Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс орнының...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
259.58 Кб
Скачать

1.2 Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу жолдары

Нарықтық экономиканың тұрақтану мен даму сатысында жол қатынастарының маңыздылығы, соның ішінде автокөлік жолдарының алатын рөлінің үлес салмағы жылдан – жылға жоғарлап келеді. Автокөлік жолдарының тиімді желілерін құру арқылы ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың дамуын жылдамдатуға болады. Соның нәтижесінде ол тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізеді.

Жолдардың транспорттық – эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде сақтау үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды ұстау және ағымдағы жөндеуге шығындарды азайту, сапарлардың және жүктерді жеткізудің уақытын үнемдеу, сондай-ақ жол – автокөлік оқиғаларынан ысыраптарды азайту, жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол сапарларының жай – күйін жақсарту арқылы қол жеткізуге болады [9]. Осы мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу мен оларды жөндеуге, қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану мүмкін емес.

Нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестіктің, еркін бағалар жүйесінің дамуымен бірге, ұйымның табысына әсер ететін басты фактор ретінде өзіндік құнның да рөлі өсе түспек.

Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік және қаржылық қызметінің бүкіл аспектілерін, атап айтқанда, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін, жұмыс сапасын көрсететін маңызды сапалық көрсеткіш.

Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын, оның құрамын зерттеу өндірісті дамыту резервтерін анықтауда, жоспарлау, баға белгілеу және ұйымның қызметін басқару әдістерін жетілдіруде үлкен экономикалық және тәжірибелік мәнге ие.

Қазіргі кезде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын сапалы есептеуге көп көңіл бөлінуде, бұл ұйым басқармасының мұқтаждығынан туып отырған қажеттілік. Осы мәселе өзіндік құнға оның экономикалық мәні мен жаратылысы тұрғысынан қарауды талап етеді. Соңғы екеуі өндірістік шығындар мен өзіндік құнды есептеуге қатысатын шығындардың құрамын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан «өзіндік құн» ұғымының мәнін ашу өте маңызды. Тек осылайша, құрылыс өндірісі өнімінің өзіндік құнын жоспарлау (смета), калькуляциялау және құрылыс шығындарын есепке алу жүйесін оңтайлы ұйымдастыру негізіне жататын алғы шарттарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге болады.

Экономикалық теорияда өзіндік құнға қоғамдық өндірістік шығын, яғни заттай және жанды еңбек шығыны деп түсінік беріледі. Басқаша айтқанда, өзіндік құн – бұл өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған ақшалай шығындар.

Бухгалтерлік есеп пен талдау әдебиеттерінде, өзіндік құн өнімді өндіру және өткізумен байланысты нақты шығындарды ақшалай өлшемде көрсететін ұйым қызметінің маңызды синтетикалық көрсеткіші ретінде түсіндіріледі.

Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуының жалпы теориялық мәселелері, құрылыс өндірісінің өзіндік құнының қалыптасу мәселелері отандық және шетелдік ғалым - экономистердің еңбектерінде қаралған. Алайда, «өзіндік құн» ұғымы және оның қазіргі жағдайдағы қалыптасу тәртібі жайлы, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы жайлы ортақ пікір жоқтың қасы. Осы сұраққа жауап іздеген экономист – ғалымдардың «өзіндік құн» ұғымына берген сан алуан түсініктері өзіндік құнның мәнінің, оның құрамдас элементтерінің, нақты деңгейінің, құрылымы мен есептеу әдістемесінің бұрмалануына әкеледі.

Арнайы әдебиеттерде көптеген авторлар өнімнің өзіндік құнының қалыптасу ерекшеліктерін ашуға тырысқан. Кейбір ғалым – экономистердің пікірінше, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны өндіріс процесінде тұтынылатын табиғи ресурстардың, шикізаттар мен материалдардың, отын, энергия және негізгі құралдардың, еңбек ресурстарының шығындарын, сондай - ақ өнімді өндірумен және өткізумен байланысты өзге де шығындарды қамтиды.

Халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша, шығындарды азайту, өзіндік құнды төмендету, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін егжей – тегжейленген ішкі есепті ұйымдастыру әдістемесі керек деп К.Т. Тайгашынованың пікірінше, ал ол менеджерлерді осы үдерістерді жүзеге асырудың ақпаратымен жедел түрде қамтамасыз етеді делінген/28/.

Өзіндік құнның қысқаша анықтамасы Н.П.Кондраковтың, М.А.Вахрушиннің еңбектерінде берілген: «Өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындардың ақшалай көрінісі».

К.Ш. Дюсембаевтың пікірі бойынша, «шығыстардың жалпы көлемінде айтарлықтай үлесті, ұйым қызметінің сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіш - өзіндік құнды құрайтын, өнімді өндіру және өткізу шығындары алады».

В.Ф. Палий «өзіндік құн» ұғымына өнімді өткізу шығындарын қоспайды, ол өнімнің өзіндік құнын өндіріс нәтижесінде алынатын синтетикалық көрсеткіш ретінде қарастырады. Оның егжей – тегжейіне жете қарау мүмкіндігі тым салыстырмалы, бұл мүмкіндік өзіндік құнды есептеу процедурасымен – калькуляция әдісімен шектелген [31].

М.И. Баканов, А.Д. Шереметтің пікірінше, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны - бұл өндіріске жұмсалған ресурстардың ақшалай көріністегі шығыны, оның құрамы - стандартпен, ал калькуляциялау әдісі ұйымның өзімен анықталады.

Шетелдік экономист К. Друри былай деп жазады: «Өндірілген өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін енетін және аяқталған шығындарды айыру қажет. Енетін шығындар – бұл сатып алынған, қолда бар және болашақта табыс әкеледі деп күтілетін қаражаттар, ресурстар. Баланста олар актив ретінде тіркеледі. Егер осы қаражаттар (ресурстар) табыс алу үшін жұмсалынса, әрі одан әрі табыс әкелу қабілетін жоғалтса, онда олар аяқталған шығындардың қатарына өтіп, табыстар мен залалдар шотында көрсетіледі». Әрі қарай ол, «шығындар – бұл табыс алу үшін жұмсалынған қаражаттар»,-деп түсіндіреді [30].

Б. Нидлз, Х. Андерсон және Д. Колдуэллдің пікірі бойынша «Шығыстар туралы мәліметтердің қозғалысы өндірістік шығындар есебіне қажетті ақпараттар базасын жасауды қамтамасыз етеді. Осы процесте бүкіл өндірістік шығындар өнімді өндіру шығындары ретінде қарастырылады. Олар есепті кезеңнің соңында тауарлардың қалдығын және сатылған тауарлардың өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады»

Отандық және алыс – жақын шетелдердің авторларының «өзіндік құн» ұғымына берген анықтамаларының онша үйлесе бермегенімен, өнім өндіруге жұмсалған шығындардың ақшалай көрінісі деген желінің сақталғандығы байқалады. Басқаша айтқанда, осы сұрақ бойынша дәл болмаса да, бірізділікке жетелейтін ортақтастықтың бар екендігі көрінеді.