Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 8, каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
49.27 Mб
Скачать

8 ДӘРІС

Технологиялық байланысты құрудың негізгі принциптері

Мазмұны:

1. Технологиялық байланыс желілерінің ерекшеліктері;

2. Магистральді және жолды технологиялық байланыс;

3. Жиналыс байланысы;

4. Бөлімшелік технологиялық байланыс.

Технологиялық байланыс желілерінің ерекшеліктері

Магистральді. жолды және бөлімшелік байланыстардың ерекше қасиеттеріне:

- темір жол бойында ара-қашықтықтары орташа 5-10 км болатын абоненттік пунктердің желі бойында орналасуы;

- қызмет көрсетуші учаскелердің едәуір ұзындығы;

- әрбір байланыс түрінің оперативті – қызмет етуші характері, оның ерекше тағайындалуы мен дербес қолданылуы аймағы;

- барлық теміржол желілерінде біржақты сөйлесулерді жүргізу әдістері;

- жүктеменің пунктер арасында бірдей таратылмауы, өйткені желілік пунктердің абоненттері сөйлесулердің көпшілігін жол қатынастары Министрлігіндегі, жолды, бөлімшелік және учаскелік станциялардағы баасшылармен жүргізеді, ал учаске ішіндегі желілі пунктердің абоненттері арасындағы сөйлесулері салыстырмалы түрде көп емес.

Осы ерекшеліктер әрбір технологиялық байланыстың бөлек арналарда ұйымдастырылу керек екендігін анықтады. Байланысты ұйымдастыру кезінде ең қымбатқа түсетіні желілік құрылыстар болып табылады. Технологиялық байланыс барлық теміржол желісінде қолданылатын болғандықтан, осы байланыс түрлерінің ішінен ең тиімдісін, әрі құрылымының үнемділігін таңдау маңызды мағына береді.

Магистральді және жолды технологиялық байланыс

Магистральды және жолды технолгиялық байланыстар ортақ құру принципінен тұрады, өйкені ұқсас тапсырмаларды орындайды, тек қызмет ету аймақтарымен өзгешеленеді. Олар бірдей аппаратураларды қолдана отырып, жолды басқарушы байланыс пен жиналыс байланыс принциптерімен құрылады.

Жолды басқарушы байланыс

Ұйымдастырылу принциптері мен техникалы-пайдаланушы талаптары. Жолды басқарушы байланыс құрылғылары мыналарды қамтамасыз ету керек (сурет 8.1):

- құрамына 38-ге дейін оперативті жұмысшылар мен өзінің басқару аймақтарының шегіндегі жергілікті, сондай-ақ қалааралық байланыстардағы күмәнді абоненттердің шексіз саны қосылатын диспетчерлік учаскені ұйымдастыруды (бұл кезде учаскенің абоненттері жеміржол станциялары мен төрт бөлімше шегінде орналасқан тораптарда орналасуы мүмкін);

- кез-келген абонентке жеке шақыру мүмкіндігін беруді; шақырушы абоненттік пункттің қоңырау жұмысын бақылайтын ДГП-дағы сигнал беруді;

- ДГП абоненттері жақтан ДГП-ні дауыспен шақыруды; сөйлесулерді ДГП басымдылығымен, үзілуге дейін біржақты әдіспен енгізуді;

- «Біреу сөйлейді – барлығы естиді» принципін іске асыруды;

- ДГП-да дауыспен зорайтуды қабылдауды және микротелефонға қалған абонеттерді қабылдауды;

- ДГП-мен, сондай-ақ сол учаскедегі абоненттермен, осы кездегі абонеттермен сөйлесудегі басымдылықты сақтай отырып, ДГП-ны көрші учаскелердегі ДРС-қа қосу мүмкіндігін;

- жол басқармасындағы басқарушы жұмысшыларды ДГП арнасына және ДГП-ны қоса отырып, айналымдағы кез-келген абонентпен сөйлесу басымдылығын енгізуді қамтамасыз ету керек.

ДРС-ті ұйымдастыру үшін, жол басқарылымы кезінде қолданылушы, желілі-аппаратты цехта (ЛАЦ) орнатылатын басқарушы станция аппаратурасы ДРС-Р (8.1 сурет) мен абоненттер концентрацияланатын және байланыстың бірнеше бағыттарға тармақталуында қолданылатын жерлерінде орналасқан, орындаушы станциялар аппаратурасы ДРС-И қолданылады.

ДРС-Р аппратурасына ДГП-ның сөйлесу-шақыру құрылғысы (ПВУ ДГП), атқарушы станциялардаға төртсымды ТЧ арналары, жол басқармасындағы директорлық коммутатордың КД желілері, сонымен қатар қолмен қызмет көрсетерін МТС (РМТС) желілері кіреді. Аппаратураға ПВУ ДГП-дан келетін аға кезекшінің ПВУ ДГПст желісі қосылуы мүмкін. ДРС-тің бірнеше учаскелерін ұйымдастыру кезінде, ДРС-Р аппаратурасы ДГП-ның басқа байланыс учаскелеріне қосылуын қамтасыз етеді.