Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 6, каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.83 Кб
Скачать

Синхронизация

ЦТЖ пайдалану, аналогты тарату және коммутациялау техникаларын қолдану кезінде пайда болған, көптеген жаңа тапсырмаларды шешуді қажет етті. Бұл тапсырмалар ЖҚТфЖ цифрландыру кезінде қиындай түсті. Мәселе синхронизация жайында. Синхронизация деп, ақпараттарды тарату, коммутациялау және өңдеу кезіндегі кейбір маңызды процестерінің орындалу уақытын байланыс желілерінің функционалды элементтері арасындағы келістіру процедурасын айтуға болады. «Синхронизация» термині байланыс желілерінің әр түрлі жұмыс жасау процестері мен оның бөлек элементтерін сипаттау үшін қолданылады. Цифрлы ЖҚТфЖ қатысты синхронизацияның үш аспектісін қарастыру маңызды:

- тактілік синхронизация,

- циклдік синхронизация;

- желілік синхронизация.

Тактілік синхронизация – синхрондау сигналын ортақ биталар шоғырынан бөлектеп алуға негізделген. Ол қабылдау және тарату құрылғалырының жұмысын уақыт бойынша биталар деңгейінде (тактілік интервалдарда) келістіру үшін қажет.

Циклдік синхронизация – қабылдау кезінде дұрыс тарату үшін, әр түрлі көздерден келіп түсетін жалпы биталар шоғырынан ақпараттар блогінің басы мен соңын анықтап алу үшін қажет.

Желілік синхронизация – ақпараттарды таратудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін, желінің әр түрлі нүктелерінде (соның ішінде, халықаралық жалғанулар кезінде) тактілік сигналдардың ұзақ уақытты дәлдігі мен тұрақтылығының берілген көрсеткіштерін сақтап отырады.

Желілік синхронизация үшін кварцты және атомды генераторлар қолданылады. Олар жоғарғы дәлдікті эталонды сигналдарды өндіріп шығарады. Мысалы, қарапайым кварцты генератордың тұрақтылығы жылына 106 құрайды. Рубидиевті, цезийлі және сутекті деп бөлінетін атомды генератордың тұрақтылығы айтарлықтай жоғары. Мысалы, цезийлі генератордың тұрақтылығы жылына 1013 қамтамасыз етеді.

Арналар коммутациясының технологиялары.

Операторлармен (телефонисткалармен) орындалатын коммутация, қазіргі уақытта айқын басымдылықпен әр түрлі ЦОВ қолданылады, яғни «қызмет көрсету құралдары» деп аталатын ЖҚТфЖ элементтерінде. Осындай жүйелерге мекемелік (учреждение) автоматты телефон станцияларында (УАТС) қолданылған кейбір жағдайларды жатқызуға болады, яғни кіріс шақыруларды арнайы тағайындалған операторлардың қабылғаны орынды болады. Қалааралық және халықаралық телефонды байланыс желілерінде операторлармен қызмет көрсетілетін коммутаторларды (бірақ аз көлемде) қолдану әлі де жалғасуда. Бұл ЖҚТфЖ даму себептері мен кейбір түрлердің қосымша қызмет көрсетулерді қолдануымен байланысты.

Жергілікті телефон желілеріндегі жалғауларды орнату процестері іс жүзінде толығымен автоматтандырылған. Коммутацияның екі түрлі технологиясы қолданылады: аналогты және цифрлы. Олардың негізгі айырмашылықтары 6.2 суретте көрсетілген. Модельдің жоғарғы фрагменті «1» кірісті «N» шығыспен жалғайтын гипотезалық коммутациялы станцияны бейнелейді. Модельдің төменгі жағында коммутацияның екі технологиясына арналған, осы тапсырманы шешудің қысқартылған тәсілдері көрсетліген.

Аналогты коммутациялы станцияда «1» кірісі мен «N» шығысының жалғануы К1 және К2 кілттерінің қысқа тұйықталу процесі түрінде көрсетілуі мүмкін. Нәтижесінде, алдын ала берілген кіріс пен шығыс арасында ақпараттармен алмасу жолы пайда болады. Аналогты коммутация кезінде ЖҚТфЖ үшін, бұл жол ақпараттарды қабылдап-таратуды ТЖ арнасының өткізу жолақтарында іске асырады. Цифрлы коммутациялы станцияда «1» кірісі мен «N» шығысының байланысу процесін есте сақтау құрылғысының көмегімен сипаттауға болады. Есте сақтау құрылғысында сигнал басқару құрылғысы анықтайтын уақытқа кідіріс жасайды. Суретте көрсетілген модельде «1» кіріс пен «N» шығыстың байланысы үшін, сигнал Nτ уақытына кідіріс жасау керек. Белгіленген жалғанудағы тарату жылдамдығы ОЦК бойынша ақпараттармен алмасу жылдамдығымен анықталады -64 кбит/с .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]