс жақтағы бағытта прецессияланады, ал екіншісінше шығыс жақтағы бағытта прецессияланады. Полярлы орбиталар жазықтығы (i = 90° бейімделуі бар) прецессияланбайды.

12.3 ҒА байланыстырушы орбиталардың биіктіктері

ҒА орбиталар биіктіктерін таңдау көптеген факторлардың анализдері негізінде таңдалады, яғни:

  • радиожолдардың энергетикалық сипаттамалары;

  • радиотолқындардың таралуы кезіндегі кідіріс;

  • Ван Аллен радиациялық белдеуінің орбитасына жақындық;

  • қызмет көрсететін аймақтың көлемі және орналасуы.

Әр түрлі ғарыштық жүйелердің төменорбиталы топтарына анализ жасай отырып, осы топтардағы ҒА айналмалы орбиталарының көбісінің биіктігі 700 ден 1500 км дейінгі ауқымда орналасады. Бұл келесі факторлармен ескеріледі:

- 700 км ден төмен орналасқан орбиталарда атмосфера тығыздығы айтарлықтай жоғары болады, бұл эксцентриситет (таңғажайып) пен апогей биіктігінің біртіндеп төмендеуін тудырады. Орбита биіктігінің бұдан ары төмендеуі көп мөлшердегі жанармай шығынына және берілген орбитаны қамтамасыз етуге арналған маневрлер жиілігінің жоғарылауына әкеліп соғады;

- 1500 км ден жоғары орналасқан орбиталарда Ван Алленнің бірінші радиациялық белдеуі орналасады, бұл жерде электронды бүйірлі аппаратура жұмыс істей алмайды.

Орташа биіктіктегі (Жер бетінен 5000-15000 км қашықтықта орналасқан) орбиталар Ван Аленнің бірінші жіне екінші радиациялық белдеулері арасында орналасады. Осындай орбиталарды орналасқан, ҒА қолданатын жүйелерде спутнраик-ретранслятор арқылы сигналдарды тарату кідірісі шамамен130 мс тең, бұл адамның есту қабілеті үшін, мүмкін емес, сондықтан да, сәйкесінше радиотелефонды байланыс үшін осындай спутниктерді қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл биіктікте орналасқан орбиталарда сигнал кідірісі 130 мс тең, адамның естуіне белгілі болмағандықтан спутниктерді радиотелефондық байланысы үшін қолдануға мүмкін.

Спутниктер орбитасының биіктігі шамамен 36000 км тең геостационарлы ғарыштық жүйелер екі артықшылыққа ие:

- спутниктер Жер бетіндегі бір белгілі нүктеде орналасады;

- үш геостационарлық спутниктен құрылған жүйе жер бетінің глобальдік көрінісін қамтамасыз етеді.

Алайда, геостационарлық спутниктерден тұратын орбиталық топтар үшін, бұл жүйелердің бір кемшілігі бар – радиосиганалдардың таралу уақытының ұзақтығы, бұл радиотелефонды байланыс кезінде сигналдардың таралуы кезіндегі кідірістерді туындатады. Жауап қайтару сигналының келуін күту шыдамсыз абоненттердің наразылыңын тудыруы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]