
- •Мазмұны
- •1.1 Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері
- •1.2 Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу жолдары
- •1.3 Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі
- •2.1 Материалдық шығындар есебі
- •2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі
- •2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру
Шаруашылықтың, бәсекелестіктің жаңаша даму жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау үшін үстеме шығындардың есебі мен оларды дұрыстап бөлу маңызды орын алады. Бұл әсіресе жол құрылысы ұйымдарында да негізгі мәселелердің бірі болып саналады, сондықтан да құрылыс ұйымдары үстеме шығындардың нақты жұмсалғанын жоспарлы нормалармен немесе лимиттермен жүйелі түрде салыстырып отыруға тиісті.
Үстеме шығындар – құрылыс жұмыстарына жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге байланысты шығындар; екі және одан да көп жұмыстар мен қызметтер орындаған жағдайда осы жұмыстар мен қызметтер тікелей қатысы бола алмайтын және бір тараптан, орындалған жұмыстар мен қызметтер арасында, екінші тараптан аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар [14].
Үстеме шығыстар өз алдына өндірістік, яғни өнім өндіру, жұмыс пен қызметтерді орындауға байланысты және өндірістік емес, яғни өндірісті басқару мен өнімді сатуға байланысты болып бөлінеді.
Өндірістік емес үстеме шығыстар кезең шығындары ретінде қарастырылып, тапсырысқа, орындалатын құрылыс – монтаж жұмыстарының шығындарына жатқызылмайды, олар сатудың өзіндік құнына апарылады.
Басқа да құрылыс салалары сияқты жол құрылысы ұйымдарында жолдарды салу және жөндеу жұмыстары бойынша үстеме шығыстардың құрамына №12 Бухгалтерлік есеп стандартының әдістемелік ұсынымына сәйкес төмендегі шығын топтамалары енгізіледі:
I. Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсетуге арналған шығыстар.
II. Санитарлық – гигиеналық және мәдени – тұрмыстық жағдайларды
қамтамасыз ету жөніндегі шығындар.
III. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі шығыстар.
IV. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын
шығыстар.
V. Үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығыстарға жататын шығындар.
Үстеме шығыстардың құрамын нақты әрі дәйекті ажырату үшін негізгі және үстеме шығындардың экономикалық мазмұнын дұрыс анықтап алу қажет.
Үстеме шығындардың жіктемесіне қатысты ескеретін мәселе құрылыста кездесетін ақаулардан болған ысыраптарды жою бойынша шығындар №12 «Күрделі құрылыстағы мердігер келісім шарттары» стандартында қаралмаған. Ақаулар бойынша ысыраптар құрылыста негізгі шығындар болып саналмайды, сондықтан да оларды «Үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығыстарға жататын шығындар» құрамына енгізіп, есеп шоттар бағдарламасының 93 «Үстеме шығындар» бөлімшесінде «Өндірістегі ақау» аралық шотын ашып, есебін жүргізу қажет.
Берілген ұсынымыз түсінікті болу үшін өндірісті ұйымдастыру және жобалау бойынша шығындардың қалыптасуын және олардың өзіндік құнға енгізілуін мынадай бухгалтерлік жазулар (корреспонденциялар) арқылы көрсетуді ұсынамыз:
келісім шарт бойынша жобалау мекемелерінің көрсеткен қызметтерінің құны: Дт 343 «Өндірісті ұйымдастыру және жобалау шығындары» - Кт 671 «Жобалау мекемелері»;
орындаған қызметтер үшін қабылдаған шоттар бойынша қосылған құн салығы: Дт 331 – Кт 671;
өндірісті жобалау жұмыстары бойынша ұйымның жобалау – сметалық бөлімінің жұмысшыларына есептелген еңбек ақы және одан аударымдар: Дт 343 – Кт 681, 635;
тәжірибе – эксперименталдық жұмыстарды өткізу және моделдерді дайындау мен іске қосу жұмыстарына жұмсалған материалдардың құны: Дт 343 – Кт 201, 203, 205, 206, 208;
есепті мерзімде құрылыс – монтаж жұмыстары мен жөндеу жұмыстарының өзіндік құнына енгізілетін шығындардың сомасы:
Дт 900/1 «Жолдарды салу», 900/2 «Жолдарды күрделі жөндеу», 900/3 «Жолдарды ағымдағы жөндеу» - Кт 343 «Басқалары», соның ішінде «Өндірісті ұйымдастыру және жобалау шығындары».
Сонымен, құрылыс ұйымдары үшін үстеме шығындардың есебін төмендегідей шығын топтамалары бойынша ұйымдастыруды ұсынып отырмыз:
I. Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
II. Санитарлық – тұрмыстық жағдайларды және еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету шығындары;
III. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын
шығыстар;
IV. Үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме
шығыстарға жататын шығындар.
Біз ұсынып отырған үстеме шығындардың баптары бойынша әрбір құрылыс ұйымдары, соның ішінде жол шаруашылығымен айналысатын ұйымдар өздерінің салалық ерекшеліктері мен орындайтын құрылыс – монтаж жұмыстарының түріне байланысты үстеме шығындардың қатарына енгізуге болатын басқа да шығын түрлерін қоса алады немесе оларды өзгерте алады. Бірақ, ол алдыменен ұйымның есеп саясатында және құрылыс сметасында анық көрсетілуі қажет.
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарының өзіндік құндарын үнемдеуде үстеме шығындардың есебі мен олардың дұрыс бөлінуі және бақылау механизмдері ерекше орын алады. Сондықтан да, үстеме шығындарының есебінің алдында тұрған негізгі міндеттер болып жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары бойынша үстеме шығындардың үлесін дұрыс анықтау; үстеме шығындардың смета бойынша жұмсалуына бақылау жасау; смета бойынша белгіленген үстеме шығындардан ауытқуларды анықтау; құрылыс объектілері арасында үстеме шығындарды дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету; үстеме шығындардың үнемді жұмсалуына бақылау жасау және оларға талдау жүргізу.
Біз зерттеген жол құрылысы басқармасында үстеме шығындар жалпы құрылыс ұйымы бойынша жинақталып лимиттенген тәртіппен құрылыс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына пропорционалды түрде құрылыс объектілері арасында бөлініп отырады. Айта кететін мәселе, үстеме шығындардың деңгейі нақты құрылыс бригадалары мен участкілерінің қызмет жағдайларына байланысты болса да, олар есепке алынбай қалады. Осындай есептің және бөлудің нәтижесінде орындалған жұмыс түрлерінің өзіндік құндарында ауытқулар қалыптасып, ол өз алдына ұйымның шаруашылық – қаржылық нәтижелеріне және басқару шешімдеріне кері әсерін тигізеді. Үстеме шығындардың есебін олардың пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары бойынша ұйымдастыру және оларға үйлесімді бөлу базаларын таңдап алу арқылы бұл мәселелерді шешуге болады. Сонымен қатар үстеме шығындардың кейбір түрлерін құрылыс объектілері мен орындалған жөндеу жұмыстарына тікелей қосудың мүмкіндігі қалыптасады.
Осыған байланысты қазіргі уақытта үстеме шығындардың баптарын бөлшектеу мен олардың есебін бөлек (арнайы) аналитикалық тәсілдермен жүргізу туралы есеп әдебиеттерінде әртүрлі пікірлер кездеседі. Мысалы, кейбір экономистер участкілік және жалпы құрылыстық шығындардың есебін арнайы бөлектенген синтетикалық шоттарды жүргізу керек деп ұсынады [8, 9]. Ал, тәжірибеде олардың есебін бөлек синтетикалық шоттарда жүргізсе, онда жалпы шаруашылық шығындардың есебін жүргізуде қиыншылықтар туындайды. Сондықтан, участкілік және жалпы құрылыстық үстеме шығындарға арнайы синтетикалық шотты ашудың қажеттілігі жоқ, тек олардың есебін пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары бойынша бөлектенген талдамалық тәсілдер арқылы жүргізу қажет. Сонда бұл шығындар жол құрылысы объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. Сонымен бірге, өндіріс шығындарының пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары арасында тығыз байланыс қалыптасып, оларға тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндіктері туады.
Жол құрылысы ұйымдарында үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың кейбір бөліктері өзінің сипаты мен атқаратын қызметіне қарай өндіріс процесінің талаптарынан туындайды және құрылыс жұмыстарының көлеміне байланысты болады. Ал, шығындардың басқа топтары жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процестеріне қатысты болатынын ескеру қажет. Соған байланысты үстеме шығындар құрылыс жұмыстарының өзіндік құндарына қосылу тәртіптеріне қарай екі топқа бөлінеді:
Өзіндік құнға тікелей қосылатын өндірістік үстеме шығындар (участкілік, объектілік);
Құрылыс объектілері арасында есептеу тәсілдері арқылы бөлінетін өндірістік емес үстеме шығындар (жалпы құрылыстық).
Сондықтан да, жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары құрылыс участкелері бойынша орындалса, онда участкілер бойынша шығындардың есебін жүргізу үшін негізгі өндірістің үстеме шығыстарын тиісті алғашқы есеп құжаттары мәліметтерінен тікелей алу арқылы участкі шығындарына тікелей қосуға болады (участкелік үстеме шығыстар). Мұндай шығыстарға: еңбекті қорғау, күзет қызметі, өрт сөндіру, геодезиялық жұмыстар бойынша шығындар, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылымдарды сынау шығындары, құрылыс объектілерін тапсыру шығындары. Ал, үстеме шығындардың мына түрлерін: құрылыс жұмысшыларының қосымша еңбек ақылары мен демалыс ақыларын, еңбек ақыдан аударымдарды, құрылыстағы механизмдер мен беріліс құралдарының амортизациясын, ғимараттар мен құрылыс жайлардың амортизациясын, жөндеу шығындарын, отын, көмекші материалдарды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына жалпы қатысы бар басқалай үстеме шығыстарды тиісті бөлу базаларын қолдану арқылы бөлген дұрыс. Мысалы, механизмдер мен беріліс құралдарының амортизациясын олардың тиісті жұмыс істеген уақытына қарай; жөндеу шығындарын машиналар мен механизмдердің орындаған жұмыс көлеміне қарай; қосымша еңбек ақы шығындарын құрылыс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысына қарай; еңбек ақыдан аударымдарды негізгі және қосымша еңбек ақыға қарай; отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдарды машиналардың бір сағатта пайдаланатын нормасына және машинаның жұмыс істеген уақытына ғимараттар мен құрылыс жайлардың амортизациясын олардың құндарына қарай бөлу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму үрдісінде транспорт пен байланыс жүйесінің алатын орны өте маңызды. Ол бір жағынан мемлекетіміздің территориясының кең ауқымдығы мен оның тұрғындарының төмен тығыздығына байланысты болса, екінші жағынан шикізат көздері мен өндірістік ресурстардың әр аймақта орналасуына байланысты болып отыр. Осындай жағдайда еліміздің транспорттық – байланыс кешені мемлекеттің экономикалық тұтастығын ғана емес, сонымен қатар саяси тұтастығында қамтамасыз етеді.
Ал, еліміздегі қалыптасқан жол шаруашылығын дамыту байланысты мемлекеттік шаралардың дұрыс орындалмай қалған себептерінен автокөлік жолдары желісі едәуір өзгерістерге ұшырады, яғни жолдарды күтіп – ұстау мен жөндеуге қаржының шектеулі болуынан олардың техникалық – инженерлік жағдайларының күрт төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Нарықтық қатынастардың тұрақтану барысында жалпы республикадағы автомобиль жолдарының техникалық нашар жағдайлары, олар көрсететін қызметтер сапасының халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ автомобиль жолдарының қызметтеріне деген сұраныстың күн санап өсуі автокөлік жолдары мәселесін шешуде жүйелі саясат пен бағдарламаны қолдануды қажет етті. Соған байланысты Қазақстан Республикасының үкіметі автожол саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қабылдап, олардың ойдағыдай қызмет етуіне алғы шарттар жасап отыр.
Демек, жалпы экономика саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер жолдарды салу және жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен аудит жүйелерінің, талдау мен бақылау механизмдерінің заңдар мен стандарттарға сай жүргізілмеуі, сонымен қатар зерттеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылмауы өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудағы әдістемелік негіздерін, шығындар мен орындалған жұмыстарды бақылау мен талдаудың механизмдерін жетілдірудің қажеттілігі мен маңыздылығы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндетін анықтауға және ғылыми зерттеудің өзектілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде жол шаруашылығының салалық ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп пен талдауды жетілдіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
Жол құрылысы ұйымдарында өндіріс шығындар есебін өндіріске тікелей қатысатын: материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақы шығындары, құрылыс машиналарын пайдалану бойынша шығын баптары және құрылысқа жалпы қатысы бар үстеме шығын баптары негізінде ұйымдастыру ұсынылды.
Зерттеп отырған жол құрылысы басқармасында құрылыс машиналарын пайдалану бойынша шығындарды үстеме шығындар құрамынан ажыратып, оларды тікелей өндірістік шығындар құрамына көрсеткен дұрыс, себебі жолдарды салу мен жөндеу жұмыстары бойынша жалпы шығындардың құрамында бұлардың сыбағалы салмағы жоғары, яғни 24,04 пайызды құрап отыр. Сондықтан бұл шығындарды үстеме шығындардың құрамынан бөліп, тікелей өндірістік шығындар құрамына бөлек баптармен көрсеткен дұрыс;
Жол шаруашылығында шығындар есебінің объектілері ретінде белгіленген автомобиль жолдарының құрылысын, технологиялық сатылары, жол жұмыстарының бөлектері мен кешендерін (көпірлерді салу, құбырларды өткізу, жерлерді қазу, каналдардың жағаларын көтеру, жерасты өткелдерін салу және т.б. жұмыстардың түрлерін) алу қажет.
Жол құрылысында материалдарды тікелей құрылыс орындарына жеткізу, жергілікті материалдар мен қайтадан пайдалануға жарамды құрылыс материалдарын пайдаланудың нәтижесінде, сондай-ақ жұмысшыларға еңбек ақыны нақты орындалған құрылыс жұмыстарының көлеміне және сапасына қарай есептеу арқылы, ақауды болдырмау, құрылыс машиналары мен механизмдерін тиімді пайдалана отырып, үстеме шығыстарды сметеда бекітілген нормаға сәйкес жұмсау арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге болады.
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарында негізгі құрылыс материалы ретінде асфальт – бетон қоспасы қолданылады. Зерттеп отырған жол құрылысы ұйымында жалпы құрылыс материалдардың ішінде оның үлес салмағы орта есеппен 81,12 пайызды құрап отыр. Бұл материалдардың технологиялық құрамына байланысты оларды қоймада немесе құрылыс орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды, яғни оларды бірден құрылысқа пайдалану қажет. Сондықтан, жол құрылысы ұйымдары материалдық ресурстармен үнемі әрі үздіксіз жабдықтайтын жабдықтаушыларды таңдап алу арқылы, жол құрылысына қажетті негізгі құрылыс материалдарын тек олардың нақты пайдалану мерімінде сатып алу қажет. Мұндай жағдайда, біріншіден, материалдарды сақтау, тасымалдау, олардың қорларын жасақтау бойынша шығындар барынша үнемделіп, материалдарды өндіріске жіберу құжаттарының саны да азаяды. Екіншіден, материалдарды жиі сатып алуға байланысты олардың өндіріске жіберу бағалары ағымдағы нарықтық бағаға жақын келеді. Демек, жол құрылысы ұйымдары үшін құрылыс материалдарын, соның ішінде асфальт – бетон қоспасын өндіріске жіберу үшін «дәл мерзімінде жеткізу» әдісін қолдану ұсынылды.