
- •Мазмұны
- •1.1 Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері
- •1.2 Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу жолдары
- •1.3 Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі
- •2.1 Материалдық шығындар есебі
- •2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі
- •2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3 Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі, басқарудың барлық жүйесінің қайта құрылу қажеттігіне әкеліп соқты. Мұнымен қатар басқарудың кез келген жүйесі сәйкесінше ақпаратқа негізделеді. Кез келген компанияда ақпарат жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп құрайды. Кәсіпорынның әртүрлі жеке меншік түрлерінің пайда болуы бухгалтерлік есепте бизнестің ерекшеліктерінің көрінісіне әсер етті, яғги олардың әрқайсысына есеп саясаты ұйымдастырылды.
Есеп саясаты- бұл ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізудің бөлшектенген тәжірибелік ережелерінің кең шеңберлі көлемі.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесінің қалай дамитынын түсіну үшін, бухгалтерлік жүйенің қызмет ету ерекшеліктеріне әсер ететін факторларды анықтап алған жөн болады. Осы талаптарға сәйкес есеп саясаиының мақсатын, мазмұнын, міндеттерін нақты анықтап алу қажет. Есеп саясатының мазмұны, әкімшілік пайда болған жағдайларда, шаруашылық етушілердің қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайының өзгеруі, қаржылық жағдайы туралы шынайы көзқарасты қамтамасыз ететін принциптерді қолдануы қажет. Есеп саясаты кәсіпорынның қаржылық есептілікті ұйымдастыру кезінде қолданылатын әдістер, процедуралар, ережелер мен принциптерді, сонымен қатар қызметті тәжірбиелік меңгеру операцияларының және мысалдардың кешенін қосады.
Есеп саясатының мақсаты нарықты жаулап алу, өндірістің ағымдық модернизациясы, жаңа өнімді меңгеру, қаржылық дағдарысқа жол бермеу, шығындар көлемін азайту, материалдық активтерді, қаржылық салымдар және қаржылық қаражаттарды бағалау және тізімнен шығару, табысты қорландыру.
Есеп саясатының қалыптасуының басты мақсаты кәсіпорынға жылдық табысты табуына әсер ету болып табылады. Бұған кәсіпорынның өзі оның акционерлері, инвесторлары, өнімді сатып алушылар, кредиторлар және салық қызметтерді қызығушылық танытуда.
Есеп саясатының міндеттері: кәсіпорынның есеп вариантын таңдау құқығын сақтау қажеттілігі, айналым және негізігі активтерді тізімнен шығаруды бағалау, метериалдық және материалдық емес активтердің тозуы және амортизациясын есептеу әдістерін қолдану, синтетикалық өндіріс есеп шоттарын ұйымдастыру, тауарлы-материалдық қорларды бағалау және оларды өткізу, шығындарды реттеу және басқалары.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттылығы әртүрлі кәсіпорында әрқалай. Есеп саясатын ұйымдастырудың типтік, оптималды варианты болмайды. Бұл ұйымның технологиялық және техникалық ерекшеліктерінің салдары болып табылады. Қаржылық есеп берудің қаржылық басқару және салық есебінің өзара қатынасы және теңестірілуінсіз ұйымдастырылуы мүмкін емес. Осы есеп түрлерінің әрқайсысы, есеп беруді ұйымдастыру үшін қолданылатын ақпараттарды дайындау үшін белгілі ережелерді қажет етеді.
Ұйымның есеп саясаты, кәсіпкелік қызметтің құқықытық нормасына, басқару ерекшеліктеріне, клиентермен ұзақ мерзімді келісім шартқа отыруына, салық жағдайларына байланысты болады.
Есеп саясатының негізгі жүйелерін бөліп көрсетуге болады: “жоғарыдан” және “төменнен” реттеу.
Бірінші “жоғарыдан” реттеу жүйесі заңдарды және нормативтік актілерді, сонымен қатар бухгалтерлік стандарттарды және салық заңын сақтау деген мағынаны білдіреді. Екінші “төменнен” реттеу жүйесі, құрылымдық және салалық белгілерге сәйкес келетін, кәсіпорын деңгейінде ең басты технологиялық негізде қалптасады. Әр кәсіпорында есеп әдістерін таңдауда еркіндік болғаны дұрыс және жылдан жылға қолданылатын әдістерін ашып көрсетеді. Ішкі методологияны таңдау, жалпы қолдауға ие болған қаржылық есептіліктің есеп принциптері және элементтері негізінде ұйымдастырылады.
Нарықтық экономикада ең жақсы шешімдер қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуын және бөлінуін қамтамасыз етеді және табыс алуға әсерін тигізеді. Егер инвестициялық шешімдер, сонымен қатар табыс алу үрдісі қамтамасыз етілмесе, онда есеп саясатын ұйымдастыруға болмайды. Есеп саясатының кәсіпорының тиімділігіне және ақшалай қаражаттарының өсуіне әсер ететіндігін есте сақтау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді тиімді аренданың табыс көрсеткіштеріне және ақшалай қаражаттардың өсуіне әсер етуін. Сонымен қатар келісім шартқа және қаржылық келісімге отыру жаңа мәліметтер есебімен жүзеге асырылады және бұл актінің нәтижесі ұзақ мерзім ішінде пайда болады. Сондықтан кәсіпорын бухгалтерлері кәсіпорын туралы тұрақты мәліметтер көрінісіне мүмкіндік беретін әдіске өз таңдауын беруі керек. Бірақ бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін азайту және жабу мақсатында өнім өндірісіне қатысы жоқ шығындарды өнімнің өзіндік құнына қосады және табысты, сонымен қатар дивидендтер сомасының азаюын мойындамайды. Бухгалтерлік есеп тізбелік, сатылық өзара қатысты жүйелерден тұратындықтан, пайда алу мақсатында бір статьяда екінші статьяны пайдалануға болмайды. Әр жанама нәтиже кері байланыспен байланысты, сондықтан жағымсыз экономикалық нәтижелер туындайды. Барлық кәсіпорындарға тиімді есеп саясатын ұйымдастыру өте қиын және кей жағдайда мүмкін емес. Бірақта есеп саясатын ашу, қаржылық есептіліктің шынайы көрінісіне және өз бетінше қабылданған шешімдерге әсер етуі мүмкін.
Шарушылық операциялардың, активтердің, өзінді капиталдың, міндеттемелердің, қызмет нәтижелерінің альтернативті тәсілдерінің көрінісіне жол беретін бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатының қалыптасуы үшін негіз және база болып табылады. Есеп саясатының қалыптасуы дегеніміз әр стандартта берілген бір тәсілді таңдап алуда және кәсіпорын қызметінің жағдайына сәйкес негіздеу және қаржылық есептілікті ұсыну, бухгалтерлік есепті жүргізу үшін негіз болып табылады.
Есеп саясатының ұйымдастырылуы және қолданылуы кезінде есеп принциптерін сақтаған жөн.
Консолидарлық қаржылық есептілікті дайындау кезінде, негізгі компания және оның еншілес , тәуелді кәсіпорындарының қаржылай- шаруашылық қызметтері жағдайының және қаржылық көрсеткіштерінің сәйкестігіне жету мақсатында кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері үшін есеп саясаты бір болып табылады.
Кәсіпорынның есеп саясатын ұйымдастыруда басшы жауапты болады.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасының заңды тұлға ретінде тіркелген әр кәсіпорын, әр қайсысының қызметінің ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылған өзінің есеп саясаты болу керек.
2004 жылдың 1- қаңтарында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы” заңының 2-1 статьясына сәйкес, мемлекеттік және орыс тілінде жарық көрген қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес қаржылық есептілікті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорынмен іске асады.
Есеп саясатына ұйымдық- техникалық бөлімді қосу міндеттілігі Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” заңынан шығады. Бұл бөлім көлемі бойынша үлкен және біріншіден бухгалтерлік ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін маңызды болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындарын есепке алу тәсілін таңдау ұйымының технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындарын есепке алудың кең тараған түрлері келесілер:
процестік
тапсырыстық
нормативтік
Өнімнің өндіріс шығындары 2 вариантқа келіп тіркеледі: жартылай өңделген өнімдік, жартылай өңделген өнімсіз. Өнімнің бір бірлігін калькуляциялау әдістері:
тікелей есептеу
коэффициенттік
аралас
нормативтік
шығындарды біріктіру (суммирование)
Жанама шығыстарды (распеределения) бөлу әдістері:
еңбек шығындарын үйлесімді (пропорционально);
тікелей шығындарға үйлесімді;
өндірістік жұмысшылардың орындаған адам- сағатының көлеміне (количеству) үйлесімді.
Аяқталмаған өндірісті бағалау тәсілдері:
шығындардың тікелей баптары бойынша;
материалдардың шығындарының құны бойынша;
өндірістік құнның нормативі (жоспары) бойынша;
басқа тәсілдермен.
Процестік тәсіл- бұл шығындар әдетте өңдеудің бірнеше сатылары массалық өндірісте өтетін біртекті өнімдер арасында бөлінетін жүйе.
Тапсырыстық тәсіл- технологиялық мақсаттарға, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысына кететін материалдар және жалпы өндірістік шығындар нақты өніммен (қызметпен) немесе оның тобымен оңай идентификацияланатын ұйымдарға қолданылады.
Нормативтік әдіс- бұл өндіріске материалдарды жіберу, нормалау, жоспарлау бойынша процедуралардың жиынтығы. Ұйымның алдына қойған мақсаттарды қамтамасыз ететін, нормалар негізінде шығындарды жоспарлау.
Өнімнің бір бірлігін калькуляциялаудың жартылай өңдеген өнімдік әдісі өңделу сатысындағы аяқталмаған өнімнің бағасын анықтауға мүмкіндік береді, ал жартылай өңделген өнімсіз әдісі сатыларға көлемдік есепті енгізуді қарастырады.
Өнімнің бір бірлігін калькуляциялау әдістері бір – бірінен өзіндік құнды есептеу методикасымен ерекшеленеді әр әдіске алынатын нәтижелердің сенімділік дәрежесі және есептеудің белгілі бір қиыншылық дәрежесі тән.
Тікелей есептеу әдісі бойынша өнімнің бір- бірлігінің өзіндік құны шығындардың шығарылымның натуралды көшіне бөлу арқылы анықталады.
Коэффициенттік әдіс бойынша өнімнің бір-бірлігінің өзіндік құны арнайы коэффициенттер және таңдалған тарату базалары көмегі арқылы анықталады.
Аралас әдіс нормативтік калькуляциялауды есептеу және нормадан ауытқуларды есепке алуға негізделген. Шығындарды біріктіру әдісі арқылы өнімнің бір –бірлігінің өзіндік құны тораптар, бөлшектер, сатылар және тағы басқалары бойынша жеке калькуляциялау нәтижелерін біріктіру жолы арқылы анықталады.
ТАРАУ ІІ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ