- •Технологиялық байланысты құрудың негізгі принциптері
- •Технологиялық байланыс желілерінің ерекшеліктері
- •Магистральді және жолды технологиялық байланыс
- •8.1 Сурет – Жолды басқару байланысын ұйымдастырушы
- •Жиналыс байланысы
- •8.2 Сурет – Жиналыс байланысын ұйымдастырудың
- •Жиналыс байланысы
- •8.3 Сурет – Жиналыс байланысын ұйымдастырудың
- •Бөлімшелік технологиялық байланыс
8.1 Сурет – Жолды басқару байланысын ұйымдастырушы
структуралық сұлба
Атқарушы станциялардың аппаратурасына ДРС-И, басқарушы және басқа атқарушы станциялардың төртсымды ТЧ арналарын, жергілікті және алыстатылған абоненттердің желілерінен қосуға болады. Жергілікті абоненттер МА деп, ДРС-И аппаратурасына өзіндік жақын орналасқан (көбінесе теміржол станциялары шегінде) және аппаратураға дербес екісымды желілерді қосатын абоненттер жатады. Оларға осы станциядағы РМТС, ДНЦО бөлімшесінің кезекшісі, станциялар мен бөлімшелердің оперативті бастықтары (станциялық және маневрлік диспетчерлер, станциялардағы кезекшілер, пойыздардың аға даспетчерлері, локомотив және вагон деполарының кезекшілері және тағы басқалар) жатады. Алыстатылған абоненттер УА ДРС-И аппаратурасының қондырғысы бар станция сыртында орналасқан және оған ұжымдық қолданыстағы НЧ арналары арқылы жалғанады. Әдетте бұлар учаскелік, жүк және түйіспе станцияларының кезекшілері.
Жергілікті және алыстатылған абоненттер ДГП-ны дауыспен шақырады. ДРС-И аппаратурасы екісымды желілер мен НЧ арналардан, бірнеше басқарушы және басқа атқарушы станциялардағы төртсымды ТЧ арналарына ауысуды, сонымен қатар өз станциясының жергілікті және алыстатылған абоненттеріне қосылуды қамтамасыз етеді. Сөйлесу ДГП жақтан үзілу мүмкіндігімен біржақты режимде жүргізіледі. ДРС-И аппаратурасы жергілікті немесе алыстатылған абоненттерден жеке шақыру сигналадарын қабылдауды және оны керек формада сәйкес желіге таратуды, сонымен қатар, басқарушы станция жаққа шақыруды қабылдаушы бақылау сигналын таратуды қамтамасыз етеді.
ДРС-Р аппаратурасы сөз токтарын қабылдайды да, оларды күшейтіп, ПВУ ДГП дауысзорайтқышының қалпақшасына (головка) береді, сонымен қатар атқарушы бағыттардың төртсымды ТЧ арналарына тармақтап, басымдылықпен үзілуге дейін ДГП-мен сөйлесу жүргізудің біржақты әдісін енгізуді қамтамасыз етеді. ДРС-Р аппаратурасы жергілікті және алшақтатылған абоненттерінің жеке шақыру сиганалдарын жібереді, сонымен қатар, шақыруды қабылдайтын бақылау сигналын қабылдайды. Осыдан басқа, бұл аппаратура ДРС арнасына жол басқармасынан КД келетін шақыру сигналын қабылдайтын желіні, және сол желі бойымен шақыру сигналдарын қосуды қамтамасыз етеді.
ДГП күмәнді абоненттерімен сөйлесу үшін РМТС-ті қолданады. Осы мақсатпен ол қалааралық коммутатордың МК телефонисткасын шақырады, ал телефонистка қажет абонентті қосып, оған шақыру жібереді. Бұл кезде сөйлесу ДГП-ның басымдылығымен біржақты режимде жүргізіледі.
Жиналыс байланысы
Техникалы-пайдаланушы талаптары.
Қызмет ету аймағына қарай жиналыс байланысын үш деңгей иерархиясына – магистральды МСС, жолды ДСС және бөлімшелік ОСС жиналыс байланыстарына бөлуге болады. Магистральды жиналыс байланысы көлік және коммуникациялар Министрлігі мен теміржол басқармасын, әрбір жолдың жолды жиналыс байланысы – сәйкес жол бөлімшесі мен басқармасын, сонымен қатар сұрыптаушы, учаскелік станциялар мен үлкен жүк және жолаушылар жұмыстары бар станцияларды, бөлімшелік жиналыс байланысы – бөлімше мен оның барлық станцияларын қамтиды.
Жиналыс байланысына қойылатын негізгі техникалы-эксплуатациялық талаптар оның негізгі тағайындалуынан пайда болады:
- жиналыс жылдамдығынан, яғни ол белгіленген уақытқа ұйымдастырылу керек (жиналыс әдетте кесте бойынша немесе ерекше тағайындалу кезінде өткізілуі мүмкін, сол себептен ереже бойынша біраз ұзақтықтыққа ие болады);
- жиналыс өткізілетін кез-келген учаскедегі сөйлесу мен шақыруға арналған байланыс құралдарын пайдалану қарапайымдылығынан;
- жиналыс өткізу кезіндегі басқарушы басымдылығына пайда болады.
Айтылып кеткен талаптар, жиналыс байланысы аппаратураларының негізгі талаптарын тұжырымдайды, ол өзіне басқарушы және атқарушы станциялардағы студияларда орнатылған аппаратуралар мен байланыс арналарын қосады:
- барлық студиялардағы дауыспен зорайтушы қабылдау мен кез-келген жиналысқа қатысушыны дауыспен шақыру;
- «Біреу сөйлейді – барлығы естиді» принципін іске асыру;
- басқарушы станцияның басшылығымен үзілуге дейінгі сөйлесуді біржақты әдіспен енгізу;
- студияның акустикалық қасиеттері мен тарату жолдарының жоғарғы сапасы;
- жалпы айтқанда байланыс желісінің жоғарғы жұмыс жасау сенімділігі;
- аппаратура мен байланыс желісінің жалпы дайындалуының минималды уақыты;
- қызмет көрсетуші қызметкер жақтан байланыс жиналысы сапасының әрдайым бақылауда болуы.
Ұйымдастырылу принципі.
Айтып өткендей, жиналыс өткізу үшін, жол басқармалары мен бөлімшелерінде, сондай-ақ ірі станцияларда арнайы орындар – студия деп аталатын жиналыс залдары орнатылады. Жиналысқа дайындалу кезінде ЛАЦ-тағы кезекші қызметкер жиналыс байланысының аппаратурасын қосады, оған негізгі және резервті арналарды қосады да, бақылау аппаратурасындағы, содан кейін студиядағы тарату жолдарының сапасын тексереді.
Жиналыс байланысын ұйымдастыратын структуралық сұлба (8.2-сурет): басқарушы, төртсымды және екісымды транзитті және шеткі станциялардан, сонымен қатар студия аппаратурасынан құралған.
Студияларда дауыспен зорайтушылардың қалпақшалары мен микрофонды күшейткіштері МУ бар микрофондардан және басқару SB1 және SB2 кнопкалары орнатылған.
Басқарушы станция аппаратурасы: тарату және қабылдау күшейткіштерінен УПр және УПер, таратқыштан Р және ауыспалы түйінді трансляциядан ПУТ тұрады. Таратқыш студияның төртсымды қосылуын, жиналыс байланысының шеткі және транзитті станциялардағы атқарушы бағыттарының 12 ТЧ арналарын және ауыспалы түйінді трансляциясын ПУТ қамтамасыз етеді. ПУТ атқарушы транзитті немесе шеткі станциялардың жиналыс байланыстарын гальваникалық басқару әдісімен, алты НЧ арнаға дейін қосуды қамтамасыз ете алады.
Транзитті төртсымды станция аппаратурасы: төрт бағытты таратқыштан Р, өз студиясының қабылдау УПр және тарату УПер күшейткіштерінен және НЧ арнасын гальваникалық басқару әдісімен қосу блогынан құралған. Соңғысы У1 және У2 күшейткіштерінен, кернеу түрлендіргішінен және РПУ релесінен тұрады.
