Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 12, каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682.5 Кб
Скачать

Кейбір жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің (спрс) негізгі сипаттамалары

СР типі

СР класы

СР саны

Орбита биіктігі, км

СР массасы, кг

Жиілік ауқымы, ГГц

Тарату жылдам-дығы, кбит/с

қабылдау

тарату

орбита

36 000

5,98-6,28

3,65-3,95

9,6

горизонт

8

2200

экспресс

2

2500

горизонт

2

36 000

2200

5,88-6,38

3,55-4,05

9,6-64

Ямал-100

ICO

MEO

10

10300

Odissey

MEO

12

10400

2500

Indium

LEO

66

780

700

1,616-1,625

1,616-1,625

9,6

Globalstar

LEO

48

1414

426

6-7

6-7

9,6

Гонец

LEO

45

1400

250

0,312-0,315

0,387-0,390

2,4-19,2

Сигнал

LEO

48

1500

310

0,3-0,4

1,5-1,6

9,6

Бірінші спутниктік телекоммуникациялардың кеңінен таралған белгілі жүйесі «Инмарсат» (Inmarsat) «абонент терминалға ілесіп жүреді» принципі бойынша жұмыс жасаған, яғни бейнетерминал қабылдап-таратушы жабдықпен және қуатты беруші антеннамен жылжымалы объектіге орналасқан (автомобильде, пойызда, ұшақта), сондықтан абонент сол объектіге тәуелді болатын. Бейнетерминал геостационарлық орбитада орналасқан спутниктік-ретранслятор арқылы, басқа абоненттердің радиотерминалымен байланысатын.

12.2 Ға байланыстырушы орбиталардың топтастырылуы

Ғарыштық аппараттардың (ҒА) орбиталары былайша жіктеледі: пішіні бойынша, жер бетіндегі нүктелерді айналу периоды мен орбитаның бейімделуі бойынша.

Пішіні бойынша орбиталардың келесі түрлері болады:

- айналмалы – ұйымдастырылу процессі қиын, өйткені іс жүзінде ҒА бүйірлі коррекцияланатын қозғалтқыштарының көмегімен жиі түзетуді талап етеді;

- айналмалыға жақын (ұқсас). Бұлар спутникті байланыс жүйелеріндегі көбірек таралған орбита түрі. Бұндай орбиталарда апогей мен перигей биіктіктері бірнеше ондаған километрге дейін ерекшеленеді;

- эллипстік. На (апогей) мен Нп (перигей) биіктіктерінің мәндері едәуір ерекшеленеді (мысалы, На = 38000-40000 км, Нп = 400-500 км). Бұл орбиталар да спутникті байланыс жүйелерінде кеңінен таралған (сурет 12.1); (эллипстік орбиталар, сонымен қатар апогей мен перигейлер арқылы сипатталады, яғни Жер бетінен басталатын қашықтықпен, сәйкесінше орбитаның ең алысталған және ең жақын нүктелеріне дейінгі қашықтықтар. Орбитаның апогейі мен перигейі эллипс осінің үлкен соңдары болып табылады, ал олар орналасқан жол апсид деп аталады);

- геостационарлық. Бұл спутниктің айналу периоды бар айналмалы экваторлық орбиталар, ол уақыты Жердің айналу периодына тең (Т≈23 сағ. 56 мин). Осындай орбитада ҒА На = Нп ≈36000 км биіктігінде орналасады және де Жер экваторының белгілі бір нүктесінің үстінде орналасып тұрады. Геостационарлық орбитада орналасқан ҒА Жер көрінісінің үлкен көлемін көре алады, бұл дегеніміз оларды спутникті байланыс жүйелерінде табысты түрде пайдалануға мүмкіндік береді (сурет 12.2);

- параболалық және гиперболалық. Күн жүйесінің планеталарын оқу кезінде қолданылады.

12.1-сурет. Байланыстырушы спутниктің эллипстік орбитасы

Ғарыштық аппараттардың (ҒА) Жер бетіндегі нүктелерді айналу периоды бойынша орбиталар келесі топтарға бөлінеді:

- синхронды. Олар өз кезегінде синхронды изомаршруттық және синхронды квазиизомаршруттық болып бөлінеді. Изомаршруттық орбиталар былайша сипатталады: ҒА орбиталарының проекциялары Жер бетіне (трассаға) тәулік сайын сәйкес келіп тұрады. Квазиизомаршруттық орбиталар болса былайша сипатталады: ҒА орбиталарының проекциялары Жер бетіне (трассаға) бірнеше тәулікте бір-ақ рет сәйкес келеді.

- синхронды емес. Бұлар келесідей сипатталады: ҒА Жерді айналуы трассаларының кез-келген екеуі бір-біріне сәйкес болмайды.

Орбитаның бейімделуі деп – Жердің экватор жазықтығы мен ҒА орбитасының арасындағы бұрышты айтады (12.2-сурет). Бейімделу бұрышы экватор жазықтығынан орбита жазықтығына дейін сағат тіліне қарсы есептеләнеді. Ол 0 ден 1800 дейін өзгере алады. Орбитаның бейімделуі бойынша орбиталар келесі түрлерге бөлінеді:

- тік (орбитаның бейімделуі – i<900);

- кері (орбитаның бейімделуі – i>90°);

- полярлық (орбитаның бейімделуі – i = 90°);

- экваторлы (орбитаның бейімделуі – 0 немесе 180° тең). i=0 тең болған кезде, ҒА Жердің шығыстан батысқа айналу бағыты бойынша жылжиды, ал i=180° тең болған кезде, ҒА Жердің шығыстан батысқа айналу бағытына қарсы жылжиды. i=0 бейімделу бұрышына геостационарлы (шеңбер тәрізді экваторлы) орбиталар сәйкес келеді.

12.2–сурет. Спутник-ретронслятордың геостационарлық орбитасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]